"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.01.2018

Қазақ тілі

Уақыты:20.12.2017ж

Кабинет:15

Сыныбы:3 «А»

Сабақтың тақырыбы

Қарама-қарсы мағыналы сөздер

Сабақтың мақсаты

1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу. Мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы жалпы түсінік беру;
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, алған білімдерін қолдана білуге, өз оқу әрекетін саналы түрде ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;
3. Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, зейінділікке тәрбиелеу.

Жұпқа бөлу

Оқушылар мәндес сөзді тауып жұбын табады.

Ойын: "Көршім қайда?"Ақ –қара, алыс  -жақын, жоғары- төмен,  антоним сөздерді табу) Бір – біріне қарама-қарсы  мағыналы сөздерді табу.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық

атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым, 

Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. 

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, 

Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

*5 - жаттығу

*Жедел сұрақтар

Қызығушылықты ояту

Сыныпта қай оқушының бойы ұзын?

Сыныпта қай оқушының бойы қысқа?

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Қ. МырзаӘлінің “Қырсық”өлеңімен сабақты ашу.

Сен оған:- Аласа - десең,

Ол саған:- биік,- дейді.

Сен оған:- Кіші ғой!- десең,

Ол саған:- Үлкен!- дейді...

**Өлеңде қандай сөздер кездеседі?

**Оқушылар өздері ереже шығарады.


Жаңа ақпарат

Тілімізде мағыналары бір – біріне қарама - қарсы сөздер болады. Ол сөздер қарама - қарсы мағыналы сөздер деп аталады. Мысалы: алыс - жақын, Ащы - тұщы т. б.

Оқулықпен және дәптермен жұмыс.

Жаттығуларды орынадату. /Орындаған оқушыларды жетондармен бағалау/

1-жаттығу

Жарық-қараңғы, алыс-жақын, қисық-түзу, қалың-жұқа,

жеңу-жеңілу, жасару- қартаю, ұйықтау-ояну, тоңу-жану

-        Біздің мектебіміз жарық, әдемі.

-        Атамның ауылы қаламыздан алыс жерде.

-        Қисық сызықтың екі түрі бар.

-        Балабақшаға бару үшін Абылайға ерте ұйықтау қажет.

Сипаттама бөлімі. ( Кит туралы)

3-жаттығу.

-         Кішісі –үлкені, үстінде-астында, астына-үстіне, зиянды –пайдалы.

Зерттеу бөлімі.

4- жаттығу.

Ине, кеме, бүлдірген-олақ.

Икемді –олақ.

Айжан әр іскеде икемді.

Талдау бөлімі.

2- жаттығу.

Тәттімін-ащымын.

Қарбыз тәтті, қызыл бұрыш ащы.

Сергіту сәті

Видео ролик 

Ой толғаныс

·        Ойын: “Мұғалімдер мен оқушылар”

Шарты:
Екі топ кезектесіп мұғалім мен оқушы болып қарама - қарсы сөздер айтады.

2. Суретпен жұмыс:
Геомтриялық фигураларды орналастырып, қарама - қарсы сөздерді табу.

 Венн диаграммасы:
мәндес сөз
қарама - қарсы сөз

·        Тапсырма.

·         1. Қаратпа сөзі бар сөйлем құра.

·        2. Қаратпа сөз ортасында келетін сөйлем құра.

·        3. Қарама-қарсы мағыналы сөздерге мысал келтір.

·        1-топ:

·        Сөздерді дұрыс орналастыр.(қазақша,орысша)

·        Қара- чёрный

·        Ақ-белый

·        Үлкен-большой

·        Кіші –маленький

·        Жоғары – наверху

·        Төмен - вниз

·         2-топ:

·        Ұзын - длинный

·        Қысқа- короткий

Көп- много

Аз-мало

Баяу – медленно

Тез –быстро

Суреттердің атауын ағылшынша ата.

Рефлексия

·        «Кім- кімге қарсы»ойынын ойнату.

·        Шарты: шеңбер жасап тұру, қарама- қарсы тұрған балалар бір - біріне мағынасы қарсы сөздер тауып айтады.

 Ал бүгін мағынасы қандай сөз туралы білдік?

- Олар неліктен мағынасы қарама - қарсы сөздер делінген?

Үй тапсырмасы

5-ж,109-бетте

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқушылардың жинаған житондарымен сабаққа деген

ынтасын мадақтай отырып бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1021


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст