№26 орта мектебінің 1 жартыжылдық бойынша кітапхана жұмысының есебі
Мектеп кітапханасын білім ордасы деп атауға болады. Себебі барлық ақыл-ой иелерінің алтын кені осы жерде жинақталғын. Кітапхананың балалардың дүниетанымын кеңейтудегі маңызы өте зор. Сондықтан мектеп кітапханасында оқушылардың танымын арттыру мақсатында түрлі шаралар өткізіліп тұрады.
Қыркүйек айының 2-сі білім күні аталып өтілді. Осы шараға барлығымыз атсалыса қатыстық. Балаларға оқулықтар таратылды. Білім күніне байланысты қабырға газеті жасалды.
Қазан айында «Кітабыңды құрметте, күтіп ұста кірлетпе» атты рейд өткізіліп, сынып оқушыларының кітаптары тексерілді.
Қараша айында газет-журналдарға жазылу жүргізілді. Сонымен қатар, буккроссинг ұйымдастырылды. СПИД күніне байланысты брошюралар мен ақпараттар ілінді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында кітап көрмесі жасалды. Еліміздің басты құндылығы - Тәуелсіздік күніне байланысты қабырға газеті жасалды.
«Сенің өмірің –сиқырлы әлем» атты кітаптар көрмесі, «Менің сүйікті ұстазым» қабырға газеттерін
жасау шаралары өткізілді.
Осы шаралардың барлығы оқушылардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді деген сенімдемін.
Кітапханашы: Ескожина Г.Қ.