№26 М.Мәметова орта мектебі директордың ТЖО-ның І жартыжылдықта
атқарылған жұмысы туралы
ЕСЕБІ
Мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты – жеке жаңалықтар мен идеяларды бағалауға қабілетті, келешегі болжай алатын, сыни көзқарасы қалыптасқан, жауапкершілігі бар, адамгершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу; әлеуметтік жобаларға деген қызығушылықты арттыру; ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру; оқушыларда көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбие жұмысы мынадай іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылды:
Ø Жалпы білім беру үрдісі;
Ø Сыныптан тыс шаралар;
Ø Мектептен тыс шаралар.
Тәрбие ісі келесі іс-шаралар арқылы жүзеге асырылды:
Ø Мектепішілік мерекелер;
Ø Оқушылардың өзін-өзі басқауын дамыту жұмыстары;
Ø Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары;
Ø Әлеуметтік-психологиялық жұмыс;
Ø Сынып жетекшілері жұмыстарын одан әрі жетілдіру істері;
Ø Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары арқылы іске асырылды.
2017-18 оқу жылының І жартыжылдығында тәрбие жұмысы қарқынды жүрді. Жыл басында құжаттар қабылданып алынғаннан кейін оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары, ата-аналармен жұмыс жоспары жасалды. Сынып жетекшілерімен алғашқы ӘБ отырысы өткізіліп, биылғы оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырылып, МЖМБС-на жасалған ӘН, сынып сағаттарының тақырыптары үлестіріліп берілді, әр сыныптың тәрбие жұмысының жоспары белгіленді. Тәрбие беру жұмысында басшылыққа алынатын негізгі нормативті құжаттармен: МЖМБС, Бала құқығы туралы конвенция, ҚР Бала құқығы туралы заңы, ҚР Тіл туралы, Білім туралы заңдарымен таныстырылды.
Мектепте тәрбие жұмысы директордың ТЖО-на, тәлімгерге және сынып жетекшілеріне жүктеледі. Бірқатар тәрбие жұмыстары «Жас Ұлан» жастар ұйымы мен тәлімгерге жүктелген. Биылғы оқу жылында Ұланбасы етіп Бейсенбаева Әсемгүл сайланды.
Тәрбие жұмысының 8 бағыты да іске асырылып келеді.
Қазақстанның әлеуметтік белсенді азаматтарын қалыптастыру оқушылар бойында азаматтық, адам құқығына және еркіндігіне сыйластықпен қарау, Отанға, отбасына дене сүйіспеншілік пен ұлттық сана-сезім тәрбиелеуден басталады. Бұл бағытта азаматтық, құқықтық, патриоттық және саяси тәрбие шоғырландырылған. Осы бағытты іске асыру келесі іс-шараларды жүзеге асыру арқылы орын алды:
- «Мен патриотпын», «ҚР рәміздері жайлы не білесің», «ҚР Тұңғыш Президенті күні», «Тәуеелсіздік күні» сынып сағаттары өткізіледі;
- Кітапханамен бірлесе отырып, түрлі шаралар ұйымдастырылады «Буккроссинг»);
- Кітапханада рәміздер мен мерейтой иелеріне арналып көрмелер жасалады;
- Мектеп мұражайына және өзге көрме залдарына саяхат ұйымдастырылады;
- Музыкалық сайыстар жүргізіледі;
Жыл басында оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жоспары жасалды. Оқушылармен әңгіме жүргізіледі. Желтоқсан айында учаскелік полицейлер Фарзалиев Т.С. пен Жүнісов Т.Т. шақырылып, оқушылармен әңгіме жүргізді. Жыл бойы оқушылрамен және ата-аналармен ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар, мектептің профилактикалық кеңесі отырыстары, оқушылармен жеке жұмыстар жүгізілуде.
Қазіргі таңда мектепішілік есепке алынған оқушылар жоқ. Оқушылардың мектепке келуі, кешігуі, сабақты босатуы, сыртқы келбеті күнделікті бақылауға алынып отырды. Аптасына бір рет күнделіктер тексеріледі. Кешкі рейд
жасалып, кезекші мұғалімдер арнайы журналға белгілеп отырады.
Жыл басынан үйірмелер, секциялар ұйымдастырылған. Волейбол, баскетбол, үйірме жұмыстары, хор, қолөнер, бейнелеу өнері жүргізіледі. Мектепте АӘД пәні мұғалімінің жетекшілігімен ПЖК жұмысы жалғасуда, ол құқық бұзышылық пен қылмыстың алдын алуда маңызы зор. Сынып жетекшілері оқушылардың әлеуметтік паспортын жүргізеді, онда жағдайы төмен отбасылар жайлы мәлімет бар; оқушылармен және ата-аналармен жеке жұмыс жүргізіледі, олар мектептің қоғамдық жұмысына тартылады.
Тамыздың 1-інен қыркүйектің 31 аралығында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында мектебімізде акция ұйымдастырылды. Көмекке мұқтаж оқушылар анықталып, тізімі жасалды, ауыл кәсіпкерлері, ауыл әкімдігі және мектеп мұғалімдері арасынан демеушілер іздестіріліп, 10 балаға спорттық форма, спортық аяқ киім, мектеп сөмкесі, оқу құралдары алып берілді. Акцияның ұйымдастырылуы туралы аудандық «Есіл-Нұра» газетіне мақала жазылды, мектеп сайтына ақпарат салынды.
«Алғашқы қоңырау» мерекесі өткізілді. Мереке мектеп жанында салынған спорттық алаңның ашуымен тұспа-тұс келді. Ашылу салтанатына аудан әкімі М.С. Тәткеев қатысты. Сап түзеуден кейін сыныптарда «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында алғашқы сынып сағаттары өткізілді.
Қыркүйектің 4-і мен 9-ы аралығында «Отбасым – бақыт мекені» апталығы өткізілді. Жоспар бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылып, 9-ы күні денсаулық күнімен қоса мектеп алаңында көңілді мәре өткізілді.
Қыркүйектің 12-22 аралығында Тілдер мерекесіне арналған онкүндік жоспарланып, өткізілді. Декада барысында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері көңілді викториналар, дебат, көрме, кештер ұйымдастырды. Онкүндіктің жабылуы мен Тілдер фестивалі 22 қыркүйекте салтанатты концертпен аяқталды. Оқушылар мен мұғалімдер өз шығармашылығынан өлең оқыды, әндерайтылды, белсенділік танытқан оқушыларға мақтау қағаздары берілді.
Қыркүйек айы - «Абайлаңыз! Балалар!» атты акцияның өткізілетін уақыты. Сынып жетекшілері оқушыларға ЖҚЕ түсіндіріп, жолдағы қауіпсіздік туралы ескертілді, ата-аналар жиналысында айтылды. Сонымен қатар, оқушылардың мектеп аумағында қауіпсіздік техникасын сақтауды ескерту мақсатында алғашқы нұсқаулық жүргізілді.
«Қамқорлық» акциясы бойынша сынып жетекшілері оқушылрымен бірге қариялар үйіне барып, қал-жағдайларын білді, көмек көрсетті.
Қазанның 17-сі М.Мәметованың 95-жылдығы аталып өтілді. Іс-шара аудандық газетте, сайтта жарияланды.
Оқушыларға арналған «Мектеп аруы мен сұлтаны» сайысы өткізілді.
Оқушыларға «Мы против курения!» тақырыбында сабақ өткізілді. Баяндама оқылды, темекінің зияндығы туралы оқушылар өздері де пікірлер айтты.
Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын түсіндіру мақсатында ауданда ұйымдастырылған «Туған жер» тақырыбында шығармалар сайысына 2 оқушы қатыстырылды. 7 «Б» сынып оқушысы Акимова Александра І орынды жеңіп келді. Жоғарыда аталған бағдарлама аясында мектепте үстел үсті ойындары турнирі өткізілді. Турнирге ауыл тұрғындары, оқушылар, мұғалімдер қатысты.
14 қарашада оқушылар мен мұғалімдерге «ЭКСПО-2017» деректі фильмі көрсетілді. 15-23 қараша аралығында сынып
жетекшілер онкүндігі өткізілді. Жоспар бойынша «Мен және отбасым» отбасылық сайысы, «Көңілді мәре», «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Елбасы – ел тірегі», «Традиции народа – золотая колыбель», «Правила дорожные знать всем положено», «Рухани қазына» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Ата-аналар шақырылып, іс-шараларға қатыстырылды. Әр күн сайын лкен үзілісте викториналық сұрақтар, үстел үсті ойындары ұйымдастырылды. 23 қарашада декаданың жабылуына орай «Мелодия дружбы» концерті ұйымдастырылды.
Қарашаның 15-і мен желтоқсанның 15 аралығында 1 желтоқсан халықаралық ЖИТС-пен күресу күніне орай айлық ұйымдастырылды. «ЖИТС пен наша өмірге қауіпті» көрмесі ұйымдастырылды. 5 - 11 сыныптар
аралығында "ЖИТС-тан ең жақсы қорғану – хабардар болу» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары
түрлі формада өткізілді: тренингтер, пікір-сайыстар, сұрақ-жауап викториналары. Мектеп тәлімгері Есқожина Г.Қ. әрбір үлкен үзіліс кезінде "Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз" атты флешмоб өткізіп тұрды. Барлық жасалған жұмыстар сайтқа, газетке мақала үнемі жарияланып отырады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша «Тарих мұрасы» атты жас тарихшыларға арналған интеллектуалды сайыс өткізілді. Сондай-ақ «Туған жер, топырағыңнан айналдым» шығармалар сайысы өткізіліп, 11-сынып оқушысы Жирен Ұлболсын мен 9-сынып оқушысы Бейсенбаева Әсемгүлдің шығармалары үздік деп танылды.
«Күш атасы – Қажымұқан» атты Қ.Мұңайтпасұлының 145 жылдығына арналған кеш өткізілді. Кеште палуанның өмірі жайлы шағын фильм көрсетіліп, асқақ ерлігі мен күші, жеткен жеңістері жайлы айтылды. Кеш соңында ұлдар қазақша күрес әдістерін көрсетті. Тұңғыш Президент Елбасы күніне арналған апталық өткізілді. Апталықта «Елді ертеңіне жетелеген...» тақырыпта шығармалар сайысы ұйымдастырылды. «Ел тірегі» тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді. 30 қарашада «Балалық шағымның аспаны» және «Елбасы жолы» фильмдері көрсетілді, концерттік бағдарлама жасалды. ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашық сынып сағаттары өткізілді. Әр сынып жетекшісі түрлі форматта өз сабағын жандандыруға күш салды. Тәуелсіздік тарихы, тарих жолындағы тарихи тұлғалар жайлы сөз қозғалды. Егемендік жолында құрбан болған боздақтар еске алынып, оларға арнап гүл шоқтары қойылды, әндер айтылды. 15 желтоқсанда «Тәуелсіздік – берекем!» атты ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. «Жасұлан» ұйымының «Жасқыран» жастар қатарына қабылдау рәсімі осы күні жасалды. Биыл «Жас Қыран» қатарына 12 оқушы: Жұмағұлова Гүлнар, Алтынбаев Арнұр, Кенжебеков Мансұр, Аман Арайлым, Кенжей Әділет, Ашимова Анель, Мүрәліп Әмір, Қожабек Ақерке, Мамбетова Октябрина, Юлдошева Фатима, Юлдошева Зухра, Ковальчук Валерия қабылданды. Клуб мүшелері мен әр сыныптан үздік бағдарламалар концертке арқау болды.
Желтоқсанның 23-і күні шағын орталық пен 2-сыныптар аралығында мектепішілік Жаңа жылдық мереке өткізілді. Астана қаласынан «Рада» театры шақырылды. Ал жоғары сыныптарға 28-желтоқсанда өткізілді.
Мектепте «Қамқорлық» акциясы қолға алынған. Әр сынып жетекшісі сыныбымен өздеріне жүктелген қариялар үйіне айына бір рет барады, үй шаруасына көмектесті. Сынып жетекшілері
ӘБ отырысында атқарылған жұмыстар жайлы есептерін жасап, болашаққа ұсыныстар алып отырды.
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында мектепте мынадай үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылған:
- Мәндібекова К.А. – «Ертегіні сахналау»
- Беляева Г.И. – «Умелые ручки»
- Апаханов Б.Ж – «Айтарым бар...»
- Смағұл М – «Жас саяхатшы»
- Шоқанова А.Т – «Шебердің қолы ортақ»
- Ажибаева М.К – «Қызықта грамматика»
- Койлыбаева А.М – «Юный эколог»
- Жавбатырова А.С – «Искусство слова»
- Балтабаева Б.К – «Логика»
- Беляева Е.А – «В мире сказок»
- Асан А.Т – «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы»
- Жиренов М.Е – «Домбыра»
- Абилова Н.Ж – «Жасыл желек»
- Кенеева А.К – «Английский – мировой язык»
- Кабдрахманова Г.М – «Эрудит»
- Олжабаева А.У – «Музыка әлемі»
- Кенесарина А.М. – «Русская речь»
- Жакупова А.О – «Ньютон ашқан...»
- Асан Е.Т. - «Қызықты информатика»
- Кабельдинова Х.У – «Қыз Жібек»
Мына секциялар мен үйірмелерге балардың қатысу деңгейі жоғары:
Қожамжар Д.Ж (7-9 сыныптар) «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы»;
Жиренов М.Е (3-7 сыныптар) «Домбыра»;
Апаханов Б.Ж (8-11 сыныптар) «Айтарым бар...»;
Ажибаева М.К (3-сынып) «Қызықты грамматика».
Тәрбие үрдісі үздіксіз процесс болғандықтан, оқушыларға тәлім-тәрбие беру ісі одан әрі жалғасын тауып, қол жеткізілмеген кездері талқыланып, жүзеге асырылатын болады.
Директордың ТЖО: Исаева А.Д.