"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.11.2017

№26 ОМ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыс есебі

            Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында туған жерге көңіл көп бөліне бастады. Соның шеңберінде №26 Мәншүк орта мектебінде «Алғашқы қоңырау» мерекесімен бірге мектеп алаңында заманауи  спорттық алаңның ашылу салтанаты өткізілді. Жиынға аудан әкімі қатысты. Одан кейін жоспар бойынша «Азамат» патриоттар клубы қайта құрылып, салтанатты ант беру рәсімі жүргізілді. Қыркүйектің 12-22 аралығында «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі онкүндігі атап өтілді. Әр күнге іс-шаралар жоспарланып, 22 қыркүйекте

«Үш тұғырлы тіл» атты тілдер фестивалі мен онкүндіктің жабылу салтанаты өткізілді. Қыркүйектің 4-9 аралығында отбасы апталығы жарияланып, «Мен армандайтын үй», «Менің отбасым» фотоколлаж байқауы, «Отбасыма тілек» акциясы, «Отбасым – бақыт мекені» суреттер, шығармалар байқауы өткізілді. Апталық 9 қыркүйекте «Денсаулық күнімен» тұспа-тұс келіп, отбасымен, мұғалімдермен бірге

спорттық марафон өткізілді. Ауданда өткізілген «Отбасылық старт» сайысына 3-сынып оқушысы Иса Дильназдың отбасы қатысып, жүлделі І орынды иеленіп келді.  Аталмыш шаралардың барлығы аудандық «Есіл-Нұра» газеті мен мектеп сайтына жарияланды. Жоғары сыныптарға арналған «Жаса, Елім!» флешмобы өткізілді. «Мен және полицейім» акциясы өткізілді. Ауылдық учаскелік полиция қызметкерлері шақырылып, лекция оқылды. Жоспар бойынша «Дарынды ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында шығармашылық

жобалар сайысы өткізілді.

            Қатарласа келетін қарттар күні мен мұғалімдер  күні де атап өтілді. Бұл мерекелер де Елбасының айтуындай, қарияларды да, педагог мамандарды сыйлау белгісінен жасалып отыр. «Қамқорлық» акциясы бойынша сыныптар қарттар үйіне

барып, көмектерін берді.

            «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебімізде 17-қазан күні М.Мәметованың 95-жылдық мерейтойы атап өтілді. Мерекеге Орал  қаласынан М.Мәметованың мемориалдық мұражайы директоры С.С. Бектенова, «АЛЖИР» музейінің қызметкерлері қатысып, тарихтағы ұлы тұлғалар жайлы біраз әңгіме айтты. Іс-шара үш кезеңнен: митинг, ескерткішке гүл қою рәсімі; концерттік бағдарлама және

мектеп мұражайындағы кездесуден тұрды.

            Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» мақаласының «Саналы азамат» бағдарын іске асыру мақсатында үстел үсті ойындары

өткізілді. Қарашаның 15-24 аралығында сынып жетекшілері онкүндігі өткізіліп, барлық сыныптан тыс іс-шаралар бағдарламаны түсіндіруге арналды.

 

 

 

 

 

 

Директордың ТЖО:                      Исаева А.Д

Просмотров: 390


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст