"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.11.2017

Тақырыбы : «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН»

отбасылық спорттық сайыс

 

 Мақсаты : Тәрбие негізі отбасынан басталатынын түсіндіру. Спорт жаттығуларының денсаулыққа

пайдасы бар екенін түсіндіру. Ата-аналардың спорттық білімдерін балаларға дәріптеу. Осы жарыс арқылы балалардың бойындағы ерекшеліктерін ата-анасына білдіру.

Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

 

(спортзалға кіріп келеді)

Жүргізуші:  Жиылыппыз біз мерекеге

Үлкеніміз–кішіміз бәріміз де

Қош келдіңіз қадірлі қонақтар

Келген бүгінгі мерекеге.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі біздің 1 сынып оқушылары мен ата-аналары  арасында «Әке, ана және мен – достасамыз спортпенен» сайысын өткізгелі отырмыз. Денсаулықты сақтау үшін денеңіз қимыл-қозғалыста болуы тиіс. Осы мақсатта жанұялық спорттық сайысымызды бастаймыз. Жарысқа қатысушы отбасыларды ортаға шақырайық.

(командалар келіп екі қатарға тұрады)

Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 6 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына  сәт сапар тілейміз!

 Құрметті отбасылар мерекеге қош келдіңіздер!  Жарыс болған соң әділқазыларда болуы керек. Бүгінгі спорт отбасылар жарысымыз ерекше өтеді

Жүргізуші: Ал енді бастайық. Дайынсыңдар ма?

Қатысушылар: Әрине, дайынбыз! (олар растап шулайды)

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,

Отбасыларымызды шақырамыз.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын,

сайысымызды бағалап, төрелі кайтар   әділқазылар  алқасымен таныстырып өтейік.

Жүргізуші: Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы

6 турдан тұрады:

1.    «Менің отбасым».

2.    Таныстыру

3.    Эстафеталар:

- «Жылдам аяқ»

- «Қөңілді отбасы»

- «Кедергіден өту»

3.    Жанкүйерлермен ойын ойнау. «Ертегіні тап»

4.    Ойын «Өзің үйіңді тап»

5.    Эстафеталар

·        «Көңілді шалбар»

·        «Салют»

·        «Түсіріп қалма»

6.    Марапаттану

І. «Менің отбасым». 

Таныстыру.

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп.

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

·        

Әр отбасы өз тобының атын, ұранын,

төсбелгісін таныстырып өту.


Эстафеталар:

1.эстафета «Жылдам аяқ»Бірінші

қатысушы эстафеталық таяқпен жүгіреді текшені айналып қайтадан жүгіріп келді. Эстафеталық таяқшаны екінші қатысушыға береді.

Әділқазылар өз бағаларын береді.

2.эстафета «Қөңілді отбасы» Балаларды мектепке апару керек. Аналар баланы шеңберге дейін апарады. Сосын жүгіріп балаларды қолынаң ұстап алып келеді. Кім бірінші келеді сол жеңеді.

Әділқазылар өз бағаларын береді.

3.Эстафета «Кедергіден өту» Бірінші қатысушы допен, кедергілердің арасынан өтіп,содан соң жүгіріп келіп допты баласына беруі керек кім бірінші өтеді сол жеңіске жетеді.

Әділқазылар өз бағаларын береді.

Жүргізуші:Біздің қатысушыларға демалу керек. Олар демалсын, ал біз

жанкұйлерге сұрақ қоямыз.

Қатысушылар орындыққа отырады.

Жанкүйлермен ойын «Ертегінді тап»

Жүргізуші:Мен ертегінен сөздір оқыймын, ал сеңдер маған айтасындар бұл қай

ертегі.

1.    «Мен атадан кеттім, мен ападан кеттім…» (Бауырсақ);

2.    «Отыр ма түбірге, бәлішті жеме…» (Маша мен аю);

3.     «Лақтарым менің есікті ашындар аналарын келді орамжапырақ келді…» (Қасқыр мен жеті лақ);

Ойын «Өзің

үйінді тап»

4.    эстафета «Көңілді шалбар» Аналар «көңілді шалбарды» киеді текшеге дейін жүгіреді. Оны айналып қайтадан жүгіріп

келеді, балаға «көңілді шалбарды»

береді, балалар жүгіреді. Кім бірінші келеді сол топ

жеңді.

Әділқазылар

өз бағаларын береді.

5.    эстафета «Салют» Барлық спорт зал бойынша екі түспен шарлар шашылып жатыр. Топтар өзіңің сәйкес түсі шарларын жиңайды. Кім бірінші жинап болады сол жеңді.

Әділқазылар өз бағаларын береді.


Ата-аналармен «Помогатор» биі биленеді.

III. Қорытынды бөлім.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты  сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу оз сасайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса

бізге жарады.

Жүргізуші:Олай болса, құрметті сайысқа қатысушыата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді,

шымыр шыныққа некендеріңізді дәлелдедіңіздер.

Біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарады.

Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қолсоғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Жүргізуші:Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!

— дейкеле,  сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазыларалқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен   спорттық сайысымыз аяқталды.

Жүргізуші:Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып,

отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір   отбасыға  алғысымызды білдіреміз!

Жақсылықта, амандықта  жүздескенше!!! Сау болыңыздар!

Просмотров: 787

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст