"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

21.11.2017

Мұражай – туған  өлкеміздің асыл  қазынасы

Тарих туған  жерден  басталады.  Әр мектепте өз мұражайының болуының маңыздылығы өте зор, өйткені мұражай – халқымыздың рухани – мәдени байлығы, рухани отауы. Қазіргі кезде ұлт мектебі, оқушыларына елжандық тәрбие

беруде мектеп мұражайының қызметі алабөтен, өйткені, ол тәрбиелік және ғылыми танымдық құнды материалдарды, табиғат пен қоғам тарихы жөніндегі деректерді жинау, зерттеу, өңдеу, безендіру және насихаттау үрдісінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың жұмыс формаларының бірі болып табылады. Мәншүк ауылы №26

мектебінің «тарихи – өлкетану» мұражайы 1986 жылы  ашылды.  «Тарихи – өлкетану» мұражай жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Кабдрахманова Гүлзада Манапқызы.

 Мұражай 4 экспозициялық бөлімнен тұрады:

1.Мәншүк Маметова өмірі мен ерлігі .

2.1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы.

3.Қазіргі тарихи оқиғалар

4.Мектеп тарихынан.

Мұражай  жұмысының мақсаты: Мұрағаттарды жинақтау, зерттеу, оны халыққа жариялап көрсету, жас жеткіншектерге тәлім-тәрбие беруге пайдалану. Мұражайда жинақталған  рухани, мәдени, тарихи мұралар жас ұрпаққа  ұлттық тәрбие беруге толық  жол ашып отыр. 14 қараша күні  мектебіміздің әскери патриоттық «Азамат» клубының мүшелері мен жетекшісі АӘД пән мұғалімі Кинеев Архат Арғынұлымен  мектеп мұражайына экскурсия өткізілді. Қазақстандық патриотизм, интернационализм  бағытында тәрбилеу барысында  АӘД мұғалімі оқушыларды Азамат әскери патриоттық клубының жоспарымен таныстырып өтті. Клуб мүшелері  Бейсенбаева Әсемгүл мен Саруарова Алина  оқушыларды мектеп мұражайындағы жәдігерлермен таныстырып, Мәншүк Маметова өмірі және ерлігі жайлы баяндап берді. Мектеп оқушыларымен мұндай патриоттық тәрбие жұмыстары мектепішілік  тәрбие жұмысы жоспарына қойылған.

Сөзімді қорытындылай келе, қазақтың киелі саны болып саналатын,  жеті жәдігерден тұратын «атадан

ұрпаққа  мұра  болып  қалған» асыл қазынамызды көзіміздің қарашығындай көріп, оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық  қазынамызды  сақтайық демекпін.

 

Просмотров: 427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст