Мектептегі спорт турнирі
Мәншүк ауылының №26 орта мектебінде «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы аясында спорттық үстел ойындары ойналды. Біздің мектебімізде бүгінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған түрлі үйірмелер мен спорт секциялары жұмыс істейді.
Сенбі күні мектепішілік спорттан түрлі жарыстар өтті. Атап айтқанда: үстел теннисі, бес асық, тоғыз құмалық, дойбы, шахмат ойындары болды. Мектебіміздің спор пәнінен сабақ беретін ұстаздар Қожамжар Дүйсенбай, Кинеев Архат, Сарқытбай Дәурен Болатұлы ойын ережелерімен таныстырып, ойын түрлеріне қарай төрелік етті. Іс-шараға ауыл әкімі Исаев Ғани Қуантайұлы мен ардагерлер алқасының төрағасы Радионов Алексей Алексеевич қатысып, адам өміріндегі спорттың алатын орны жайлы айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Үстел теннисінен Кинеев А.А. І орынды иеленсе, дойбыдан Махметова А.А., бес асықтан Пфафенгут Олеся, тоғызқұмалақтан Шепелева Н.Г. топ жарып, бірінші орынды жеңіп алды. Осы жарыста оқушылар мен ұстаздар спортқа деген құштарлықтарын көрсетті. Бір адамдай атсалысып, ойынның қызығына тоймай жатты.
Бұл күнгі атмосфераның өзі ерекше болды. Барлық қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі, әзілдері де жарасып жатты. Жүлделі орынды иеленгендер мақтау қағаздарымен марапатталды. Топ жарып, І орынды жеңгендерге ауыл әкімі сыйлықтар берді. Айта кететін жағдай,мектебімізде дойбыдан 9 сынып оқушысы Кинеев Асылмұрат обылыстан 1 орынды иеленді.Құттықтаймыз!
Ажибаева Марал Қапарқызы, мұғалім