"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

24.10.2017

«Ұлы даланың батыр

қызы – М.Мәметованың туганына 95 жыл»

Айналдың мәңгі жалынға,

Даңқыңды тақты даламыз

Жасқұста, сонау Нарында

Өмірге келген бала қыз,

- деп Ақұштап апамыз жырлап өткен Нарын жерін өз көзіңмен көру неткен бақыт!

Халқымыздың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың 95 жасқа толуына орай Батыс Қазақстан өңірінде «Ұлы даланың батыр қызы» атты мерекелік шаралар өтті.

Қазақстан Республикасындағы тарихы бай өлкелердің бірі –Батыс Қазақстан облысы. Облыс орталығы Орал қаласында 19 ғасырдан сақталып кележатқан ғимараттар қайта қалпына келтірілген. Алғашында  Теке аталса, кейінгі Жайық деген атауын 1775 жылы 2 Екатерина патшайым Орал қаласы деп өзгерткен екен. 1932 жылдан Батыс

Қазақстан облысының орталығы болып бекітілген.

Міне, осы Батыс Қазақстан облысының, тарихта айтулы оқиғалар орын алған киелі  Бөкей Ордасы  - Мәншүк  Мәметованың туған жері. М.Мәметова  1922 жылы 2 қазанда дүниеге келіп, балалық шағы Орал қаласында өткен. Сондықтан да болар Мәншүк апамыздың 95 жасқа толуына орай ұйымдастырылған мерекелік шаралар

Орал қаласынан бастау алып, Бөкей Ордасының Сайқын ауданында жалғасын тапты.

Мәншүк апамыздың рухы Орал, Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, тіпті Мәншүк жерленген Невель қаласынан келген қонақтарды біріктірді.

Мерекелік шара қазағымыздың Махамбет пен Исатайдай ержүрек, Құрманғазы мен Динадай күйшілеріміздің, Мәншүк, Әлия, Хыуаздай қайсар қыздарымызды дүниеге әкелген батыс өңірінің экономикалық маңызы зор Орал

қаласында, үш батыр қызға мүсін орнатылған алаңға гүл шоқтарын қоюдан басталды.Алаңда жиналған жұрт алдында сөз сөйлеп, Мәншүк апамыздың ерлігін ұлықтаған қонақтардың арасында Ұлы Отан соғысының ардагері Хамза Сафин, Ресейдің Орал қаласындағы вице-консулы Владимир Волков, Невель қаласынан келген, «Гвоздика» іздестіру жасағының сардары Иван Михайлов, Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе

облыстық мемориалды музейінің директоры Елена Қалтаева, осы шаралардың басты ұйымдастырушысы М.Мәметова атындағы мемориалдық музейдің директоры Светлана Бектенова болды. М.Мәметованың өмірімен, ерлігімен, «Мәншүктін өшпес ерлігі» атты диарама залымен  танысуға мүмкіндік алған қонақтар М.Мәметова атындағы мемориалдық музейде дөңгелек үстел отырысына қатысты. Ерекше атап өтетін жайт музейде 30 жылдан астам қызмет ететін Светлана Саржанқызының   Мәншүк жайлы әсерлі әңгімесі.

М.Мәметованың 95 жасқа толу мерекесі Мәншүктің кіндік қаны тамған – Бөкей Ордасында жалғасын тапты. Сайқын аудан орталығындағы ескерткішке гүл шоғын қою салтанатты шарасы, саябаққа тал отырғызумен аяқталды.

Сайқын орталығында халықаралық деңгейде өткен ғылыми конференция Мәншүк апамыздың атын иеленген Ақмола облысы, Целиноград ауданының М.Мәметова ауылындағы №26 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Г.М.Қабдырахманованың, М.Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжі директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары С.М.Тәжібаеваның, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің  директоры Ж.К.Тоғанованың,сондай-ақ Ақмол ауылындағы «АЛЖИР» музейінің директоры М.Омаровтың баяндама оқуымен жарасым тапты. Келген қонақтар «Бөкей ордасы тарихи-музей кешенімен» танысты. 1962 жылы қоғамдық негізде ашылған музей 1967 жылы мемлекет қарамағына алынып, 1997 жылы Орда тарихы музейі болып өзгертілген. Музейге қатысты ғимараттардың қалпына келтіріліп, көбеюіне байланысты Орда тарихы музейі 2002

жылы Бөкей ордасы тарихи-музей кешені дәрежесіне көтерілген.

Музей 2003жылы Халыаралық Музейлер Кеңесі ИКОМ мүшелігіне алынып, Парижде тіркелген. М.Мәметованың 95 жасқа толуына орай мерекелік шаралар үшінші күні де жалғасын тапты. Орал қаласының ақпараттық-технологиялық

колледжінде Невель қаласынан келген «Гвоздика» іздестіру жасағының сардарларымен, М.Мәметова атындағы Ақтөбе, Қызылорда колледжінен келген қонақтармен кездесу ұйымдастырылса, М.Мәметова атындағы №27 мектепте Целиноград ауданы М.Мәметова ауылының №26 орта мектебінен келген қонақтарға арналып

мерекелік концерт өткізілді.

Осылайша, батыс елі азаматтарының өз елінің тарихына құрметпен қарауы біздің де сана –сезімімізді өсіріп, рухани жаңғырып, ерекше көңіл күймен оралдық. Осы шараларды өз көзімізбен көруімізге, тарихқа жақындауымызға мүмкіндік берген М.Мәметова атындағы мемориалдық музейдің директоры Бектенова Светлана Саржанқызына алғысымыз шексіз.

 

Мәншүк ауылы, №26 ОМ

Тарих пәнінің мұғалімі Г.М.Қабдрахманова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 510


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст