"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19.10.2017

Мәңгілік тағзым Сізге, Мәншүк апа!

Ұлы Жеңіс! Қандай сезімге толы сөз десеңізші! Әйтсе де, бұл сөздің астарында төрт жыл бойы елдің көрген қайғы-қасіреті мен баласы соғыстан оралмаған ананың зары, жетім қалған баланың көз жасы, қыршын кеткен батыр қыздардың арманы жатыр...  Сол қаһарман қыздардың бірі – қазақ елінің біртуары Мәншүк Мәметованың туғанына 2-қазан күні 95 жыл толды. Батыр есімімен мақтанышпен аталып жүрген М.Мәметова ауылының №26 орта мектебі 17-қазан күні «Мәңгі ерлік – мәңгі есім» тақырыбында ұлы тұлғаның мерейтойын          атап өтті.

Жоспарланған іс-шара үш бөлімнен: М.Мәметова ескерткіші алдындағы митинг пен  ескерткішке гүл қою рәсімі, концерттік бағдарлама және мектеп мұражайындағы кездесуден тұрды. Митингте келген қонақтар М.Мәметова жайлы естеліктер айтып, оқушыларға ерлікке тағзымету керектігін атап өтті. Мектеп директорының орынбасарлары Г.М. Кабдрахманова мен А.Д. Исаевалардың бастамасымен мектеп ұжымы дайындаған концерттік бағдарламада мән-мағынаға, сезімге толы болды. Мәншүк өмірінен, соғысқан жерінен табылған пулеметі жайлы, Орал қаласында мерекеленген іс-шаралардан видео-көріністер көрсетіліп, Қазақстан мен Ресейдегі батыр қыздың есімі берілген жерлер көпшілік назарына ұсынылды. Бастауыш сынып мұғалімі Е.А. Беляева дайындаған «Дети войны» музыкалық қойылымы жиналған жұрттың көңілін босатып тастады. Олар көздеріне жас алып, бейне бір соғыс заманындағы балалардың көрген қасіреті көз алдынан өткендей сезінді.  Бастауыш сынып оқушылары ерлік тақырыбында өлеңдердерін нақышына келтіріп оқып берді. Мәншүктің ата-анасына жазған хаты желісінде шығарылған Б.Ж.Апахановтың «Майданда» атты өлеңін 11-сынып оқушысы Ұ.Жирен образға еніп, әсерлі етіп оқып берді. Е.Елхан, А.Сәтбековтер қазақ халқының батыр қыздары жайлы ән шырқаса, мұғалімдер ұжымы «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін хормен айтып берді. Концерттің соңы мұғалім Х.Қабылдинова мен ауылдық мәдениет үйінің қызметкері З.Бұхарбаеваның орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды.  Концерттен кейін  мектеп мұражайында дөңгелек үстел өткізілді. Орал қаласынан келген қонақ М.Мәметованың мемориалдық мұражайы директоры С.С. Бектенова батыр апамыздың өмірі мен ерлігі, мұражайдың ашылуы, ондағы экспозициялар, Орал қаласындағы «Мәншүк, Әлия, Хиуаз» ескерткіші жайлы біраз әңгіме айтты. Келесі жылы Мәншүктің ерлікпен қаза тапқан жері – Псков облысы Невель қаласына саяхат жасауды жоспарлап отырғандарын жеткізіп, Ақмола облысынан делегация келуін сұрады. Іс-шараға «АЛЖИР» мұражайының мамандары келіп, жазықсыз қуғынға ұшыраған Мәншүктің әкесі Ахмет Мәметов туралы әңгімелеп берді. Мереке соңында мектеп директоры Т.Е. Хасенова «Келешек ұрпақ әрқашан ерлікке тағзым етуіміз керек», - деп жылы лебізін айтып, келген қонақтарға ұжым атынан Мәншүк бейнеленген кәдесыйлар берді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Арайлым Дулатқызы

Просмотров: 467

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст