"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.10.2017

                Кеңес Одағының Батыры, қазақ елінің қаһарман қызы Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметованың туғанына 95 жыл толуына байланысты батыр қыздың туған жері Орал қаласы мен Бөкей ордасына саяхат жасалып жатыр. Бұл іс-шара Орал қаласындағы Мәншүк мұражайының директоры С.С.Бектенованың және музей қызметкерлерінің бастамасымен өткізілуде. Бағдарламаға сәйкес 2 қазан күні «Неповторимая Маншук», «Мәншүк, Әлия, Хиуаз» ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, «Қызы батыр ел – ұлы ел» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жергілікті қазақ драма театрында мерекелік коцерт, театр фойесінде көрме ұйымдастырылды. 3 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.Мәметованың туған жері Бөкей ордасына экспидиция жасалып, Мәншүк ауылына ағаш отырғызылды. «Шығыстың батыр қызы – Мәншүк» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп жатыр. Батыр соғысқан Ресейдің Невель қаласынан  келген «Гвоздика» атты зерттеушілер келген. Мәншүктің соғысқан жерлерінің картасын жасап, мұражайға табыс етті.  Конференция барысында Ақтөбе, Астана, Қызылорда қалаларынан келген баяндамашылар ғылыми зерттеулерін ұсынып жатты. Конференциядан кейін аспан астындағы мұражайға саяхат жасау жоспарланып отыр.

         Осы игі іске мектебіміздің директоры Т.Е. Хасенова мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Кабдрахманова қатысып, куә болып отыр. Әр атқарылған істен ерекше әсер алып, фотосуреттерімен бөлісуде. Әріптестерімізге сәт-сапар тілеп, көрген-білгенін бөлісуін асыға күтеміз.

Просмотров: 499


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст