Мектептегі отбасы апталығы
«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады», - деді өз сөзінде
елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Шынымен де, отбасы – табиғат
сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы өте қажет, оны басқа ешнәрсемен алмастыруға
болмайды. Осы орайда қыркүйектің 4-мен 9-ы аралығында №26 орта мектебінде 1-11 сыныптар арасында «Отбасым – бақыт мекені» тақырыбында апталық өтті. Апталықтың бірінші ашылу күні 5-11арасында «Отбасы туралы асыл» ойлар ақциясымен басталды. Апталық аралығында оқушылар арасында көптеген суреттер, шығармалар конкурсы ұйымдастырылды.
«Отбасындағы қуаныштар» тақырыбында 5-11 сыныптардың шығарған газеттерінен оқушылардың отбасындағы қуанышты, қызықты сәттерін көріп, қуанып жаттық. «Мерейлі отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел
өткізілді. Шара барысында әрбір қатысушы ұстаз бен шәкірттер өз ойларын айтып, тақырыптың аясында бірталай салиқалы ойларды ортаға тастады. Әңгіме барысында өз ауылымыздағы көп бала тәрбиелеп, ұлын –ұяға, қызын – қияға қондырып отырған, балалары елге қызмет етіп жатқан отбасылар сөз етілді. Солардың бірі – Мәншүк аулының тұрғыны, он бала тәрбиелеп өсірген ардақты батыр ана, отбасының асыл қазынасы, шаңырақтарының тірегі Қожабекова Әлиман анамыз үлгі етілді. Өз балаларын ер жеткізіп, немерелерін аялап өсіріп, олардан көрген
шөберелеріне асыл әжелері ақылын айтудан жалықпайды. Аяулым мен Арайлымөздерінің ұлы әжелерін мақтан етеді. Осындай көнекөз әжелеріміздің ақылын естіп өскен ұрпақтар тәрбиелі болып өседі деген ойдамын.
Отбасы апталығының соңғы күні «Денсаулық күнімен» тұспа-тұс келіп, жаңадан ашылған спорт алаңында отбасылық сайыстар өткізілді. Ата-аналарымен бірлесе жарысқан балалар көзінен «бақыт мекенінде» жүргені шынайы сезілді.