Қиялдан да,артық «ЭКСПО – 2017»
Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу арқылы Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады» - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
6-сынып оқушысы ретінде бұл сөздердің мәнін толық түсінбеп едім. Бірақ, елімізде мұндай атаулы іс-шара болатындықтан, «ЭКСПО-2017» көрмесін міндетті түрде көретініме сенімді болдым. Осы күнді асыға күттім. Отбасыммен барып, жақындағаннан бастап...таңдануымның шегі болмады. Не деген зәулім ғимараттар! (теледидардан соншалықты әсерлі болмаушы еді). Әр павильонға кірген сайын көздің жауын алатын техника мен технология...оның қажеттілігі мен маңыздылығын түсіндіріп жатқан мамандар...Бейне бір «болашақ машинасына» мініп, өзге ғаламды шарлағандай болдым. Әсіресе, еліміздің көрмесі орналасқан шар тәріздес «Нұрәлемде» қиялдап та көрмеген дүниелерге тап болдым.8-қабатта болашақ «Қазақ елінің» макеті бейнеленсе, кейін төмен түсе келе, осы
көрменің мазмұнына сай күн, су, желдің күшінен алынатын «болашақ энергиясына»экспозициялар жасалған. Өз көзіме сене алар емеспін! Олардың арқасында қуат туғызуға болатынын көзбен көріп, қолмен ұстап, бірлесе жасап та көрдім. Қандай керемет десеңші! Тарихты да ұмытпай, адам қолынан шыққан игіліктер де көрмеге қойылған.
Жалпы,бұл көрмеде адамзаттың қолымен жасалған дүниелер өте көп көрсетілген. Соңында түйген ойым – болашақта адамға қуат керек, бірақ табиғат одан да артық қажет. Сол үшін, Жер-ананы ластамау үшін баламалы энергия көздерін ойлап тауып, соны мейлінше дұрыс пайдалану қажет. Болашақтың бір бөлшегі ретінде қолымнан
келгеннің бәрін жасап, осы идеяның ұшқынын одан сайын өрлетуге дайынмын. Мың алғыс саған, «ЭКСПО-2017!»
5А сынып оқушысы: Жақсылық Айғаным