«Балдырған» лагерінің қызықты
сәттері
Мектеп балаларына көптен күткен көңілді демалыс та келіп жетті. Мәншүк
ауылы орта мектебінің жанында үш ауысымдық «Балдырған» атты лагерінде көңілді
жаз демалысы басталды. 1-ауысымның балалары тек қана демалып қоймай, ауыл
сыртындағы көлдер мен ағаш арасындағы табиғат аясында саяхат жасауда. Атап
айтар болсам «Балдырған» лагерінде көптеген қызықты мерекелік іс-шаралармен
ойындар болды.
«Жаз аруы 2017»
атты қыздар арасында сайыс өтті
барлық оқушылар белсене қатысып жүлделі орындарға ие болды. «Әнші болғым
келеді», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Астана
арман қала!»концерттік бағдарлама 1 ауысымның жабылуы салтанаттына байланысты
және ЭКСПО 2017 ашылуына байланысты өтті.
Оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. «Балдырған»жаздық лагеріндегі балалар үш
мезгіл тамақтанады яғни таңертен, түсте және түстен кейін. Күнделікті тәтті
тағамды әзірлеп отырған мектебіміздің аспазшысы Иманбаева Нұрғайша апай мен мектеп
медбикесі де өз көмегін аямай оқушылармен денсаулықа байланысты қызықты
тапсырмалармен сайыстар өткізуде. Атап айтар болсам тәрбиешілеіміз Асан А.Т мен
Мандибекова К.А өз жұмысына белсенділік танытуда. Осындай демалыс лагерін
ұйымдастырып отырған мектеп директоры Исаев Ғани Қуантайұлына алғысымыз шексіз.
Жеке шаруашылық басшылары А.Т Инербаев пен Ж.Қ.
Кабельдиновқа 1 маусым Балалар күніне тәтті сыйлықтар мен батуттағы қызықты
ойындар үшін, «Мәншүк- АЭ»ЖШС директоры Т.А Пішеновке лагеріміздің ыстық тағамы
үшін алғысымызды білдіреміз. Олар балалардың жаздық демалыстарына көп қолдау мен демеушілік көрсетіп отыр. Әр
баланың шат күлкісі мен қуанышын үлкендер әрқашан сезіне берсін.
Мәншүк ауылы
№ 26 орта мектебінің
Лагер басшысы: Шоканова А.Т