"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.04.2017

Үздіктердің үздігі

            Жылдың ең шуақты, ең әдемі көктем мезгілінде ауданымызда мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін сынайтын «Үздік педагог» конкурсын өткізу  дәстүрі  2017 жылы да назардан тыс қалмады. 13 сәуір күні № 5

Ақмол орта мектебінің ұжымы қатысушыларды қуана қарсы алды. Өз ұжымдарынан суырыла шыққан кіл жүйрік 9 мұғалім сынға түскен бұл кәсіби байқаудың берері мол болды.  Әр мұғалім әр түрлі пәндерді оқытады, кәсіби біліктілігі мен еңбек өтілі әр түрлі, бірақ, барлығының мақсаты бір – өз оқушыларын сапалы оқыту мен жақсы тәрбиелеу.

ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Мектебімізден «Ғасырдың сайысынан қалмайық!» деген ұстанымды ту еткен  Г.М. Қабдрахманова «Үздік педагог-2017» байқауында өз бағын сынады.

Қатысушылар сабақ жүргізіп, өздерінің әдістемелік жұмыстарының жүйесін ғана  емес, сонымен қатар бейтаныс

сыныппен жылы қарым-қатынастарын көрсетті. Гүлзада Манапқызы осы кезеңде өз шеберлігін көрсете алды. Сабағында сыни тұрғыдан ойлау элементтерін тиімді қолданып,сабақтың мақсатына ойдағыдай жете білді. Өзінің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби біліктілігін  «Менің кәсіби кредом»  және  «Шеберлік лаборатория» кезеңдерінде кең көлемде насихаттаған ол жақсы қырынан көріне білді. Барлық қатысушылар қиын сынақтардан өтіп, өз мектеп ұжымын лайықты деңгейде таныстырды. Алайда, әр дода өз жеңімпаздарын анықтайтыны белгілі. Барлық сайыстардағыдай «Үздік педагог-2017» байқауының да өз үздіктері анықталды. Әділқазылардың әділ шешімімен  3-орынды Ж.Т. Байсеркеева (қазақ тілі және әдебиет мұғалімі № 3 Талапкер мектебі),   2-орынды Б.Е. Айдосова (қазақ

тілі және әдебиет мұғалімі № 5 Ақмол мектебі) иеленсе,  сайыстың басты  жеңімпазы болып № 26 мектебінің тарих пәні мұғалімі болып Қабдрахманова Гүлзада Манапқызы  танылды.

Әріптеске тілек:

- Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіз, Гүлзада Манапқызы! Енді облыс төрінде ауданымыздың абыройын асқақтатып оралуыңызға шын жүректен тілектестігімізді білдіреміз.

Айгүл Өтешова

№ 26 орта мектебі

Мұғалім

Просмотров: 550


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст