Текст
13 сәуір күні Ақмол ауылының №5 орта мектебінде аудандық "Жыл мұғалімі-2017" сайысы өткізіліп,оған 9 мұғалім қатынасты.Сайыс 3 кезеңнен тұрды.Біздің мектептен тарих пәні мұғалімі Кабдрахманова Гүлзада Манаповна қатынасып, 1-орынды қанжығасына байлады.Сыйлық ретінде Бурабай демалыс орнына тегін сертификат табыстады.Енді мұғаліміміз аудан намысын облыс көлемінде қорғайтын болады.Мұғалімімізге облыс көлемінде де осындай жүлделі орын алуына тілектеспіз.