«Еңбек жолына сәттілік,жас маман!»
Әй, жас ұстаз қысылма да қымсынба,
Түсіп көрді талай адам бұл сынға.
Сабаңа түс, сабағыңды бастап кет,
Баяғыдай бала болып тұрсың ба?
Бойына білім нәрін, біліктілік дәнін жиған ұстаздар балаларды осы игі қасиеттерімен баулып, үлкен өмір жолына жетелейді. Осындай мәні зор ұстаздық қызметке жаңадан келген жас мамандар да алған білімдерінен түйгендерін орынды пайдаланып, балалардың игілігі үшін жұмсайды. Мейірімділік, толеранттық ахуалды туғыза отырып, шығармашылықпен жұмыс істейтін, жоғары кәсіптік рейтингісі бар талантты педагогтарды анықтауды мақсат еткен бұл сайыс барысында жалынды да жаңашыл, жастар көзге түсті.
Осы орайда № 26 орта мектебінде Наурыз айының 17-і күні мектебімізде " Жас маман -2017"атты байқауы өтті. Байқауға былтырғы және биыл ғана ұстаздық жолын бастаған жас мамандар қатысты. Бердхан Жәнібек алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, Утешова Айгүл ағылшын тілі пәні мұғалімі , Шәмет Әділет психолог, Аманшиева Асел бейнелеу пәні мұғалімі, Сарқытбаев Даурен дене шынықтыру пәні мұғалімі, Олжабаева Аққанат ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде «Мен мұғалім» таныстыру сәті. Екінші кезең «Өнерліге өріс кең» шығармашылық,өз өнерін көрсету.Үшінші кезең «Ширату» сұрақтарға жауап.
Төртінші кезең «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» сабақтың құрылымын көрсету,қорғап шығу». және соңғы кезең «Ситуациялық жағдай».
Ұстаздардың білім-білігіне төрелік еткен әділқазылар алқасында мектеп директоры Исаев Ғани
Қуантайұлы, ардагер ұстаздар Иванова Г.П., Ермаганбентова А.К. сайыскерлердің білімін де, білігін де назарға алып, бағалады. Сайыс өте тартымды өтуі көрермендер мен тәлімгерлердің қолдауы жас ұзтаздардың сенімділігін арттырып, сайысты қызықтыра түсті.
Сайыс қорытындысында бас жүлдені Утешова А.Х., II орын жүлдесін – Олжабаева А.У., Бердхан Ж –III орынның тұғырынан көрінді. Сонымен қатар қатысқан жас мамандарға алдағы уақытта өз ісінің шеберін көрсететіндей ,ізденімпаз,шығармашыл, жаңашыл ұстаз болады деген жақсы лебіз білдірді. Жеңімпаздар мен қатысушы жас мамандарға мадақтама қағаздар мен сыйлықтар табыс етілді.
Мәншүк ауылы
Манаргүл Смағұл