Тақырып :С.Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі(«Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясынан үзінді)
Мақсаты:
Әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру.
Күтілетін нәтиже: өз бетінше іздену жұмысын жасау арқылы шығармаға кешенді және аннотациялық талдау жасай алады; өз ойын еркін, толық жеткізе біледі;
адамгершілік қасиеттерді, оның ішінде кішіпейілділік, кеңдік қасиеттерді бойына сіңіреді;
халқымыз қадір тұтқан аң – құстарды аялауға, табиғатты сүюге, көршіні қадір тұтуға үйренеді.Саятшы Ораздың бойындағы көпшілікте бола бермейтін ерекше қаситтерін анықтау және оны мәтін мазмұнын дәлеле келтіре отырып әңгімелейді.
Кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз-талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Қызығушылықты ояту( 2мин) Абай
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі тыңдалады.Оқушылар өз ойларын айтады.
Тақтаға бүгінгікүн жазылып,дәптерге оқушылар тақтаға тақырыпты жазады.
«Саятшы Ораз» әңгімесі жайлы видео тамашалау.Оқушылар өз ойларын айтып шығады. ( 3 мин)
Мағынаны тану.Шығарманың 3 абзацын оқушылар барлығы оқып шығып, Саятшы Ораздың портретін тақтаға жазып шығады.Сосын кітапты қайтадан ашып ,қалып қойған жерлерін қайтадан толықтырып жазып шығады.Оқушыларда тақтадағыны жазып отырады.( 7 мин)
Оқушыларға 3 абзацты оқуға беріледі.Мұнда оқушылар тақтаға әңгімедегі кейіпкерлер деп жазады. Мысалы:
Бағила-Сәбиттің әпкесі.
Сәйкестендіру кестесін жасайды.Қиылған қағаздарда кейіпкерлердің аттары жазылған.Оқушылар оны тауып қою керек. (3 мин)
Оқушылар мәтінді толық оқып шыққан соң,шағын көрініс қоюға уақыт беріледі. (5 мин)
Глоссарий.Бір оқушы мәтін ішіндегі сөздерге түсініктеме береді.Бір оқушы шығады.
(3 мин)
Саятшы - құсбегі, құс баптаушы.
Сауға беру - ақысыз олжа үлестіру.
Қаршыға - өте алғыр құс
Шілік - өсімдік.
Ителгі - жыртқыш құс
Жазылмай қалған жерлерін интербелсенді тақтадан көрсету. (Bilіmland сайтынан) 2мин
Бір оқушы «Саятшылық» туралы ғаламтордан іздену жұмысын жүргізеді.Түсінгенін оқып, айтып береді.
Топтық жұмыс. (5 мин)
1 – тапсырма
1 –топ Әңгімеге жоспар құру
1. Жаңа қоныс.
2. Саятшы Ораз.
3. Ораздың мергендігі.
4. Ораздың құс баптау шеберлігі.
5. Оразға үйір болған балалар.
6. Ораздың адамгершілігі.
7. Аңшылық туралы әңгімелер.
2 - топ.
Композициялық құрылысына талдау
Басталуы - Мұқан үйінің Сүлейменнің ауылына көшіп келуі.
Дамуы. Ораз үйімен қатар қоныс те буі.
Шиеленісуі.- Мұқанның сырқаттануы.
Шарықтау шегі - Арқа сүйеген Сүлейменнің сараңдық танытуы
Шешімі - Ораздың адамгершілік танытуы
3-тапсырма Топтастыру
(3мин)
Кейіпкер: Ораз
Өмірге қызығушылығы: өте жоғары, кедейшілікке мойымай, аң аулап күн көрді, елге көмектесті, әрдайым жайдары жүрді.
Адамгершілік қасиеті: Мол олжасын елге сауғаға берді, мейірімді, қайырымы мол адам.
Кейіпкерге берілетін баға: өте жақсы
Сүлеймен – орта дәулетті, сараң адам.
4-тапсырма. «Ізденушілік жұмыс» (3 мин)Екі оқушы жазып келгендерін оқып шығады.
1- оқушы.Аңшылық, құсбегілік туралы шағын әңгіме жаздыру.
2-оқушы.Мақал-мәтелдер, ырымдардан мысалдар келтіру
«Дәлелді мінездеме» бойынша шағын эссе жазу.
«Ораздың бойындағы мені таң қалдырған қасиеті...»
«...Оның бұл қасиеті әңгіменің мына тұсында көрінеді...»
«...Бұл қасиетіне таң қалған себебім... »
Бұл сөздер тақтаға жазылып қоямын.Оқушылар жазғандарын дауыстап оқиды.
Мысалы, Ораздың бойындағы мені таң қалдырған қасиеті-жомарттығы.Оның бұл қасиетін оның аң аулап алған аңдарын елге тарататынын көруге болады.Ол өз олжасын өзі пайдаланса тұрмысын жақсартып алуына болар еді.Бұл қасиетіне таң қалған себебім,оның өзінде ешқандай мал болған жоқ.Қазіргі заманда адамдар өз несібесін біреуге беруі мүмкін емес деп ойлаймын.
Сабақты бекіту.Тест сұрақтарына жауап береді. (2мин)
Бағалау. «Рефлекциялық нысана»
Т.Е.Хасенова