№26 орта мектебінде «Тілдер
онкүндігі» ашық сабақтар іс-шарасы өткізілді
Мақсаты:Тілдер онкүндігінне орай өткізілетін іс-шаралар арқылы оқушылардың тіге деген сүйіспеншілігін ояту,өзге ұлт балаларын қазақ тілін сүйіп оқуға,құрметтеуге баулу,отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Атаулы шара ақпан айының 14-нен бастап,22-щі ақпанға дейін жалғасты.Тілдер онкүндігінде қазақ тілі ,орыс тілі ,ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері бір кісідей атсалысты.Тілдер онкүндігі тіл мұғалімдері арнайы дайындаған ашылу салтанатымен басталды.Ашылу салтанатында онкүндікте болатын іс-шаралар
жоспарымен таныстырып,оқушылар мен мұғалімдер концерттік бағдарлама қойып,тіл туралы өлеңдер мен әндер айтылды..Арнайы дайындалған видео материалдары көрсетілді.
Ақпан айының 14-нен бастап «Тіл менің-тірлігімнің айғағы атты» шығармалар сайысы ұйымдастырылып ,оған жоғары сыныпоқушылары Жирен Ұлболсын ,Бейсенбаева Әсемгүлдер қатынасып,белсенділік
танытты.үздік шыққан шығармалар арнайы ұйымдастырылған көрмеге қойылды. Сонымен қатар тіл мұғалімдері ашық сабақтар мен пән бойынша тәрбие сағаттарын да өткізіп,онкүндік одан әрі жандана
түсті. Мектептің 1-қабатына тіл мұғалімдері арнайы көрме де ұйымдастырды. Аталған күні қазақ тілі пәні мұғалімі Т.Е.Хасенова, 7 «А» сыныбында «Саятшы Ораз» тақырыбында ашық сабақ өткізіп,сабақта қазіргі жаңа технологиялардың көптеген түрлерін қолданып,сабақты түрлендіре түсті.Әр күні 15 минуттық үзіліс кезінде тіл мұғалімдері әртүрлі викториналық сұрақтар мен логикалық ойындар ұйымдастырылды.Ойынға барлық орыс және қазақ сыныптары қатынасып,жауап берген оқушыларға жетондар таратылды.Жетонды ең көп жинаған оқушы онкүндіктің жабылуында марапатталатын болды. Ақпан айының 15-і күні қазақ тілі мұғалімі А.Д.Исаева 5 «А»сыныбында «Дауыссыз дыбыстар» ашық сабағын өткізіп.сабақта кейінгі кезде
қолданып жүрген жаңа технология элементтерін кеңінен пайдаланып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түсті.Сонымен қатар орыс тілі мұғалімі А.С.Жавбатырова пән бойынша «У нас сегодня пять уроков» атты тәрбие сағаты мен 6 «Б» сыныбында «Станционный смотритель» атты ашық сабақтарын әртүрлі көрнекілік түрлерін молынан пайдаланып,оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Мұғалім қай сабағы болса да,қызықты өткізуге тырысады.
Ағылшын тілі мұғалімдері,жас мамандар А.Х.Утешова «Travelling for health» 6 «А сыныбында, А.У.Олжабаева «Комнаты моем доме» 2 «Б» сыныбында, А.К.Кенеева «Going to Britain» 7 “Б” сыныбында ағылшын тілі пәндерінен қызықты да тартымды,тың ойларға толы ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізіп, онкүндік күндерін жандандыра түсті.Сонымен қатар қазақ тілі мұғалімдері Б.Ж.Апақанов пен
А.Д.Исаева оқушылардың тіл байлыған дамыту мақсатында өткізген «Қазақ тілінің болашағы қандай?» және «Мейірімділік деген не ?» атты өткізген дебаттары оқушылардың тілге деген жанашырлық қабілеттерін арттыра түсті.Дебат соңында ең үздік дебатшылар анықталып,марапаттауларға ие болды.
Онкүндік соңында белсенді қатынасқан оқушылар әртүрлі марапаттауға ие болды.Мысалы, 7 «А» сынып оқушысы Дүйсенбай Әли «Ең үздік ағылшын білгірі» атанса, 7 «Б» сынып оқушылары Дюдин Кирилл мен Саранчева Веолетта «Ең үздік викторина ойыншысы» номинацияларына ие болды.
Онкүндіктің қызықты да тартымды өтуіне қатынасқан барлық тіл мұғалімдері мен оқушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Директордың ОІЖ орынбасары
Тұрсынгүл Хасенова