"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

18.02.2017

Күні:

16.02.17.

Сыныбы:6 «А»

Пәні: Информатика                 

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру.

Сабақтыңмақсаты:

Білімділік: оқушыларды Microsoft Word бағдарламасында кестенің мүмкіндіктерімен таныстыру, кесте құра білуге үйрету;

Тәрбиелік: оқушыларды бірлікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын айта білуге үйрету, шығармашылық 

қабілетін  және ой ұшқырлығын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.

Сабақтың әдісі: практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, компьютер, плакаттар, таратпа материалдар.

Сабақтың барысы:                                  

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу;

ә) түгендеу;

б) назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Көпбағанды мәтінді қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?

2. Бағандар бұйрығы мәзірдің қай пунктінде орналасқан?

3. Құжаттың емле қателерін қалай тексереміз?

4. Мәтінде ең көп дегенде қанша баған қолдануға болады?

5. Құжатты қағазға басып шығарудың дайындық кезеңдерін атаңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ

Біз кесте ұғымымен бұрыннан таныспыз. Мысалы сендер қандай кесте түрлерін білесіңдер? Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік редакторында кесте құруды

жеңілдетеді. Олай болса, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын

жазамыз. Кестелер. Кестелерді құру. Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін.

  Кесте құрудың үш әдісі бар:

1-әдіс.  Мәзір жолы: Кестеà ҚоюàКесте

2-әдіс.  Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі

3-әдіс.  Мәзір жолы: КестеàКесте сызу

1 әдіс.  Мәзір жолы: Кестеà ҚоюàКесте

Word мәтіндік редакторында кестелерді құру үшін:

    Меню жолынан «Вставка» батырмасын басып, терезеден «Таблица» командасын шертеміз, қосалқы терезеден бағаны  мен жолын сұхбаттасу терезесінен орындасақ экранда Вставка таблицы диологтік терезесі шығады. Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі. ОК батырмасын шертсек жеткілікті. 

  Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалогты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жүзінде қолданылмайды.

Ұяшықтарды біріктіру үшін:

Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:

-      Контекстік  менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.

-       Макет - Объединить ячейки

Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін: Бөлу керек ұяшыққа тінтуірді орналастырып:

-       Контекстік  менюден Разбить ячейки командасын орындаймыз.

Қатар немесе бағандарды өшіру үшін:

Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып:

-       Конт менюден - Удалить строки немесе Удалить столбцы командасын орындаймыз.

ІV. Жаңа сабақты бекіту. Компьютермен тәжірибелік жұмыс.

 «Сабақ кестесі»

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

  V. Сергіту сәті

Жұмбақ шешу

Тұрады ол жолдармен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан

Кәне ойланып көрейік ол не екен?

Баған менен жолдарды қиылыстырған (Кесте, Таблица)

Кестенің бір негізгі элементі 

Көлденең ұяшық құру қызметі

Ұяшық емес, баған емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі (Жол, Строка)  

Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды,

Баған менен жолдардың қиылысы

Кестеде қай элементті құрайды? (Ұяшық, Ячейка)

VІ. Қорытынды.

             Ал, балалар сонымен бүгінгі сабақта не білдік? Не үйрендік? Қане есімізге түсірейікші? Кім айтады?

 

VII. Үйге тапсырма. §22 Кестелер. Кестелерді құру. Эссе.

VIIІ. Бағалу. Бағалау парағы бойынша оқушылар

бірін-бірі бағалайды.

 

Просмотров: 1288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст