"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.02.2017

Тақырыбы:  Металдар мен сұйықтардағы электр тогына есептер шығару

Жалпы мақсаты

 оқушылар әр түрлі ортаның электр тогын

өткізуіндегі 

- заряд тасушыларын

- негізгі заңдарын

-техникалық қолданулары туралы алған білімдерін бір жүйеге келтіруін біле алады. 

Оқыту нәтижесі

·        Оқушылар әр ортадағы  электр тогын негізгі

тасымалдаушылардың не екенін біледі;

·         Тәжірибелерді бақылай отырып кейбір зандарды

физикалық мағынасын түсінеді;

·        Заңдылықтарға демонстрациялық негізде дұрыстығына көз жеткізеді

Негізгі идеялар

Дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып,

оқушылардың физикаға танымдық қызығушылығын арттыру. Әр түрлі ортадағы электр тогы тарауында қиындық туғызатын есептерді шешу жолдарын

анықтау. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, өз бетімен және топ болып жұмыс атқаруға дағдыландыру

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті  тақта, слайд-шоу, тақырыптық тест,

 тәжірибе, есептер жинағы

Қолданылатын технологиялар: СТО, ақпараттық технология.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,  өмірмен байланыс.

I.                 Ұйымдастыру бөлімі.

А)Тренинг «өзін- өзі реттеу(әлеуметтік)»

Сұрақтар:

a)      Өткен сабақта қандай сыныптастарыңмен жұмыс істедіңдер?

b)      Сендерге қандай  жұмыстың түрі ұнады?

c)      Сыныптастарыңның есептер шығара алмау кезіндегі алаңдаушылық сезімдерін байқадың ба?

d)      Есепті шығару немесе тапсырманы орындау кезіндегі өзара келісімге  қалай келдіңдер?Немесе келіспеушіліктерді атап өтіңдер.

  б)Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан

дамуының басты бағыты» жолдауынан: «Қарқынды дамып келе жатқан оңтүстік өңірде

электр энергиясы бойынша тапшылық бар. Біз ешкімге тәуелді болмауға тиіспіз.

Бұл мәселе өте көптеген жайттарды шешеді.»

в)Сынып 2 топқа бөлу.  Топ басшыларын сайлау. Бағалау парағы беріледі.

II. Сабақтың барысы.

1-бөлім: Не білдім?

2-бөлім: Не үйрендім?

3-бөлім: Не білгім келеді? «Тәжірибелер кезеңі»

Сергіту сәті

4-бөлім: Не ұқтым?

5-бөлім: Үйге тапсырма беру.

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды бағалау.

I.Не  білдім?

Мынау жаңа заманда

Компьютер, ұялы телефон,

Жеңілдетіп жұмысты.

Қолды – аяқты баладай,

Адамға болған пайдалы.

Ток болмаса, бұл да жоқ,

Токпайдасы осындай.

(Мұнда оқушылар үй тапсырмасы бойынша «Тұрақты ток» тарауын  қайталау сұрақтарына  жауап  береді  және есеп тексеріледі.)

1.     Электр тогы дегеніміз не? (еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы)

2.     Электр тогының қандай әрекеттері  бар?  (жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық)

3.     Тұрақты ток көздерін ата. (гальвани элементі, аккумулятор және генератор)

4.     Ток күшін өлшейтін құрал?                        (амперметр)

5.     Кернеуді өлшейтін құрал?                           (вольтметр)

6.     Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымда. (осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал) I=U/R

7.     Асқын өткізгіштік құбылысын ашқан кім? (Каммерлинг-Оннес)

8.     Өткізгіштерді жалғаудың  қандай түрлері бар?            (екі, параллель және тізбектей)

9.     Токтың қуатын өлшейтін құрал?      (ваттметр)           

10.           Ток жұмысын есептеуге арналған құрал?  (электресептеуіш)

11.           Джоуль –Ленц заңын тұжырымда. (өткізгіш бойымен ток жүрген кезже өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал) Q=I2 Rt

12.          Электр лампасының қылсымы қай металдан жасалады? (вольфрам қылынан)

Элект тізбегін жинайық:

Өткізгіш сымдар

Қосылмаған сымдардың түйісуі

Қосылған сымдардың түйісуі

Гальвани элементі

Генератор

Қыздыру шамы

Кедергі (резистор)

Кілт

Қысқыштар

Амперметр

Вольтметр

Гальванометр

Аккумулятор, батарея

II. Не үйрендім?

Параллель қосып сымдарды,

Тізбектей қосып сымдарды,

Ағамыздай  ГЭС  Сергей,

Жүрерміз свет тексеріп.

(Мұнда оқушылардың осы тараудағы формулаларға есеп шығара алу қабілеті тексеріледі).

1-топқа:

1-есеп №489. 73-бет

25 Кл заряд өткенде, ток күші 25 кА электрлік заряд қанша уақытқа созылады?

2-есеп №496. 74-бет.

Егер 10 Кл заряд орын ауыстырғанда 2200 Дж жұмыс жасалса, онда реостаттың кернеуі неге тең?

3-есеп №536. 78-бет.

Кедергісі 30 Ом электр шайнегінің спиралі кернеуі 120 В электр желісіне қосылған. Шайнектің спираліндегі ток күшін табыңдар.

4-есеп №673. 91-бет.

Ток күші 5А желіге жалғанған.кедергісі 30 Ом электр пешінен 1 минутта қанша жылу бөлінеді?

2-топқа:

5-есеп №509. 75-бет.

Кедергісі  24 Ом, ұзындығы  4,8 м  нихром сымының  көлденең  қимасының  ауданы  қанша?

6-есеп №558. 80-бет.

Бізге бір-біріне және реостатқа тізбектей жалғанған әрқайсысының кедергілері 25 Ом-ға тең екі шам берілген. Тізбектің жалпы кедергісі 62 Ом. Реостаттың кедергісін есептеңдер.

7-есеп №571.  82- бет.

Тізбек  кедергілері 1,5 Ом және 10 Ом болатын параллель  жалғанған  өткізгіштерден тұрады. Оның жалпы кедергісін табыңдар.

8 есеп. Эксперименттік есеп №669.  90-бет.

Қуаты  120 Вт  теледидар  3сағ  жұмыс істегенде,  энергия  шығыны  қанша теңге тұратын болады? (1кВт*сағ-10 теңге).

III. Не білгім келеді?

Метал, метал, металдар,

Неше түрлі металдар,

Бірі токты өткізеді,

Бірі токты өткізбес.

Білгім келеді металда,

Токты өткізеді не пәле?

Тәжірибелер кезеңі

Денелердің электрленуін көрсету. ( тарақ, қағаз қиындылары, шар, эбонит таяқшасы, синтетикалық мата,

электроскоп)

Тақырыптық тест орындау.

«Металдардағы және сұйықтардағы  электр тогы».

Сергіту сәті: бәріміз орнымыздан тұрамыз,  қолымызбен жалғану түрін көрсетуін сұрау. Бұл тәжірибеден не байқадыңыздар? Параллель және тізбектей

IV. Не ұқтым? Рефлексия

Метал, метал, металдар,

Неше түрлі металдар,

Токты өткізеді  металда

Еркін атты электрондар.

Стюарт – Толмен есептеп,

Меншікті заряд табылған.

Дәл осылай дәлелденіп,

Металдағы электр тогы

Еркін электронның ретті қозғалысы.

«Чемодан, еттартқыш, корзина»

V. Үйге тапсырма беру.  Бағалау  парағы арқылы оқушыларды бағалау.

 «Электр тогының тұрмыста қолданылуы» туралы шағын әңгіме жазу.

Оқушылар бағалау парағы арқылы бағаланады.

«Тұрақты токты» меңгеріп,

Кернеу,  токты өлшеп ап,

Ток қуатын тексеріп,

Ток жұмысын есептеп,

Біз болашақ мамандар,

Елімізді көркейтер

 

Просмотров: 2392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст