"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11.02.2017

МҰҚАҒАЛИДЫҢ ТУҒАН КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

9  ақпан күні Мұқаңның туған күнін атап өтпейтін, оның поэзиясына бас имейтін кемде-кем шығар... Барлық телеарналардан, радиолардан естіп,  жырларын тыңдап жатты бүкіл ел. Осы күні №26 Мәншүк орта мектебі ақынның  туған күнін «Есіңе мені алғайсың» атты үлкен поэзия кешімен атап өтті.

 Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай,

Неге жатыр мына адамдар тойламай.

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай...- деп бастап, мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Д. Исаева, мұғалімдер А.Б. Жақан мен Г.Қ. Есқожина Мұқағалидың өмірінен сахналық көрініс көрсетті. Кешті жүргізген  10-сынып оқушылары  Жирен Ұлболсын мен Еркін Елхан ақын өмірінен біраз мәліметтер оқып, бейнероликтер көрсетті. 

Одан әрі мектеп оқушылары мен мұғалімдері А.Т. Асан, К.А. Мәндібекова, А.Б. Жақан ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Әндері де кезектесе шырқалып жатты.  «Бақытыңды жырлайды» әнін мұғалім Асан Елдос, «Мен деп ойла» әнін оқушы Еркін Елхан мен мұғалім А.Д. Исаева,«Саржайлау» әнін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Т.Е. Хасенова мен А.Д. Исаева орындаса, «Фариза» әнін домбырамен мұғалім Б.Ж. Апаханов айтып берді. Сондай-ақ оқушылар Еркін Елхан мен Жирен Ділмұрат «Сенің көзің» мен «Көнеміз ғой» әндерін орындады.

  «Мұқаңның өмірі, шынымен де, мұңға толы. Ол поэзиясымен өмір сүрді.  Бүгінгі кештің атмосферасы да ақын жанына  жақын болды, бейне бір ақын сырын ашқандай сезім ұялады. Ақиық  ақынды уақыт мойындады, тарих мойындады.

Қазіргі таңда оның поэзиясының алдында бас имейтін жан жоқ, өлеңдеріне әндеркөптеп жазылып жатқанын бәріміз естіп жүрміз» - деп бастап, мектеп басшысы Ғ.Қ.Исаев дара тұлғаның өмірі мен жырлары жайлы біраз көңілге қонар сөз қозғады. Кештің соңында ұстазымыз Х.У. Қабылдинова киелі домбырамен «Есіңе мені алғайсың» әнін

салып, жиналған жұрттың көңілін толқытты.

 

Қазақ тілі пәні

мұғалімі

Исаева Арайлым Дулатқызы

Мәншүк ауылы

Целиноград ауданы

Просмотров: 568


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст