Математика,
физика және информатика кеші
Тақырыбы:
«Ғылымдар патшасы»
Мақсаты:
· Мектеп көлемінде ұйымдастырылған кештің негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру;
· Математика пәні бойынша білімдерін кеңейту;
· Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру
І-жүргізуші: Елдос Армысыздар құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар. Бүгінгі математика, физика және информатика пән бірлестігінің онкүндігіне байланысты өткелі отырған кешімізге қош келдіңіздер.
І-жүргізуші:
Елдос
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түседі уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп Абай атамыз айтқандай, математика, физика сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен физикамен әрі қарай сырласып, кейбірлерімен мұңдасып қалу үшін өткізгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ-жүргізуші: Галина
В цепи человек стал последним звеном
И лучшее все воплощается в нем
Как тополь вознесся он гордой главой
Умом одаренный, и речью благой.
Вместилище духа и разума он –
Весь мир бессловесный ему подчинен.
Пусть эти слова знаменитого философа Фирдоуси станут эпиграфом этого вечера, а девизом станут
слова: «ЗНАНИЯ-СИЛА».
Музыкальный номер – в испонении ученика
10 а класса Еркен Ельхана
І-жүргізуші:
Елдос
Ғылымдардың ғылымы,
Физика жайында
Кешімізді бастаймыз.
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық.
Физика құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Табиғаттық қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика дүние кілті бүгінде.
ІІ-жүргізуші:
Галина
Есть о математике молва,
Что она в порядок ум приводит,
Потому хорошие слова
Часто говорят о ней в народе.
Елдос: келесі музыкалық сәлемдеме математика пәніне арналады, орындайтындар: 7-8 «Б» сынып қыздары
ІІ-жүргізуші: Галина
Продолжается век.
И другой приближается век.
По кремнистым ступеням
Взбираясь к опасным вершинам…
Никогда, никогда, никогда
Не отдаст человек
Своего превосходства
Умнейшим машинам!
І-жүргізуші:
Елдос
Компьютер бұйым жарамды,
Жетістігі ол ғылымның.
Үйренген кілтін алады
Ілім менен білімнің.
Ғылымның ең биігі –
Информатика пәні.
Компьютерді үйреніп
Жатыр жас пен кәрі.
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға- дей келе сөз
кезегін информатикалық батаға береміз. Ортаға 7 «А» сынып ұлдарын шақырайық
Ал енді ортаға әрсыныптан бір оқушы шығып, «Қызықты тапсырма» алып орындау керек. Тапсырмалар бүгінгі кешіміздің себепкерлері математика, физика және информатика пәндерінен болады.
І-жүргізуші:
Елдос
Математика, шынында,
Ғылымдардың патшасы.
Барлық нақты ғылымға
Апарар жолдың қақпасы.
Үйретер өлшеу, сызуды
Геометрия секілді,
Кеңітер ой мен ұғымды,
Сала бар онда не түрлі.
Алгебра болса сиқырлы
Цифрлардың мекені.
Жұмбақ-сырды мың түрлі
Есептеумен шешеді.
Физикадан ұғарсың
Табиғат құбылыстарын.
Атомдардан тұратын - деп
ортаға физикалық өлең жолдарына кезек берейік. Орындайтын 10 «А» сынып оқушысы Еркен Елхан
ІІ-жүргізуші: Галина
Во всем мне хочется дойти до самой
сути.
В работе, в поисках пути, в
сердечной смуте.
До сущности протекших дней, до их
причины,
До оснований, до корней, до
сердцевины.
Информатика,
ты нам даешь
Для победы трудностей закалку
Учится с тобою молодежь.
Развивать и волю и смекалку.
І-жүргізуші:
Елдос
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Математика кереметті көрсетті елге.
Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік Архимедті басып озған.
Жалынды патриот, батыр ғалым.
Ғасырлар түкпірінен басып озған.
Келесі номерде 7 «А» сынып оқушысы Жиренов Ділмұраттың орындауында музыкалық сәлемдеме
ІІ-жүргізуші: Галина
И за то что в творческом труде
Выручаешь в трудные моменты
Мы сегодня – математика – тебе
Посылаем гром аплодисментов.
І-жүргізуші: Елдос
Физика – тілдестер табиғаттың тілі
екен ғой,
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.
Аттасаң аяғыңды алдыңа орап
Артыңнан қалмайды екен тірі де ол.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Бәрінің бағынары физика ғой.
Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем..
Ал қазір 7а сынып оқушыларының орындауында күй
І-жүргізуші:
Елдос
Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кештің төрінде
Математика, физика, информатика кешінде
Ғылымдардың тілінде.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Фигуралар тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
Ортаға 5 сынып оқушыларын шақырайық
І
жүргізуші Елдос
Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің
Білім берген ұста деген қауымның
Бойға жинап қайрат, жігер, намысты
Бағындырып МИФ әлемін, ғарышты
Біз тәуелсіз мемлекет ұланымыз
Бар екпінмен самға алға, тек қана алға
Жаңа, жаңа асуларға.
Білім алып Гоголь орта мектебінде
Бар білімді болашаққа арнаймыз
Желбіретіп, татулық пен достықты
Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз.
ІІ жүргізуші: Галина
Учителю умному, стойкому,
Избравшему сложный маршрут.
Клянемся пятерками,
Что мы уважаем ваш труд.
Учитель-как будто не модно
Другие професси чтут...
Спасибо за ваш благородный
И самоотверженнй труд!
Слова передается директору школы Исаев Гани Куантаевичу.
І жүргізуші (Қорытынды.) Елдос
Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады.
Кеш қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелер тәлімі мол әсерді.
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет- деп бүгінгі
математика, физика, информатика пәндеріне арналған кешімізді аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар.