"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.02.2017

26 орта мектебіндегі «Мың бала» жобасы  бойынша өткізілген іс-шарасының

есебі

   №26 орта мектебінде осы аталған жоба  бойынша бірнеше тәрбие сағатары мен викториналық, ұлттық ойындар өткізілді. «Асыл сөз» мектебі бойынша шешендік өнерге баулу бағытында Апаханов Б.Ж. жұмыс істейді. Осы бағыт бойынша «Билер шықса  сайысқа» атты сайыс сабағын өткізіп, оқушылардың шешендік сөзге деген қызығушылығын арттыра білді. 5-11 сынып  оқушылары белсене қатынасқан  бұл  іс-шарада  жекелеген оқушылар елді ауызына қаратып, ердің құнынын екі ауыз сөзбен шешкен Төле, Қазыбек, Әйтеке би, Бөлтірік шешендердің бейнелерін сомдап, сайыс соңында  әр оқушы өздеріне берілген тақырып бойынша постер жазып, топ болып және жеке қорғау жұмыстарын жүргізді. Жоғары деңгейде өткізілген сайыста Қарашаш сұлуды бейнелеген 5-сынып оқушысы Тұрғымбаева Маржан, 10-сынып оқушысы Жирен Ұлболсын және  8-сынып оқушысы Бейсенбаева Әсемгүл ерекше көзге түсті. Викториналық ойындар бағытында қазақ тілі мұғалімі Хасенова Т.Е.әр аптада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты сұрақтар қойып,оқушылардың танымдығын,ізденушілігін арттыра білді.Сонымен қатар оқушылардың өздері де сұрақ дайындап,ізденушілік қабілеттерін көрсетті. Сайыста жеңіске жеткен оқушыларға арнайы сыйлықтар тапсырылды.Ұлттық және спорттық ойындар

бағытында  «Алтын асық» ойынын Исаева А.Д. орыс сыныптары арасында өткізді.Ойынға 5-9 сыныптар оқушылары белсене қатынаса білді.Ойын жарыс түрінде өткізілді. Жеңіске жеткен оқушыларға

мадақтама грамоталары тапсырылды. 1-орынды 6 сынып оқушысы Саруарова Алина жеңіп алса, 2,3 орындарды Шиляев Олег пен Мандриченко Николай бөлісіп алды. Жалпы ойын өз мақсатына жетті деп ойлаймын. «Тәуелсіздік -тірегім» бағыты бойынша 5-11 сынып аралығында шығармалар сайысы өткізілді.Сайысқа 15 шақты оқушы қатынасты.Барлық оқушылар да Тәуелсіз еліміздің өткен тарихы туралы ой  толғады. Жеңіпаз атанған оқушылар

мақтау грамоталарымен марапатталды. «Мың бала»  жобасына барлық тіл мұғалімдері белесене қатысты.                         Қазақ тілі мұғалімі:                    Хасенова Т.Е.                     

Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст