"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.02.2017

№26 орта мектебіндегі 

игілікті шара

Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы,болашағымыздың кепілі» демекші Ақмола облысының осынау кішкене  Мәншүк Маметова атындағы ауылда Алматы қаласында өтіп жатқан 28- ші қысқы универсиада ойындар қарсанында № 26 орта мектебінде ұстаздар командасы арасында  баскетбол,волейбол ойындарынан жолдастық кездесулер болып өтті. Спорт десе ішер асын жерге қоятын қазақпыз ғой. Осы кездесуге Жалғызқұдық ауылындағы №24 орта мектебінің ұстаздары мен Шалқар ауылындағы № 29 орта мектебінің ұстаздары өз біліктілігін ортаға салып өте жақсы деңгейде ойын көрсетті.

Осы  жолдастық кездесулерде Баскетбол ойынынан  1-орынды  Жалғызқұдық орта мектебінің ұстаздары жеңіп

алса, 2-орын Мәншүк орта мектебі, 3- орын Шалқар орта мектебі иеленді.

Волейбол ойыны қызыққа толы  ойын болып өтті, осы ойында 1- орынды   Мәншүк орта мектебі жеңіп алды. 2- орынды Шалқар орта мектебінің ұстаздары иеленсе, 3– орынды Жалғызқұдық орта мектебінің ұстаздары еншіледі.

Мектебімізге келген ұстаздарға жарыс соңында  мектеп директоры Исаев Ғани Қуантай ұлы құттықтау сөз сөйлеп, 1 –ші орын алған командаларды кубоктармен және мақтау қағаздарымен марапаттады. Марапаттау барысында 2 номинация бойынша мақтау қағазы қоса тапсырылды.

«Өнерлі  Баскетболшы» номинациясы бойынша № 24 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 

Зампай Өнербек марапатталды. «Шебер Волейболшы» номинациясында № 26 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кинеев Архат Арғынұлы марапатталды.

«Спорт – денсаулық кепілі» деген мақсатпен осындай игі спорттық іс – шаралар жалғасын таба береді деген

сенімдеміз.

                                                 

                                                                                           

          

                                           Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Қожамжар Д.Ж   

Мәншүк ауылы

Просмотров: 528


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст