«Алгоритм» математика, физика және информатика пәндер бірлестігінің
2018 оқу жылындағы 5 ақпан мен 16 ақпан аралығында өткізілген
онкүндігінің есебі:
«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» атты онкүндігі
Мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Онкүндіктің ашылу салтанаты 5 ақпан күні 15 минуттық үзіліс кезінде болып өтті. Ашылу салтанатында оқушыларға онкүндіктің басталғанын, оның тақырыбы мен мақсатын және болатын іс-шаралармен таныстырылып, әр сыныпқа ашылу салтанатына орай жеке-жекетапсырма салынған шарлар дайындалып ұсынылды. Әр сыныптан оқушы шығып, әркім өзі шарды таңдап алып, оны жарып, өздерінің тапсырмаларын алды. Осылайша әр сыныпқа ребустар, сөзжұмбақтар, логикалық тапсырмалар мен жұмбақтар, рефераттар берілді.
Дәл осы күні алгебра пәнінен 7 «А» сыныбында Балтабаева Бақытгүл Қайкеновна «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» ашық сабақ өткізді. Сабақ өте жақсы өтті. Мұғалім қойған мақсатына жете алды. Оқушылар жаңа бағдарламаға сай жұмыс жасап, өздерін көрсете алды.
6 ақпан күні дәл осы 7 «А» сыныбында физика пәнінен «Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу» атты ашық сабағын Жакупова Асель Ораловна өткізді. Сабақ жақсы өтті. Мұғалім мақсатының басым бөлігін орындай алды. Оқушылар да белсене жұмыс, тек уақытпен санасу керек екендігі ескерілді.
7 ақпан күні математика пәнінен 5 «А» сыныпта «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту» атты ашық сабағын Сармулдиева Бибінұр Аманжоловна өткізді. Жаіа бағдарламаға сай өткізілген сабақ өте жақсы өтті. Оқушылардың барлығы белсенділік танытты. Оқушылардың аздығына қарамастан олар өздерін көрсете алды. Мұғалім мақсатына жетті.
8 ақпан күні информатика пәнінен Асан Елдос Талапбекұлы 7 «А» сыныбымен «Беттің өлшемдері, ернеулері.
Құжатты басып шығару» атты ашық сабағын өткізген болатын. Бірақ мұғалімнің әдіс-тәсілдерді аз қолданғандықтан оған басқа ашық сабақ өткізуді қайтадан ұсындық. Ал екінші сабағы 5 «А» сыныбында «Жандандырылған графика» атты тақырыппен өткізді. Бұл өте жақсы өтті. Оқушыларда көп жұмыс атқарды. Мұғалімде мақсатының басым бөлігіне жете алды.
9 ақпан күні 7 «Б» сыныбында геометрия пәнінен Евцихевич Ирина Михайловна «Сумма углов в треугольнике. Решение задач» атты ашық сабағын өткізді. Сабақ өте жақсы өтті. Оқушылардың барлығы жұмыс жасады. Мұғалім мақсатының басым бөлігіне жете алды. Мұғалім сабақты тарихпен, биология пәндерімен байланыстыра алды.
Онкүндіктің екінші аптасында сыныптан тыс сайыстар басталды. Алғашқы сайыс физика пәнінен 7-9 «А»
сыныптар аралығында «Физикалық калейдоскоп» шарасы болып өтті. Оқушылар белсене атсалысты. Сабақ жақсы өтті.
14 ақпан күні информатикадан «Информатика әлемі» атты 7 «А» сыныбында сайыс өткізді. Сайыс өте жақсы өтті. Мұғалімде, оқушыларда өте жақсы жұмыс атқарды.
15 ақпан күні математикадан 5-7 «А» сыныбында математикадан «Озық ойлы оқушы» сайысы болып өтті. Сабақ өте жақсы өтті. Оқушыларда керемет жұмыс жасады.
16 ақпан күні математикадан 5-11 сыныптар аралығында «Математика әлемі» атты сайыс сабақ өткізілді. Сабақ жақсы өтті. Тек уақытпен санасу керектігі ұсынылды.
Дәл осы күні онкүндіктің қорытындылау мақсатымен онкүндік уақытында белсене атсалысқан сыныптар мен жеке оқушыларға мадақтама берілді.
Онкүндік кезінде өткізілген ашықсабақтар мен сайыстарға төмендегідей ұсыныстар айтылды: сабақтаң
мақсатын дұрыстап қолдану, жаңа бағдарламаға сай әдіс-тәсілдер қолдану, уақытпен санасу.
Бірлестік жетекшісі: Жакупова А.О.