«Қызықты калейдоскоп» атты сыныптан тыс шара
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың физика пәнінен алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.
Дамытушылық: оқушылардың жұмбақтарды шеше білуге , қызықты логикалық есептерді шығара білуге , ойлау қабілетін дамытуға баулу .
Тәрбиелік: Оқушының ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке , ұқыптылыққа, адамгершілікке , өз ойын ашып айтуға, достыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
Мінеки сыныпта тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қостайық,
Кешіккендерді тоспайық
Ғылымдардың ғылымы,
Физикамыз жайында
Сайысымызды бастайық.
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Қызықты калейдоскоп» атты ойын сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі кешімізді 7,8,9 -ші сыныптардың арасында сайыс түрінде өткізгелі отырмыз. Бұл сайыста оқушылар екі топқа бөлінеді: «Ойшылдар» және «Тапқырлар» тобы.
Әділқазылар мүшесі сайланады.
Ал,қазір ойын шартымен таныстырып өтейін. Жалпы ойынымыз 9 турдан тұрады:
Сайыс жоспары
І. Таныстыру
ІІ. «Сырлы сауалдар»
ІІІ. Физикалық жұмбақ
ІV. «КІМ ТАПҚЫР!» ( Ой жинақтау).
V. «Тіл - өнер»
VI. «Эксперименттік тапсырма».
VII. «Мақал-мәтелдер»
VIII. «Терминдер»?
IX. Жекпе -жек (Топ басшылары сайысы)
1. Таныстыру.
IІ. «Сырлы сауалдар»
(Бұл сайыста сұрақтар 2 топқа да беріледі. Қай топ көбірек ұпай жинаса, сол топ басқа сайыстарда бірінші
болып жауап беру мүмкіндігіне ие болады).
1. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың тура ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?(сегізінші)
2. Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегш/
3. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/
4. Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/
5. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/
6. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/
7. Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/
8. Қандай зат сұйық күйден қатты күйге өткенде басқа атауға ие болады? (су)
9. Отбасында 7қыз және әр қыздың бір-бірден бауыры бар? Отбасында барлығы неше бала? (8)
10. 3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек? (3 сағат)
11. 100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 көжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді?( 1 кг)
12. Жандостың үйінің бақшасында кәрі бір ағаш бар. Әр жылы 25 сантиметр өседі. Жандос 8 жасар кезінде жерден 140 сантиметр биіктіктегі ағаштың діңіне ЖАНДОС деп есімін жазады. Жандос 12 жасқа толғанда бұл жазу қанша сантиметр өскен болады? (Еш өспейді. Өйткені кәрі ағаштардың діңі емес бұтақтары өседі.)
13. Физика не туралы ғылым? /табиғат/
14. Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/
15. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/
16. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/
17. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/
18. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/
IІІ. «Физикалық жұмбақ»
Жұмбақтар шешуін табуы керек, жауабы физика тілінде 1-2 сөзбен түсіндірілуі қажет. Шешуін тапқан үшін бір ұпай, физика тілімен түсіндіргені үшін екі ұпай. Жалпы үш ұпай қойылылады.
1. Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн мен ай - табиғи жарық)
2. Отқа жанбас суға батпас (Мұз - заттың қатты күйі)
3. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (су – сұйық күй)
4. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы - сырғанау үйкелісі, қысым)
5. Жүйрік өзі тұлпардан,Ұшқыр өзі сұңқардан.Күні түні жүйіткейді,Кең далада бір тарлан.(жел- конвекция)
6. Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене? (найзағай - оң, теріс заряд, табиғи жарық)
7. Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды. (масса – физикалық шама)
8. Жерде туып көкте өледі . (түтін –конвекция.)
9. Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар. (бор – жұғу құбылысы)
10. Көк лағым көген сүйреді. (ұршық – шеңбер бойымен қозғалыс)
ІV. «КІМ ТАПҚЫР!» ( Ой жинақтау).
Ғалымдар – 10 балл:
• Бұл ғалымды «сэр» деп атаған
• Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған
• Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы
• Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген
(Исаак Ньютон)
Ғалымдар – 20 балл:
Мына суреттегі ғалым кім?
Итальян ғалымы, инерция заңын ашқан.
(Галилео Галилей)
Ғалымдар – 30 балл:
Қай ғалымды Пушкин «Орыс халқының бірінші университеті» деп атады?
(М.В. Ломоносов)
Формулалар – 10
Бұл қандай шаманың формуласы? (жылдамдық)
Формулалар – 20
бұл қандай теңдеу? (қозғалыс теңдеуі)
Формулалар – 30
бұл қандай формула? g дегеніміз не? (дененің салмағы, еркін түсу үдеуі)
Аспаптар 10 :
Денелердің массасын өлшейтін аспап (таразы)
Аспаптар 20 :
Молекулалар мен атомдарды үлкейтіп көрсететін құрал? (микроскоп)
Аспаптар 30 :
Күшті өлшейтін құрал? (динамометр)
Өлшем бірліктер – 10:
м/с қандай шаманың өлшем бірлігі. (жылдамдық)
Өлшем бірліктер – 20:
м/c2 қандай шаманың өлшем бірлігі? (Үдеу)
Өлшем бірліктер – 30:
Ньютон қандай шаманың өлшем бірлігі. (күш)
Сергіту сәті:
Кел, күлейік!
Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?
Жауабы: МЫСЫҚ
V. «ТІЛ - ӨНЕР»
(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)
Дұрыс жауапқа қазақ тілінде – 10 ұпай, орыс тілінде – 10 ұпай, ағылшын
тілінде – 10 ұпай.
Сұрақтар:
1.
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)
2 Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)
3. Суға салсаң батпайы,
Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)
4. Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)
5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)
6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)
VI. «Эксперименттік тапсырма». «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.
«А» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы
Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.
Не байқалады?
Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.
Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.
2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді
жұмыртқаны стақанға ептеп сал.
Не байқалады?
Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.
Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.
«В» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: тарелка, сіріңке, маргонцовка қосылған су, стакан, тиын, тығын.
Тапсырма:
1. Тарелкеге тиынды саламыз , тығынға бекітілген сіріңкені орналастыр.
2. Марганцовка қосылған суды тарелкеге құйып, сіріңкені тұтат.
3. Сіріңкенің үстін стаканмен аударып, жауып қой.
Не байқалады?
Су стаканның ішіне қарай тартыла бастайды.
Себебі: стакан ішіндегі қысымы сіріңкеден шыққан жылудың әсерінен артып, салқын суды өзіне тарта бастайды. Ал стакан сыртындағы ауа қысымы дәл осы уақытта азая бастайды. Дәл осы кезде тиынның маңайында су қалмайды. Сол себепті қолымызды су қылмай тиынды ала аламыз.
VII. Мақал- мәтелдер. Интерактивті тақтада көрсетілген мақалдардың мағынасын айту қажет.
Мақал –мәтел |
Физикалық мағынасы. |
Жұпарды жасырғанмен иісі білдіреді. |
Диффузия. |
Аяқ сүрінсе , басқа салмақ түсер. |
Инерция. |
Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен |
Жылуөткізгіштік. |
Отқа салса, темірде балқиды. |
Заттың күйлері. |
Мақал –мәтел |
Физикалық мағынасы. |
Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар. |
Заттың күйі |
Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. |
Диффузия |
Алты қадам алдын көрмеген, алысқа ұзап кете алмас. |
Механикалық қозғалыс. |
Жел соқпаса шөптің басы қозғалмайды. |
Ньютонның бірінші заңы. |
VIII. Терминдер
Топтардың капитан командасына физикалық терминдер беру.
1. Атомдар мен молекулалар - Atoms and molecules.
2. Диффузия - Diffusion.
3. Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс -Еven and uneven motions.
4. Жылдамдық - Speed.
5. Инерция – Іnertia
6.Күш - force
IX. Жекпе -жек (Топ басшылары сайысқа түседі)
Бұл кезеңде әр топ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ сөзінен сөздер құрастыруы керек. Неғұлым көп сөз құраса, соғұрлым көп ұпай жинайды. Әр сөзге 1 ұпайдан бағаланады.
Қорытынды:
Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз.
Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!