«Жыл мұғалімі-2018»
17-наурыз күні №26 орта мектебінде «Үздік педагог» байқауы өтті. Мектебіміздің 6 мұғалімі – бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, технология, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері сынға түсіп, өз шеберліктерін көрсетті. Ережеге сай байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде ұстаздарымыз бар өнерлерін салып, әрқайсысы өз пәндерімен байланыстыра отырып өздерін таныстырды. Байқаудың бір
кезеңі шеберлік –сыныбы, ұстаздармыз қазіргі заман талабына сай сабақ өткізді.
Үшінші кезең «Шығармашылық шеберханасы» ұстаздарымыздың жеткен жетістіктерімен, шығармашылық жұмысымен танысуға арналды. Байқауға мектебіміздің директоры Т.Е.Хасенова, кәсіподақ ұйымының
мүшесі Х.У.Кабельдинова, математика пәнінің мұғалімі И.М.Евцихевич, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Исаева, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Кабдрахманова әділдік етті.
Нәтижесінде 1-орынды қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ахамай Бауыржан, 2-орынды бастауыш сынып мұғалімдері Беляева Е.А., Шепелева Н.Г., 3-орынды бастауыш сынып мұғалімі Мандибекова К.А., дене
шынықтыру пәнінің мұғалімі Қожамжар Д.Ж. алса, технология пәнінің мұғалімі Махметова А.А. белсенділік үшін грамотамен марапатталды.
Ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтап, мектебіміздің намысын қорғауға аудандық сайысқа қатысатын Б.Ахамайға сәттілік тілейміз!