"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

04.04.2018

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана

мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады.

                                                                                           

К.Д.Ушинский

Мәншүк ауылының  орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, әрі тренер – Г.М.Кабдрахманованың  жетекшілігімен  қаңтар айында мүмкіндігі мол  «Lesson Study» тәсілінің тиімділігін жүзеге асыру мақсатында мұғалімдер арасында  5 топ құрылды. Бізді алға жетелеуші тренеріміз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын топ басшыларын сайлап, әрбіреуімізге бағыт – бағдар бере отырып, ақыл – кеңесін айтып, сәттілік тіледі.  Айта кетер болсам, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Бауыржан Ахамайқызы, бастауыш сынып

мұғалімі – Шепелева Наталья Геннадьевна, география пәні мұғалімі – Манаргүл Смағұлқызы,  бастауыш сынып мұғалімі –

Мандибекова Кенжегүл Алашбаевна және Балтабаева Бақытгүл Кайкеновна сынды ұстаздар топты басқаруға, бірігіп жұмыс жасауға бел буды. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін тренерімізбен ақылдаса келе оқу барысында белгілі бір тақырыптар мен сабақ беретін сыныптарымызды таңдап алдық.

«Lesson Study» бойынша  Lesson Study - тәжірибеде оқыту мен оқуды жетілдірудің тәсілі демекші, әрбір топ өзара ақылдаса отырып, сабақты қалай тартымды өткізуге болады және оқушылардың таным белсенділігін, қызығушылығын қалай оятуға болады деген сұраққа жауап іздей отырып, «Белсенді әдістер», «Сабақта қолданылатын белсенді әдістер», «Критериалды бағалау», «Дефференциалды оқыту әдісі» және «Оқу мақсаты мен сабақ мақсаты» сынды тақырыптарды таңдап алды. Наурыз айының 15 –і күні мектебімізде Lesson Study тәсілі бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылау барысында, әрбір топ жетекшілері есеп берді. Lesson Study тәсілін іске асыру барысында  оны бірлесіп егжей - тегжейлі қалай жоспарлағандары жайлы,  содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізіп, ал қалған мүшелері  оқушыларды бақылағаны жайлы және  де тәсілдің ауқымды іске асқанына тоқталып кетті. Сонымен қатар шешілмеген , іске асыра алмаған мәселелерге де тоқталып, болашақта шешілмеген мәселелердің шешімін табамыз деген оймен қорытындылады. Lesson Study тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі. Оқушының терең ойлануына, оқушыны тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек. Демек, бұл тәсілдің оқыту мен оқуда ілгерлеушілік болдыра алатындай екендігіне ешқандай күмәніміз жоқ екенін растаймыз.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі                            Б.Ахамай

Мәншүк ауылы

 

Просмотров: 533

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст