Эссе
«Рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар рөлі»
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз бүгінгі жаңа атаулы еэртең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді» деп атап өткен болатын. Қазіргі таңда рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар рөлі ерекше. Педагогтар рухани жаңғыру арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұлтжандылыққа, патриотизмге тәрбиелейді. Мұғалімдер рухани жаңғыру жолында әр түрлі жұмыстар атқарып жатқаны белгілі. Ашық сабақ, тәрбие сағаттарын өткізу барысында әр түрлі әдістерді қолдану арқылы сабақтарын жандандырып келеді. Осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» жас ұрпаққа берері мол. Ұстаздар рухани жаңғыру жолында аянбай еңбек етуде. Педагогтар мерекелік іс - шараға, көрмеге қатысып, жас ұрпаққа үлгі болуда.
Қазіргі ұстаздардың ойы да, қиялы да, білімі де, жаңашылдықты талап етеді. Қай бағытты алсаң да, алдыңғы қатарда жаңашыл ұстаз тұрады. Мен өз мамандығымды жақсы көремін. Сондықтан мен осы мамандықты таңдадым. Бүгінгі таңның талабына сай қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі ретінде өз құндылықтарыма аса мән беремін. Үнемі өз білімімді жетілдіріп, сабақтарымды өткізу барысында жаңа технологиялардың әдіс - тәсілдерін қолданамын. Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген өсиетін ұстанып, ұстаздық жолды таңдадым. Мен 1-6 сыныптар аралығында орыс сыныптарына сабақ беремін. Шәкірттерімді қазақ халқының салт - дәстүрімен, фольклорымен таныстырамын. Олардың барлығына Қазақстан деген елде тұратынын, оның көпұлтты екенін айту, оның маңызын түсіндіру, қазақ тілін үйрету менің ұстаз ретіндегі міндетім. Мен шәкірттерімнен мейірімімді аямаймын,
себебі, мен - ұстазбын. «Отан елдің анасы, Ел ердің анасы» дегендей, дамыған отыз елдің қатарына енуді жоспарлаған біздің еіміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Сол себепті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» жаңалықтарынан қалт қалмай, ілгері жылжуымыз қажет, ол тың еңбекті, терең білімді қажет етеді. Сондықтан мен бұл заманауи талапқа сай жүйелі жұмысқа өзімнің де күш-жігерімді аямай салуға міндеттімін және атсалысуға дайынмын деп айта аламын.
Бұл дегеніміз - бұрынғы оқушы - тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке елдің тұлға екендігіне бүгінгі таңда тағы бір мәрте дәлелдейді. Біздің мектептің мұғалімдері жаңа білім беру арқылы оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға қолдау көрсетуде, себебі, оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алады, ал мұғалім оқушының білім алуына жағдайлар жасауда. Сол үшін ұстаздарымыз сабаққа жан-жақты дайындалып, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі туындаған сұрақтарға қажетті бағыт-бағдар беріп отырады. Болашақта ұлағатты ұстаз болу басты арманым. Ұлағатты ұстаз болу үшін, үнемі ізденіс үстінде болып, мамандығымды жоғары деңгейде білуім керек. Мектепке кіргеннен - ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушылардың тәтті қылықтары мен әдемі жүздеріне шаттанамын. Біз баламен жарты күн бойы біргеміз, баламен бірге күліп, тіпті туғанымыздай болып кеткендей. Олардың былдырлаған тәтті тілін, әдемі сөздерін қалай жақсы көрмеуге болады. Ендігі алға қойған мақсатым - білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. Әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Менің ойымша, осынау күн сайын дамып келе жатқан өркениет дәуіріне біз, жастар, нақты қадам басуымыз керек. Алдымызға келген балалардың бірі - ерке, бірі - қой аузынан шөп алмас момын болып келеді. Ерке оқушыны алғырлыққа үйретіп, қой аузынан шөп алмас оқушыны шешен қылып тәрбиелеу үшін шыдамдылық пен қажымас қайрат қажет. Тәрбиенің бастауы қалай амандасудан бастап, елдің Мемлекеттік рәміздерін үйретіп, бала санасына «Отан» деген киелі ұғымды қалыптастыру болып табылады.
«Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Рухани тұрғыда алсақ отбасынан, қоршаған ортасынан алған тәрбиесін жас ұрпақ әр салада қолданады. Жастарға әлеуметтік, саяси, экономикалық сала білімдері арқылы беріледі. Болаш ақтарына үлкен ықпал етер еді. Сондықтан жас ұрпақ рухан жаңғыру жолында өсіп, дамуы керек. Осы күнге дейін тәжірибемде байқағаным, баланы дамыту - ол үлкен шыдамдылықты, біліктілікті, ізденімпаздылықты, жауапкершілікті талап ететін іс. Ең бастысы, балаға деген жүректегі үлкен махаббат қажет деп ойлаймын.
Менің әріптестерімнің әрбірі өзінің мамандығын сүйіп, оған құрметпен, жауапкершілікпен қарайтын болса, үнемі жаңа ойлары мен жаңалықтарын ортаға салса бұл - жаңғырудың жаңа жолы болып биікке көтеріле бермек. Әр жас маман өзінің атқаратын ісін борышым деп санаса ұлттың ұлылығын көрсетер еді. Ойымды Елбасының сөзімен түйіндейтін болсам, «ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс». Демек, ұлттық рухымыздың жаңғыруы жас маманның, жас ұрпақтың қолында!