15.12.2020
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 1 – 11 сынып оқушыларына 8 – 15 желтоқсан аралығында «Тәуелсіздік – ел тірегі!» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаттарында еліміздің Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихына түсінік беріліп, тақырыптық бейнематериалдар мен презентациялар көрсетілді. Тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерді айта отырып, Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өзінің елі, халқы үшін жастық өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істері таныстырылды. Тарихты бағалай білуге үйрете отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен тәрбие сағаттары өз мәресіне жетті.