"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

29.09.2018

Тақырыбы: «Қазақтың ұлы билері - Төле би,Қазыбек би, Әйтеке би


Мақсаты: 

 

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің өмірі мен шығармашылығындағы рухани сабақтасты пайымдай отырып, билердің ұстанымын тану, дәлелді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауға машықтандыру.

Мұғалім сөзі: Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткені-тәуелсіз ел болу. Қазақ елі өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Еліміздің осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосты. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды оятқан,

әлемге қазақтың танылуына, бостандық пен еркіндіктің бастауында - қазақ халқына әйгілі билеріміздің орыны ерекше болған. 

Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп, 

Кім оның жарлығынан мойын бұрған. 

Тапқыштық, шешендікпен кім алса, атақ, 

Халық соны кетіпті "би" деп атап. 

Бүгінгі сабақта мемемлекеттің саяси өмірінде ел ішінде болып жатқан талас тартысқа әділ шешім беретін қазақтың билері, қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орыны өте жоғары болды. Бүгін сол ұлы биледің бір қатарына тоқталып өтеміз. 

«Атақты үш би-бір ананың тетелес үш ұлындай қатар аталып, қатар қадірленіп, ел жадында бірдей сақталған. Үш бидің қазақ халқына сіңірген өлмес еңбегі де осы үштік бірлікті нығайтқандығында». 

б) "Миға шабуыл" әдісімен 

Алдымен "Би" ұғымын қалай түсінесіңдер? Би болып сайлану үшін сайланатын адамның дәулеті, байлығы ескерілетін бе еді? Қалай ойлайсыңдар? Би деген кім, қандай болуы керек, биде қандай қасиеттер болуы керек, соны біліп алайық. 

Оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау, мақсат қою, нақыл сөздермен таныстыру. Төбе би – бір хандықтың, елдің, ұлыстың, аймақтың құзырында билігін жүргізуші әр деңгейдегі билердің үстінен

билік айтып, шешімін мақұлдайтын немесе ең соңғы өз шешімін қабылдайтын ең беделді де, білікті би.

Екінші – ара би. Дауласушы екі жаққа басу айтып отырушы, төбе бидің шешім шығаруына ықпал етуші би.

Сөз ұстаған би – үлкен дауда өз руы немесе тайпасының атынан түскен би, ол жақтаушы немесе айыптаушы, сонымен қатар тергеуші міндетін де атқара береді. Алқа би – ел ішіндегі үлкен, әбден

шиеленіскен дау-дамайды шешу үшін дауласушы жақтардың басын қосып өткізілетін билердің алқалы мәжілісін басқарушы, мәнсабы жоғары би. Орда биі – би атағының ең биік деңгейі. Жалпы халықтық мәселелерді шешетін, бөтен елмен қарым-қатынас ісіне тікелей кірісе алатын, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын, ханға ақыл-кеңес беретін, тіпті жауапқа да тартуға хақылы лауазым иесі. Хандық билік осал болған тұста орда билер ел татулығын, бірлігін ұстап тұруды бақылап, қолға ала алады. Осындай аса жауапты міндеттерді атқару үшін билер бойында бірнеше қасиет болуы шарт еді – әскербасылық, әкімшілік - соттық, әрине дала ақсүйектерінің қасиеттері болуы тиіс деген мәліметте бидің бес түрі көрсетілген.

ІІІ топқа бөлініп отыруы (7-баладан)  Постер құру.

І топ– Төле би 

ІІ топ – Қазыбек би 

ІІІ топ – Әйтеке би 

Әр топ 7 мин – ішінде ауызша портрет жасап, сосын оны бүкіл сынып алдына ұсынады. (Оқулық бойынша, мәтін бойынша - туған жылы, қайда, есімі қалай, қандай нақыл сөздер айтты, еңбегі қандай?) төңірегінде ойланып, өз ойларын айтады. 

в) Көркемсөз жарысы  

І –топ: Төле бидің нақыл сөздері.
ІІ- топ: Қаз дауысты Қазыбек бидің нақыл  сөздері.

ІІІ топ: Әйтеке бидің нақыл сөздері.

г) Мәтінмен жұмыс 

3. «Кім жылдам?» ойыны. Сұрақтарға жылдам жауап беру.

1. Төле би неше жасында дүниеден озды? (93 жасында) 

2. Болмас іске қарыспа, 

Біреуге ор қазыспа 

Жауыздық іске барыспа. Кімнің нақыл сөзі? (Төле би) 

3. Қазыбек би өзінің мәмілегерлік қызметін неше жасынан бастады? (18 жасынан) 

4. Қазыбек бидің өмір сүрген жылдары (1667-1764)

5. Төле  бидің өмір сүрген жылдары (1663 -1756)

6. Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, 

Батыр болсаң болсаң жауға найзаң тисін-деген нақыл сөз кімдікі? (Әйтеке би) 

7. Әйтеке  бидің өмір сүрген жылдары (1644-1700)

8. Әйтеке би қай жерде жерленген? (Ол Ташкенттен 75 шақырым жердегі Қауыншы және Шыназ ауылдарының маңында жерленген.)

"Мені түсін" ойыны. 

Тақтада бүгінгі сабақтың мәтінін толық аша алатын, үлкен мағына беретін 8 сөз жазылған, оқушылар кезектесіп жазылған сөздер төңірегінде қысқа да нақты жауап қайтаруы тиіс. 

1 КӨСЕМ 

2. ШЕШЕН 

3.ЗАҢГЕР 

4. ЕЛШІ 

5. БАТЫР 

6. САЯСАТКЕР 

7. ОЙШЫЛ, ҒАЛЫМ 

8. МӘМІЛЕГЕР 

Қорытынды:  Қазақ халқының тарихында «Қара қылды қақ жарған», еліміздің ынтымағы үшін күрескен

кемеңгер үш бидің орны ерекше. Халықтың осы үш би жөнінде:  

«Атақты қазақ үш биі, Онан өткен Әйтеке  

Бірінші әзіз Төле еді Таудай сөзге тарыдай  

Бұзылмайтын сөз айтқан Қию тауып сөйлейді  

Шешеннен шешен демегі Қанша ділмәр дегендер  

Және де әзіз киелі Ширегіне келмейді.  

Босатқан буын, жүйені Бұл үш бимен тең емес  

Қаз дауысты Қазыбек. Қазақтың мінсіз билері»  

Үш бидің ел тыныштығы, оның бақытты келешегі, тәуелсіздігі үшін қауіп-қатерді елемей, бастарын бәйгеге тіккен осы шынайы отаншыл сезімі, ынтымақ- бірлігі басқалаларға да ықпал етіп, қазақ халқын бір

мақсатқа жұмылдыра түскен. Бүгінгі бақытты өміріміз осындай бабалар арқасы екенін түсініп, үш биіміздей ұлыларды, елім деп еңіреген батырларымызды ұрпақ ешқашан ұмытпауы қажет деп білемін.Үш биге қойылған мүсін ұрпағының оларға деген құрметінің бір белгісі деп түсінемін.

 

Просмотров: 1041


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст