Репродуктивтік денсаулық
Репродуктивтік денсаулық дегеніміз — өмірдің кез келген сатысында өсімпаздық жүйенің ауру-сырқаттары болмаған жағдайдағы толық физикалық, ақыл-ой және әлеуметтік саулығы. Репродуктивтік денсаулықты сақтау — әр адам үшін маңызды! «Репродуктивтік денсаулық» деген түсінікке жыныстық даму, жеке гигиена, жыныстық қатынас жатады. Жыныстық даму — адам ағзасының генетикалық тұрғыда табиғи өзгеру кезеңі. Ол физикалық қана емес, моральды жэне эмоциялық тұрғыда да өзгереді.
Бұл кезеңде бала есейіп, қарама-қарсы жыныс өкіліне деген қызығушылық туындайды. Жыныстық жетілудің негізгі ерекшелігі жыныстық белгілерінің дамуы болып саналады. Ұл балалардың беттеріне түк шыға бастап, дауысы өзгеріп, дене бітімі шымырлана түседі. Қыз балаларға етеккір келіп, сүт бездері қалыптасады, дене бітімдері толықси бастайды. Бұл процестердің барлығы адам баласының ұрпақ жалғастыруға бағытталған табиғи қажеттілігі. Бұл ұл бала мен қыз балалардың болашақ ата-ана болып қалыптасуының бірінші кезеңі. Осы кезеңде сен өз денсаулығың үшін жауаптысың. Жыныстық қатынасты бастамас бүрын, оған қаншалықты дайын екенінді ойланып көр. Жақын адамдарыңның тәжірибесін өз пайдаңа асырып көр. Жыныстық қатынас туралы неғұрлым көп білсең (жүктілік, әртүрлі аурулар, сақтанудың түрлері және т.б.) келешек өмірің де соғұрлым тыныш және қауіпсіз болады. Репродуктивтік денсаулықты сақтауда жеке гигиенаның маңызы ерекше.
ЕСІҢДЕ БОЛСЫН: жеке гигиенаны сақтасаң — өзіңнің және болашақ ұрпағыңның денсаулығының сау болуына жол ашады. Міне, сен өзіңе нық сенімдісің, қадамың анық, еңсең көтерулі. Қазір біз «ерте» бастаған жыныстық қатынастардың қаупі туралы
айтпай-ақ қояйық. Біз қазір «қауіпсіз» жыныстық қатынас туралы тақырыпты қозғаймыз. Репродуктивтік денсаулықты сақтаудың басты шарты — контрацепция. Әр адамның контрацепция тәсілдері жайлы білгені абзал. Жыныстық қатынаспен қазір
айналысқың келе ме, әлде кәмелет жасқа толғаныңды күтесің бе; ол маңызды емес. Ең бастысы, сен өз болашағынды ойлауың керек. Контрацепция тәсілдері: Жыныстық қатынастардан бас тарту — жүктілікті болдырмаудың 100 % тиімді тәсілі. АИТВ-дан және жыныстық жолмен жұүғатын аурулардан сақтамайды. Біз саған қашанда мүшеқапты пайдалануға кеңес береміз. Бұл сақтанудың ең тиімді және дұрыс тәсілі! Жыныстық қатынасқа «Жоқ!» деу: Сені шын көңілмен сүйетін, саған қамқор болатын адамды кездестірген кезге дейін шынайы сезімді күту… Сезіміңді басқаша білдіруге де болады. Діни сенім (некеге дейін
жыныстық қатынас құпталмайды). Жоспарланбаған жүктілік. Жасөспірімдердің мүшеқаптар мен жүктілікке қарсы дәрі алатын ақшалары үнемі болмайды. Жасөспірімдердің көпшілігі мүшеқапты қалай дұрыс қолдану керектігін білмейді. Егер қыз бала жүктілікке қарсы дәрілерді қабылдап жүрсе, оларды үнемі, көбінесе күнде ішу керектігін естен шығарып алуы мүмкін. Жасөспірімдер жүктілік кезінде жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болмайды. Қыз баланың жүкті болып қалуы — оның және болашақ сәбиінің денсаулығына үлкен қауіп төндіреді, жүктілікті үзу де (жасанды түсік) қыздың денсаулығына өте қауіпті — қан көп кетіп, жатыры жарылып, тіпті бедеулікке әкеліп соғатынын біл. АИТВ және жыныстық жолмен жұғатын ауруларға шалдығу қаупі бар. Зорлық. Қыздар көп жағдайда күшпен жыныстық қатынасқа барады. Ішімдік ішу. Көбінесе жыныстық қатынасқа мас күйде барады, ол кезде сақтанбаған жыныстық қатынасты қадағалау төмендейді немесе жыныстық зорлыққа әкеліп соғады. Жоғарыда айтылған себептерді ескерген шығарсың. Қауіпті жағдайда қалмас үшін саған тағы бірнеше пайдалы кеңес бере кетейік Отырыстар мен басқадай шараларға достарыңмен бірге бар; Отырыс пен шараларда ішімдік ішпе және психологиялық белсенді заттарды (есірткіні) қабылдама; Егер сен барған жерде ішімдік ішіліп, есірткі қолданылса кетіп қалғаның дұрыс; Романтикалық сөздерге, ұсыныстарға көнбеуге тырыс. Шектен шықпа, өзіңді тым ашық, тым еркін ұстама; Қауіпті жағдай туындай бастаса, дереу кетіп қал; Сені жыныстык, қатынасқа күштеуі мүмкін деген адаммен оңаша қалма; Өзің сенбейтін адамдармен ешқайда барма; Өзің сенбейтін адамдардан сыйлық, ақша алушы болма; Саған ешкім көмектесе алмайтын оңаша жерлерден аулақ жүр; Өзің сенбейтін немесе танымайтын жүргізушінің көмегіне жүгінбе; Жастар денсаулық орталықтарындағы, достық кабинеттердегі, аудан емханаларының мамандарымен кеңес. Перзент сүйе алу жыныстық қатынасқа қабілеттілік қана емес, бұл психологиялық және әлеуметтік аспектілердің жиынтығы. Дүниеге өзің күткен дені сау балалар келуі үшін әр адам өзінің
репродуктивтік денсаулығын сақтай білуі керек. Есіңде болсын, бала тууға лайықты жас ол 20-35 жас аралықтары. Егер осы жастан ерте немесе кеш жүкті болсаң, жүктілік кезінде қатты қиналатының ана мен баланың денсаулығында ақау болатыны дәлелденген.
ЕСІҢДЕ БОЛСЫН: Табысты адам қашанда жоспар құрады және оны жүзеге асырады!