Физика 9 сынып
Сабақ тақырыбы: §19. Дене импульсі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірде кездесетін физикалық құбылыстарды мысал ретінде айта
отырып, дене импульсі, күш импульсі жайлы туралы түсінік беру. Формулаларын
тұжырымдау. Есеп шығаруда қолдана білуге үйрету. Оқушыларды өз бетімен жұмыс
істеуге, бір – бірін бағалауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар импульстің мағынасын түсінеді.
2. Дене импульсі,күш импульсінің анықтамасын, өлшем бірлігін біледі.Есеп
шығаруда қолдана алады.
3. Дене
импульсі мен күш импульсі арасындағы
байланысты біледі. Есеп шығаруда қолдана алады.
Сабақтың түрі: Жаңа
мағлұмат беру.
Сабақтың әдіс – тәсілі: СТО, топтық, жеке жұмыстар, «гармошка» әдісі, «себет» тәсілі, «араласып
кеткен есептер»әдісі,«алма ағашы» тәсілі.
Сабақтың көрнекілігі: постер қорғау, суреттер, үлестірме карточка, семантикалық карта
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды «Ньютон»
және «Галилей» болып 2 топқа бөлу. Психологиялық
ахуал: «өрмекші торы» әдісімен тілек тілеу.
ІІ. «Қызығушылығын ояту» кезеңі. «Гармошка әдісі» бойынша әрбір
Оқушыға өткен тақырыптар бойынша
екі сұрақтан жазу тапсырылады.
Сұрақтарын жазып болған соң екі
топ бір – бірімен алмасады, бір – бірін
жауаптарын тыңдап бағалайды.
ІІІ. Дене импульсі:
; өлшем бірлігі кг·м/с
Дене импульсінің өзгерісі күш
импульсіне тең.
«Импульс» гректің «impulses» деген сөзінен шыққан, оның сөбе сөз аудармасы «соққы» дегенді
білдіреді. Бұл термин механикада екі
шаманы: күш импульсі мен дене импульсін білдіреді.
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/impuls-momenti
Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.
Күш
импульсі:
; өлшем бірлігі Н·с
Дененің массасы
мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шаманы
дене импульсі деп аталады. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/impuls-momenti
Енді «Жуан» және «Жіңішке» сұрақтар беру арқылы жаңа тақырып бойынша
постер қорғау. «Себет»
тәсілі. Тақырып бойынша сұрақтардың жауабын сол себетке жазады.
Жіңішке сұрақтар |
Жуан сұрақтар |
1. Дене импульсі дегеніміз не? Белгіленуі, формуласы, өлшем бірлігі. 2. Күш импульсі дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі. 3. Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты жаз. |
1. Дене импульсінің бағыты қалай анықталады? Себебін түсіндір. 2. Күш импульсінің бағыты қалай бағытталады? Себебін түсіндір. 3. Импульс түріндегі Ньютонның екінші заңын тұжырымдап көрсет.
|
Дене импульсі
дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын
физикалық шама
= m
Р дене импульсінің ХБ (СИ) жүйесіндегі өлшем
бірлігі - секундына килограмм
метр
[кг · м/с]
Масса
– скалярлық шама, ал жылдамдық векторлық шама.
Дене импульсінің
векторының бағытыда жылдамдық векторының бағытымен сәйкес келетін векторлық
шама.
Күш импульсі мен дене импульсі арасындағы байланыс.
0
немесе
Дене импульсінің өзгерісі
күш импульсіне тең.
Күш импульсі күш пен оның әрекет ету уақытының (
көбейтіндісіне тең.
күш импульсінің ХБ (СИ) жүйесіндегі өлшем
бірлігі- Ньюто
секунд [Н· с]
Күш импульсі бағыты күш
векторының бағытымен сәйкес келетін
векторлық шама.
Оқушылар постерлерін қорғайды.
IV. «Ой толғаныс» кезеңі. Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар.
Сабақта белсенді оқушылырды марапаттап отыру.
Сергіту сәті: «өрмекші торы арқылы терминдермен жұмыс жасау»
А. «Араласып кеткен
есептер» Жеке жұмыс. Оқушылар бір – біріне көмектесулеріне болады.
1 – : оқулықтан 17 – жаттығу №1 есеп
2 – : Массасы 160г шайбаның импульсі 600 м/с жылдамдықпен 5 с ұшып келе жатқан
оқтың күш импульсінің мәні неге тең?
3. - : Массасы 4,5 т көмір салынған прицептің жылдамдығы 10 м/с пен
қозғалып келеді, оның импульсі неге тең?
4.-: Массасы 80 кг жүктің 10 с ішінде жылдамдығы 0,2 м/с пен көлік тез
жеткізді. Оның күш импульсі неге тең?
Б. Топтық жұмыс. Семантикалық карта.
Дене импульсі формуласы |
|
Дене импульсі өлшем бірлігі |
|
Күш импульсі формуласы |
|
Күш импульсі өлшем бірлігі |
|
Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланыс формуласы |
|
V. Рефлексия. «Алма
ағашы» әдісі.- « әр түрлі стикерлерге» ұнағандарды, ұнамағандарды, және әлі де
білгілері келетіндерін жазады
Рефлексия қорытындысы бойынша келесі сабақта қосымша
жұмыстар жүргізіліп отырылады.
VІ. Бағалау. Марапаттау.
VІІ. Үйге тапсырма: §19. Формулалар жаттау