"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ "Электрондық кесте. Мәліметтер пішімі " 7 а сынып информатика

26.11.2018

Қысқа мерзімді оқу жоспары

 

Пән: Информатика

Мұғалімнің А.Т.Ә: Сармулдиева Б.А

Күні: 22.11.18

Сыныбы: 7

Сабаққа қатысқпаны:

Қатыспағаны:

 

Бөлім 7.2A: Есепті электрондық кесте көмегімен  шығару

Сабақ тақырыбы

Электрондық кесте. Мәліметтер пішімі

Сабақта іске асатын оқу

мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

7.2.2.1  электрондық кестенің негізгі түсініктері мен мүмкіндіктерін таныстыру

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы

оқушылар кесте құруды және оны ұсынуды біледі

Оқушылардың көпшілігі

электрондық кестенің негізгі түсініктері мен мүмкіндіктерін біледі

  Кейбір оқушылар

электрондық кестеде элементтерді пішімдей алады.

Сәттілік критерийі:

·          «ұяшық» , «электрондық кесте» мағынасын біледі

·          баған мен жолдың мағынасын біледі

·           ұяшықтарды біріктіріп кестені пішімдей алады  (шегін, құю, қаріп, көлем)

Тілдік мақсаттар

Лексика және термин сөздер: Microsoft Excel, cell, sheet

Құндылықтарға баулу:

 

●  «Мәңгілік ел» құндылықтарын дарыту,

●  Академиялық адалдық: басқа адамдардың ойын құрметтеу,

●  жауапкершілік– практикалық жұмыс жасау барысында. 

Пәнаралық байланыс

Математика, тарих, дене шынықтару.

Алдыңғы білім

Мәтіндік редакторда кесте құру

Сабақ барысы

Сабақ басы

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Оқушылар 2 топқа бөлінген: «Баған» және «Жол»

Ортада жағымды ахуал қалыптастыру. «Арқаға жазылған комплименттер»

Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.

 Үй тапсырмасы.  «Бинго ойыны» әдісімен топқа кезек кезек сұрақтар қойылады.

1.       MS WORD мәтіндік редакторында кесте құру үшін пәрмендер (команда) тізбегі? («Кірістіру=>Кесте=>Кестені кірістіру» (Вставка- Таблица-Вставить таблицу) командалар тізбегі)

2.       Кестеге қатарлар мен бағандарды қосу жолы? (Бас мәзірдің «Макет»  бөліміндегі «Строки и столбцы» құралдар тақтасында ораласқан «Вставить слева, справа, снизу» батырмасын қажетіне қарай таңдаймыз)

3.       Кесте ұяшықтарын бірнеше бөліктерге бөлу және біріктіру жолы? (Бас мәзірдің

«Макет»  бөліміндегі «Объединение» құралдар тақтасында ораласқан «Разбить ячейки» батырмасын таңдаймыз)

4.       Ұяшықтарды біріктіру үшін? (Макет – Объединить ячейки)

5.       (7;5) өлшеміндегі кестені сипаттаңыз. (Берілген кесте 7 баған мен 5 жолдан тұрады)

6.       Өткен тақырып бойынша глоссари? (кесте-таблица-table, жол- строка-line , баған-столбец-column , ұяшық-ячейка-cell)

7.       Ақпарат қандай типті?  Кестелік

  Жарайсыңдар!!!

 

Презентация,

Оқулық,

Стикер,

Bilimland/kz,  Tарату

материалдары 

Сабақ ортасы

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сергіту сәті

Ал,енді балалар мәтіндік кесте барлық жағдайда да ыңғайлы болып табыла ма? мысалы, екі немесе бірнеше санның қосындысын есептеу қажет болды делік?

  Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Электрондық кестелер. Мәліметтерді пішімдеу»

Сабақ тақырыбын айту,оқу мақсатымен танысу.

Жаңа сабақ

Күнделікті өмірде «электрондық» сөзін жиі, тіпті күн сайын естіп жүрміз. Мысалы? Оқушылар жауабы: электрондық журнал, электрондық оқулық, электрондық сандық қолтаңба, электрондық үкімет

т.с.с

Елбасымыз айтқандай: Әрбір қазақстандық  ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар

әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», сияқты бағдарламалар - барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

Қызығушылықты ояту. Видео https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8synyp/lesson/ehlektrondyq-keste-turaly-negizgi-tusinik

 MS Excel редакторының ерекшелігі

Практикалық тапсырма.

А) Оқулықтың 50 бетіндегі 1-тапсырма

 

Дискриптор:

- бағандармен жұмыс жасай алады.

-сөз ұзақтығына қарай бағанды

жылжыта алады.

 

Б) Конверттегі сұрақ.

Берілген мәтіндік мәліметті электрондық кестеге салып, пішімдеңіз.

Дискриптор:

- мәтіннің мазмұнына қарай хронологиялық мәлімет  жасай алады; 

- кестені қаріп,жиек,құйып бояу,туралау бойынша пішімдей алады;

-кесте сауатты болуы, әрі эстетикалық жағынан әдемі болуы керек.

 

А деңгейі. Елбасының «Рухани жаңғыру:болашаққа бастар жол» мақаласынан үзінді.

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер.    VI-VII

ғасырлар - ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол¬данылды. Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы¬ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды.   Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ¬жат¬тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни¬калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко¬мис¬сар¬лары Кеңесінің Президиумы латындан¬дырылған жаңа әліпби - «Біртұтас түркі ал¬фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.

 

В деңгейі. Билл Гейтс және Microsoft жетістіктері

...1983 жылы Microsoft графикалық интерфейсі бар компьютерде деректерді қолайлы енгізу үшін  Mouse (тышқан) манипуляторын жасайды. Осы жылы корпорация MS-DOS арналған мәтін редакторын ұсынады. 1986 жылы Microsoft акционерлік қоғам болып қайта

құрылады және оның акциялары ашық саудаға түсе бастайды. Келесі жылы Microsoft нарыққа Windows-тың бірінші нұсқасын шығарады. Ал 1993 жылы Windows-ты айына жалпы сату көлемі бір миллионға жетті. Екі жылдан кейін Windows 95 ОЖ іске қосылды. Windows 95 сатудағы дүрбелеңнің болғаны соншалықты, компьютері жоқ адамдар да осы операциялық жүйенің ұзын-сонар кезегінде тұрған. 2001 жылы Microsoft жаңа ОЖ - Windows XP сатылымға түсті,

оны пайдаланушылар қатты ұнатты, осы күнге дейін әлемдегі жаппай қолданылатын операциялық жүйе болып табылады Билл  Гейтс 2008 жылдың маусым айының соңынан бастап Microsoft белсенді басқаруды доғарды. Ол өзінің өкілеттігін бас директор Стив Балмерге тапсырды. Microsoft корпорациясы Гейтстің кетуіне қарамастан жаңа өнімдерді әзірлеуді жалғастыруда. Мысалы, 2009 жылы 22 қазанда Windows 7 ОЖ сатылымға түсті...

 

С деңгейі. Елбасының «Рухани жаңғыру:болашаққа бастар жол» мақаласынан үзінді.

Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық - тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл

тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз. Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім.

 

Пайдаланылған әдебиет: 

https://www.inform.kz/kz/elbasy-makalasy-bolashakka-bagdar-ruhanizhangyru_a3016293

 

Сергіту сәті. «Анограмма» ойыны.

Сөздердің әріптерін орындарымен ауыстыру арқылы сөздерді анықтаңыз.

Электрондық -тронықдлэек

Кесте - стеек

Ұяшық - қяшұы

Баған  - наабғ

Екзель  - льезек

Билл Гейтс – Лилб Гйсте

Пішімдеу – ішімеудп

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ соңы

10 минут

Жаңа сабақты бекіту

- Тесттік тапсырманы bilimland.kz. Өзін-өзі бағалау.

- венн диаграмманы толықтыру. Топпен бағалау

Оқушыларға қалыптастырушы бағалау парағын тарату.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:__________________________________________________________

 

Жетістік критерийлері:

 «+» / «-»

Microsoft Excel бағдарламасы жайлы білемін

 

Microsoft Excel бағдарламасының құрал-саймандарын қызметімен таныспын

 

Электрондық кестеде мәліметтерді пішімдей  аламын

 

Электрондық кестенің мүмкіндіктерін тиімді қолдана аламын

 

 

Рефлексия.

 «Жаттығу» әдісі

Келесі іс-қимыл арқылы сабаққа кері байланыс көрсетіңіз:

Жағымсыз әсерде болсаңыз – тізе бүгіп отырыңыз,

Қанағаттанарлық әсерде болсаңыз – қалыпты жағдайда: тіке тұрыңыз,

Жағымды әсерде болсаңыз, сабақты түсінсеңіз – қолыңызды көтеріңіз,

Өте жағымды, сабақ түсінікті әрі қызық болса – қолымызды жоғары көтеріп, шапалақ ұрамыз.

Үй тапсырмасы. П.3.3 оқу, 57 беттегі тапсырма.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаты/шынайы оқыту мақсаты?

Барлық оқушылар ЦО жете білді ме?

Егер жетпесе,онда неге?

Дифференциация сабақ барысында дұрыс өтті ме?

Сабақ кезеңдері нақты бола білді ма?

Сабақ жоспарында жаңылу болды ма?

 

Жалпы бағалау

Қай екі аспектілі сабақ жақсы өтті (білім берумен оқытуды ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін не себеп бола алатын еді(білім берумен оқытуды ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың жетістіктерінен нені анықтадым/оқушылардың жеке қиындықтарын,алдағы сабақтарда не нәрсеге көңіл бөлу керектігін?

 

Просмотров: 1377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст