ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ДАЙЫНДАЛДЫ
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫН ӨТКІЗУДІҢ СЦЕНАРИЙІ
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек.
23 қыркүйек 2019
Мектеп директоры мен психологы үшін: конференция жүргізудің сценарийімен өте мұқият танысып шығу қажет.
Алдын ала барлық техникалық мәселелерді (экран бүкіл сахнада көретіледі, микрофонар, дыбыстауға арналған колонкалар, мінбер, компьютер, проектор) қарастыру қажет. Проекторда жеке дайындалған адам отырады, ол психологты мұқият тыңдайды және қажет сәтте кідіріссіз слайдтарды қосады. Іркіліс болмауы керек. Барлығы айқын, дәл, түсінікті болуы тиіс.
Ата-аналар конференция өтетін өз алаңдарына (мектептің акт залдарына) келеді. Ата-аналар жиналғанша фондық музыка қосылады. Мектеп әкімшілігі алдын ала тіркеуге арналған үстелдер дайындап қояды, оларды фойеге орналастыру қажет. Осы мектептің педагогтарынан құралған тіркеушілер ата-аналарды тіркеуді жүргізеді. Тіркеу кезінде АТА-АНАЛАРҒА жадынамалар мен сауалнамалар беріледі. Тіркеушілер ата-аналарға олар конференцияда толтыратын сауалнамаларды конференция аяқталғаннан кейін шығар кезде қайтаруы тиіс екенін ескертеді. Бұл туралы, ата-аналар сауалнама толтырғаннан кейін іс-шарадан шығарда оларды міндетті түрде тапсырып кету қажет екенін конференцияны жүргізетін психолог тағы бір рет айтады.
Залдағы экранда №1 слайд
Конференцияны мектеп директорлары (конференция өтетін мектептің) ашады (модерациялайды). Ата-аналарға қошемет көрсетеді және қонақтарды («Нұр Отан» партиясының өкілдерін, депутаттарды, әкімдіктер, ҮЕҰ өкілдерін) таныстырады. Шақырылған қонақтармен келісім бойынша модератор (мектеп директоры) шақырылған қонақтарға сөз береді - (бұған -15 мин.). Одан әрі модератор сөз сөйлейді: Құрметті конференция қатысушылары, Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы ОРШЫБЕКОВ НҰРБЕК ӘБУБЕКҰЛЫНЫҢ үндеу хатын тыңдауды ұсынамын.
(Хатты мектеп директоры оқиды)
Құрметті мектеп басшылары, педагогтар, психологтар және мектеп оқушыларының ата-аналары! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Отбасы күнімен құттықтаймын.
Бүгін сіздер айрықша маңызды іс-шара – «21-ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты республикалық ата-аналар конференциясына қатысып отырсыздар. Бұл мектептің оқушылардың отасыларымен жұмысының инновациялық формасы.
Әрқайсыңыз түсінесіздер: біздің мемлекетіміз балалардың денсаулығын қамтамасыз етуге, олардың тәрбиесі мен білім алуына орасан зор күштер мен құралдарды жұмсап, отбасы проблемаларын жіті назарда ұстайды. Отан мүддесі үшін өскелең ұрпақтардың еңбек және зияткерлік әлеуетін дамыту міндеті еліміздің мемлекеттік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы өз сөздерінде қазақстандық өскелең ұрпақтардың жағымды жасампаз дүниетанымы қалыптасқан, берік адамгершілік қағидаларды ұстанатын, жауапкершілік сезімі бар, саналы таңдау жасай алатын және Отанымыздың игілігіне бағытталған дербес шешімдер қабылдай алатын жан-жақты тұлғалар болып тәрбиеленуі тиіс екенін айтудан жалыққан емес.
Ал ата-ананың міндеті неде? Қазіргі заманғы ата-аналар әрқайсысы өз отбасында бала дамуы мен тәрбиесі үшін оңтайлы жағдайлар жасап қана қоймай, сонымен қатар мұғалімермен және мектеп әкімшілігімен тұрақты түрде өзара әрекет етуі тиіс.
Бала мүддесіне немқұрайлылық атмосферасы орнаған отбасыларда, ата-ана балаларын белсенді, жауапкершілікпен тәрбиелеуден қашқақтайтын отбасыларда балалардың оқуда, мұғалімдерімен және құрдастарымен қарым-қатынаста қиналатынын бәріміз білеміз. Ата-ана неқұрайлылығы немесе ата-ана озбырлығының қысымында болатын бала екіжүзді, және оның қарсылығы мейірімсізденуден ызаға ұласады. Сонымен бір мезгілде оның өз абырой сезімі мәңгілікке жоғалады.
Жасөспірімдік жаста бұл девианттық мінез-құлықтың көптеген формаларына әкеп соғады – жасөспірімдер шылым шеге бастайды, бейпіл ауыз болады, өз міндеттерін елемейді, кейде тіпті алкоголь мен есірткі тұтынады немесе шынайы өмірден компьютерлік ойындардың, әлеуметтік желідегі қарым-қатынастардың виртуалды әлеміне кетеді. Отбасында қолдау мен түсіністік болмағандықтан, жасөспірімдер теле- және интернет-тәуелділік, нашақорлық, ойынқұмарлық, дүниеқоңыздық секілді қазіргі әлемнің көптеген жағымсыз азғырындыларына оңай еріп кетеді, эмоционалдық тұрғыда салқын болады.
Ал егер отбасы сүйіспеншілікте, сыйластықта және өзара түсіністікте, мейірімділікте және тілекстестікте өмір сүрсе, онда балада дұрыс өзін-өзі бағалау қалыптасады, ол өзіне сенімді, оның жақсы оқуға деген ынтасы бар; ол сыныптастарымен достасқысы келеді және дос болады; педагогтарға сыйластықпен қарайды. Есейгенде ол алдына жоғары мақсаттар қояды және мақсатты түрде оларға қол жеткізеді.
Қазіргі қиын жағдайларда ата-аналар мектеп тарапынан білікті көмекке мұқтадж. Ата-ананың педагогикалық біліксіздігінің зардабы тым ауыр болуы мүмкін; өзіңнің ата-ана ретіндегі қателеріңді түзетіп баланы қайта тәрбиелеу, басынан бастап баланы теріс әрекеттер жасамай, теріс сөздер айтпай дұрыс тәрбиелегеннен әлдеқайда қиын екенін бәріміз білеміз. Сондықтан да ата-ананың педагогикалық мәдениетін арттыру – әрбір жекелеген отбасының да, жалпы бүкіл қоғамның да міндеті.
Оқу – бұл қиын да жауапты жол. Балаңа қалай көмектесу керек? Оның жолында кездесуі мүмкін қауіптерден оны қалай қорғауға болады? Міне осы жайлы бүгінгі конференциямызда сөз ететін боламыз.
Құрметті конференция қатысушылары! Бұл конференцияның сіздерге ата-ана ретіндегі шеберліктеріңізді шыңдауға және мектеппен, педагогтармен, психологтармен, мектеп басшыларымен өзара әрекет ету тиімділігін арттыруға көмектеседі деген сенім білдіруге рұқсат етіңіздер.
Барлық конференция қатысушыларына үлкен шығармашылық табыстар тілеймін!
«Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына
№1 бейнеролигі (Үндеуі)
қосылады.
Бейнеүндейден кейін тағы да №1 слайд қосылады және модератор (мектеп директоры) сөйлейді:
Құрметті ата-аналар! Біз барлықтарыңызды мектебіміздің қабырғасында көргенімізге қуаныштымыз. Алдағы 11 жыл бойы мектеп сіздің балаларыңыз үшін екінші үйге айналады.
Және барлығымыз, біз де, педагогикалық ұжым да біздің балаларымыз үшін мектеп үйінің жайлы болуына, сыныптастарымен достық пейілге толуына, оқудағы белсенділікке, Отанымызға және оның табиғи байлықтарына махаббат, патриотизм қалыптастыру бойынша қызықты іс-шараларға толы болуына бірдей мүдделіміз. Балаларымыздың ақпараттық қауіпсіздік жағдайында оқығанын, берік отбасы, еңбекқорлық, өзі үшін, өз жақындары және өз Отаны үшін жауапкершілік секілді рухани құндылықтарды меңгергенін қалаймыз. Олар қазіргі күнде кең таралған және еліміздің бүтіндігіне, ұлт бірлігіне нақты қауіп төндіретін деструктивті діни ағымдардан зардап шекпесе екен дейміз.
Педагогтар, психологтар, мектеп әкімшілігінің бүкіл ұжымы сіздермен, біздің оқушыларымыздың ата-аналарымен тығыз ынтымақтастыққа дайын. Бәріміз жақсы түсінеміз: еліміздің болашақта қандай болмағы, балаларымызға нені үйрететінімізге және оларды қалай тәрбиелейтінімізге тікелей байланысты.
Біз сіздерге оқыту және тәрбиелеу процесінде туындайтын проблемалық жағдаяттарды шешу үшін қажетті барлық ақпаратты беруге дайынбыз.
Осы мақсатта біз сіздерді «21-ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты республикалық конференцияға қатысуға шақырамыз, оның негізгі міндеті – бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек көрсету.
Бүгін біздің психологтар бірінші сынып оқушыларының ата-аналары тап болатын проблемаларға бағдарланған бағдарлама дайындады. Бағдарламаны біздің мектеп психологымыз
(Т.А.Ә.).__________________________________________________ ұсынады.
Баршаңызға конференцияда сәтті жұмыс тілейміз!
ЭКРАНДА бұл уақытта – №1 СЛАЙД.
Психологтың сөз сөйлеуі алдында № 2 музыкалық бейнефайл - " Менің Қазақстаным " көрсетіледі.
ПСИХОЛОГТЫҢ СӨЗ СӨЙЛЕУІ.
Бірінші қыркүйекте сіздің балаңыз бен барлық отбасыңыздың өмірінде мұлде жаңа парақ ашылды. Барлығымыз түсінеміз: оқудың алғашқы айларында мектепке дайындық кезеңі — бұл қиын кезең. Бүлдіршін үшін бірінші сынып – бұл шын мәнінде терең өзгерістер уақыты.
№2 СЛАЙД.
Конференцияда мынадай аса маңызды мәселелер қаралатын болады:
1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.
2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.
3. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
5. Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел, Белсенділік.
6. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.
7. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.
8. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.
Конференция бағдарламасында жоғарыда аталған проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар ғана берілмеген, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дасалған бейнероликтер де қамтылған.
№ 3 СЛАЙД.
№1 ТАҚЫРЫП. Баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – зиянды ақпарат, оның ішінде Интернет желісінде таралатын ақпарат алу арқылы баланың денсаулығына және оның дамуына (физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік) зиян келтіру қаупін жоюды білдіреді.
№ 4 СЛАЙД.
Баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
жауапкершілік оның ата-анасының мойнында.
Ата-ананың міндеті – баланың Интернетті пайдалануын өз бақылауына қою және баланың Интернет жеткізетін қызметтер мен ақпаратты тұтыну мәдениетін қалыптастыру.
№5 СЛАЙД.
ИНТЕРНЕТ БАЛАЛАР ҮШІН НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?
ҚАУІП ТҮРЛЕРІ:
№6 СЛАЙД.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін,
МЫНАДАЙ ЖЕТІ ЕРЕЖЕНІ ОРЫНДАУ ҚАЖЕТ.
БІРІНШІ ЕРЕЖЕ. Балаларыңыз Интернетте немен айналысатынынан хабардар болыңыз.
№7 СЛАЙД.
ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ: Балалардан қандай чаттарға, топтарға, хабарландыру парақшаларына кіретінін және кіммен араласатынын сұрап біліңіз. Қадағаланатын чаттардағы қарым-қатынасын құптаңыз (спорт, музыка сабақтары бойынша сыныптастарымен, достарымен және т.б.) және балалардың тек ортақ чат терезелерінде ғана араласуын талап етіңіз.
№8 СЛАЙД.
ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ:
Балаларыңызға Интернетте қандай да бір адамға өзі туралы ақпарат бермеуі (мобильді телефон нөмірі, үй мекенжайы, мектебінің атауы мен нөмірі), сондай-ақ өзі мен отбасының фотосуреттерін орналастырмауы тиіс екенін түсінуге көмектесіңіз.
№9 СЛАЙД.
ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ:
Балаңызға оған және сізге белгісіз адамдардан жіберілген файлдарды ашуға болмайтындығын түсіндіріңіз. Бұл файлдарда вирустар немесе зиянды, агрессивті мазмұндағы фото/бейне болуы мүмкін.
№10 СЛАЙД.
БЕСІНШІ ЕРЕЖЕ:
Балаңызға Интернетте кей адамдардың өтірік айтуы және өзі көрсеткен адам болып шықпауы мүмкін екенін түсінуге көмектесіңіз. Сіздің балаңыз ешқашан өз бетінше, ересектерсіз шынайы өмірде интернет-достармен кездеспеуі керек.
СЛАЙД №11.
АЛТЫНШЫ ЕРЕЖЕ:
Балаларыңызды Интернетте біреу ренжіткен немесе агрессивті сөздерге, кінәлауға, балағаттауға тап болған жағдайда, оларды дұрыс әрекет етуге үйретіңіз. Оларға бұндай жағдайларды Сізге айтуы тиіс екенін және Сіз міндетті түрде көмектесетініңізді айтыңыз.
ЖЕТІНШІ ЕРЕЖЕ:
Сіздің үй компьютеріңізде сүзгілеу құралдарының орнатылғанына және дұрыс күйге келтірілгеніне көз жеткізіңіз. Бұл жерде Сізге интернет-қауіпсіздік саласындағы маман көмектеседі.
№12 СЛАЙД.
№2 ТАҚЫРЫП. БАЛАДА ИНТЕРНЕТ-ТӘУЕЛДІЛІК ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ.
КОМПЬЮТЕР ЖАУҒА АЙНАЛМАС ҮШІН, ӘРЕКЕТ ЕТУІҢІЗ КЕРЕК!
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
Әсіресе компьютерге ер балалар жақын болады: бір интернетке тәуелді қыз балаға 10 ер баладан келеді. Бұл ер балалардың мектептегі сәтсіздіктеріне көбірек уайымға берілетіндігімен байланысты, және қыз балаларға арналған компьютер ойындары да әлдеқайда аз ойлап табылған.
ПСИХОЛОГТАР АЙТАДЫ: көбінесе, үйде сирек болатын жұмысшыл ата-аналардың балалары желіде жоғалады.
№13 СЛАЙД.
Баланың компьютерге әуестенуі оның психикалық және физикалық денсаулығы, тұлғалық дамуы және әлеуметтенуі үшін қауіпті бола бастағандығының белгілері.
• Бала оның назарын ойыннан басқаға аударуға тырысу кезінде агрессия танытады және Сіздің өтініштеріңізге жауап қатудан қалады.
• Егер Сіз баланың компьютермен өткізетін уақытын қысқартсаңыз, ол тұнжыраңқы күйге түседі.
• Мектеп оқушысында оқуда және/немесе құрдастарымен қарым-қатынаста қиындықтар туындайды.
• Бала Сізден желіде қанша уақыт өткізетінін және қандай сайттарға кіретінін жасырады.
• Бала компьютерлер мен интернет туралы үнемі ойлайды және айтады, виртуалды шындыққа оралуын қуана күтеді.
• Кіші жастағы мектеп оқушысының күн тәртібі, тамақтану және ұйқы тәртібі бұзылады.
№ 14 СЛАЙД.
КОМПЬЮТЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ СЕБЕПТЕРІ:
№ 15 СЛАЙД.
Бала шынайы әлемді виртуалдыға айырбастап, БҮКІЛӘЛЕМДІК ТОРДЫҢ ШЫРМАУЫНДА ҚАЛМАУЫ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Компьютерлік тәуелділік – бұл ауру емес, оның белгілері: шындықтан қашу, өз орнын табуға қиналатын адамдарға тән.
Түсінікті сөзбен айтқанда, мектеп өмірін бастаған бала өзін жалғыз сезінеді, ересек адамға болмашы болып көрінуі мүмкін проблемаларды қалай жеңу керектігін білмейді.
№16 СЛАЙД.
БІРІНШІ КЕҢЕС: интернет-тәуелділікке бейім баланың өмірін, яғни өз өміріңізді жарқын әрі қуанышқа толы ету қажет. Егер ата-ананың өздері виртуалды әлемге батса – бұл жаман үлгі. Ал егер бала күні бойы компьютерде отырып, олардың мазасын алмайтынына іштей қуанар болса, бұл одан да жаман.
ЕКІНШІ КЕҢЕС: өз балаңызбен «қазір және осы жерде» өмір сүріңіз, бірінші сынып оқушысымен интернетпен еш байланысы жоқ жарқын сәттерді бастан өткеріңіз. Бірге хайуанаттар паркіне, балық аулауға немесе футбол ойнауға барыңыз. Виртуалды өмірге байланған балаға бұл өте пайдалы, олар бұған аса мұқтаж.
№ 17 СЛАЙД.
ҮШІНШІ КЕҢЕС: Одан басқа дене арқылы сезінетін түйсіктермен байланысты ортақ сабақтар маңызды (бұл да интернетке тәуелді балалар үшін аса жетіспейді). Сіз ұлыңызбен пластиктен, ағаштан бұйымдар жасай аласыз, ыдысқа суреттер сала аласыз. Бастысы, балаңызбен бірге қызықты уақыт өткізесіз.
ТӨРТІНШІ, БАСТЫ КЕҢЕС: балаңыздың виртуалды емес, шынайы өмірдегі құрдастарымен, сыныптастарымен дос болуын қолдаңыз және нығайтыңыз. Оларға мереке немесе табиғатқа серуен ұйымдастыру Сіздің қолыңызда. Уақытыңыз бен эмоцияңызды аямаңыз, сонда бәрі жақсы болады!
№ 18 СЛАЙД
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Интернет оқу, демалу және достармен араласу үшін тамаша құрал болуы мүмкін.
БІРАҚ! Шынайы өмір секілді, ЖЕЛІ де қауіпті болуы мүмкін!
Психолог " Балалар және интернет – қауіпсіздік жолдары" атты №3 бейнероликті көруді ұсынады.
БЕЙНЕРОЛИКТЕН КЕЙІН ПСИХОЛОГ БЫЛАЙ ДЕЙДІ:
Мен осы танымдық бейнероликті тамашалағаннан кейін, Сіздердің әрқайсыңыз балаңыздың Интернетті бақылауын дұрыс бақылайсыз ба деген сұраққа ойландыңыздар деген сенімдемін. Бала ойнасын, сурет салсын, мүсін жасасын, конструктор құрастырсын, билесін, қарым-қатынас жасасын. Бала шынайы өмірде өмір сүрсін, ал компьютер ешқайда қашпайды. Бұл жерде асығыстық танытудың қажеті жоқ. Балалық шақ компьютерлік емес, нағыз балалық шақ болсын.
№ 19 СЛАЙД
№3 ТАҚЫРЫП. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу.
Қазақстан Республикасы – көпұлтты көпконфессиялы мемлекетте – барлық діндердің заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету секілді нәзік мәселенің маңызы ерекше.
№20 СЛАЙД.
Еліміздің басты Заңы – Конституцияда мемлекеттің зайырлылық сипаты бекітілген.
Зайырлылық принциптері қандай да бір діннің артықшылыққа ие болуына жол бермейді.
№21 СЛАЙД.
Қазақстандық білім жүйесі ата-анасының діни нанымына қарамай әрбір баланың орта білім алуына жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге бағытталған. Және балаларды өнерге, спортқа және зияткерлік дамуға баулу арқылы білім беріп қана қоймай, олардың тұлғалық дамуын көздейді.
Ислам діні бүкіл адамзатты білім алуға шақырады.
Балаға зайырлы білім беру – бұл әрбір ата-ананың азаматтық және мұсылмандық парызы.
№22 СЛАЙД.
Қазақстандағы мектептер зайырлы сипатта.
Дәл осы себеппен 2016 жылы Қазақстанның білім және ғылым, әділет, дін істері және азаматтық қоғам министрліктері қыз балаларға діни атрибутика киюге тыйым салу туралы жариялаған.
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрықпен мектеп формасы үшін бірыңғай қағидалар енгізді.
Заңнама нормалары Қазақстанда барлық конфессиялар мен этностар өкілдері үшін бірдей болып табылады.
Бұл дегеніміз:
әрбір мектепте қатаң бекітілген киім формасы бар, және ол барлық мектеп оқушыларында болуы қажет. Ештеңе баланың көңілін білім беру процесінен басқа жаққа аудармауы тиіс: бірыңғай мектеп формасының міндеті балалар ұжымын бөлу емес, керісінше біріктіру.
№23 СЛАЙД.
Бірыңғай мектеп формасы – бұл кең таралған халықаралық тәжірибе.
Ол экстремизмнің алдын алу құралы ретінде қоғамдық қауіпсіздік жайлы ойлардан туындаған, себебі діни атрибутика, мектеп оқушысының діни тиесілігін ерекшелейтіндіктен, оқушылардың бөлінуіне, дінаралық алауыздық туындауына себепші болуы мүмкін.
Қыздарының мектепте діни атрибутика киюін қолдайтын ата-аналар сол арқылы:
* зайырлылық принциптерімен және тарихи тұрғыда қоғамымызда қалыптасқан рухани теңдік құндылықтарымен келіспейтіндерін білдіреді,
*қоғамымыздың басқа мүшелеріне кері әсер етеді, біздің азаматтарымыздың көпшілігінің ашуы мен ызасын тудырады.
№24 СЛАЙД.
Зайырлы білім және онымен байланысты нормалар мен қағидалар ата-аналар мен олардың балаларының дінді таңдау еркіндігін шектемейді, мектеп оқушыларының діни сезімдерін аяқасты етпейді.
Өз мемлекетіңнің заңдарын сақтау және құрметтеу – әрбір азаматтың маңызды міндеті.
Ата-аналарға қыздарының міндетті зайырлы білім алулары үшін көбірек көңіл бөлуге кеңес береміз.
Сіздер сапалы білімнің баланың, қыз баланың да, ер баланың да тұрақты болашағының кепілі екенін ұмытпауларыңыз керек.
№25 СЛАЙД.
«Егер білмесеңіздер, білетін адамдардан сұраңыздар». (Құран, 21-сүре, 7-аят).
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ МЫНАНЫ БІЛГЕНІ ЖӘНЕ ҰМЫТПАҒАНЫ ЖӨН:
1. ИСЛАМ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫ ХИДЖАП КИЮГЕ МІНДЕТТЕМЕЙДІ. Діни міндеттер тек адам кәмелеттік жасқа толғаннан кейін және адам «балиғат» ұғымына сай болғанда ғана жүктеледі ( «Ханафит ілімі» кітабы).
2. Хиджаптың мақсаты мен міндеттері – бөтен көздерден жасыру. (Құран, 24-сүре, 31-аят).
3. Ислам діндарларға өмірді қиындатуды емес, жеңілдетуді үйретеді:
«Алла сіздер үшін қиындықты емес, жеңілдікті қалайды».(Құран, 2-сүре, 185-аят).
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): «Қиындатпаңыздар, жеңілдетіңіздер», деген.
Кейде Исламда тіпті кейбір міндеттерді орындаудан бас тарту арқылы адам өмірі мен денсаулығын сақтау, оны қорғау қажеттілігі айтылады.
№26 СЛАЙД.
Қыздарына зайырлы білім бере отырып, мұсылман ата-ана өз отбасы шеңберінде оларды діни дәстүрлермен таныстыруы, салттарды ұстану тәжірибесін беруі тиіс. Олардың ата-аналық борышы да, ата-ана ретіндегі жауапкершілігі де осында.
Отбасында нағыз мұсылман болыңыздар – сонда қыздарыңыз сіздердің тәжірибелеріңізді бүкіл өміріне жетерлік етіп бойына сіңіреді. Өз үлгіңмен тәрбиелеу – әлемдегі ең жақсы тәрбие!
«Ананың iзiн қыз басар, атаның iзiн ұл басар».
Әрбір ата-ана ұмытпауы керек: оның өмірі, оның мінез-құлқы – бұл бала үшін үлгі.
Балаларыңыздың жақсы болғанын қалайсыз ба – жақсы тәрбиеші болу аз. Жақсы адам болыңыздар!
Психолог былай дейді:
Осынау аса маңызды тақырыптың қорытындысын бейнематериал арқылы шығарайық. Экранға назар аударыңыздар.
№4 «БАЛАЛАР ЖӘНЕ ДІН» БЕЙНЕРОЛИГІ КӨРСЕТІЛЕДІ.
РОЛИКТЕН КЕЙІН ПСИХОЛОГ СӨЗ СӨЙЛЕЙДІ:
Бүгінгі ұсынылған материалдар барлық ата-аналарға өз міндеттерін ұғынуға және бұл тұрғыда өздерінің салмақты жауапкершіліктерін сезінуге көмектеседі деп үміттенемін. Әрбір қазақстандық отбасы ұлы еліміздің халықтары арасындағы өзара сыйластық пен достықты нығайтуға өз үлесін қоса алады және қосуы тиіс.
Келесі тақырыпқа НАЗАР АУДАРАЛЫҚ.
№27 СЛАЙД.
№4 ТАҚЫРЫП. ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НЫҒАЙТУ
Тату отбасы, бақытты балалар –
Мемлекет гүлденуінің сенімді іргетасы.
Отбасының беделін арттыру және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі.
Берік жұбайлар одағы, ата-ананы, құрметтеу, ана болу, әке болу, өзара құрмет пен сенім, адалдық пен махаббат – бұл отбасылық өмір салтының және үздік отбасылық дәстүрлердің негізі.
№28 СЛАЙД
АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
Балаңыз үшін дос, кеңесші, қорған болыңыз!
Барлық ата-аналардың өз балаларын отбасылық құндылықтар, сүйіспеншілікте өмір сүру, өзара түсіністік пен өзара қолдау рухында тәрбиелеу секілді аса маңызды міндетін түсінуін бекіту үшін, назарларыңызға бейнематериал ұсынамыз. Экранға назар аударыңыздар.
№5 " Тату отбасы – бақытты бала – гүлденген ел" БЕЙНЕРОЛИГІ КӨРСЕТІЛЕДІ
БЕЙНЕРОЛИКТЕН КЕЙІН ПСИХОЛОГ СӨЗ СӨЙЛЕЙДІ:
Баршаңыз тату отбасы жасай алатын эмоционалдық жылылықты сезіндіңіздер деп үміттенемін. Сіздердің әрқайсыңыздың да өз отбасыларыңызда осындай атмосфера жасап, өз жақындарыңызға қамқорлық пен ықылас таныту қолдарыңыздан келеді ғой. Әрбір отбасыға отбасы бақытын тілеймін.
Енді келесі тақырыбымызға көшейік.
№29 СЛАЙД.
№5 ТАҚЫРЫП. Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары туралы.
Бастауыш білім – бұл ересектер әлеміне саналы өмірді бастау, және баланың кім болмағы, қандай болмағы, осы кезеңнің сәтті немесе сәтсіз өтуіне байланысты.
№30 СЛАЙД.
Ата-аналарға бейімделу кезеңі бірнеше айға созылуы мүмкін екеніне дайын болу қажет. Балаға көмек қажет, және ең алдымен, ол ең жақын адамдары - ата-анасының көмегі қажет. Сондықтан ересектерге өз баласын қолдау үшін бар күш-жігерін салуға ұмтылу керек.
Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?
№ 31 СЛАЙД
Мектепте оқуды бастауға байланысты бала өмірінде болатын барлық өзгерістер кезінде, ата-анаға мыналарды ұмытпау қажет:
Балалар әзірге ұжымда жұмыс істей алмайды. Мектептегі жаңа, үйренбеген жағдай барлығына бірдей әсер етпейді: біреуде психологиялық шиеленіс пайда болады, біреу жаңаға физикалық шиеленіспен реакция береді, біреулерде ұйқы, тәбет бұзылуы, ауруларға төтеп беру қабілеті нашарлауы мүмкін. Егер бұны назарға алмасақ, жұмысқа қабілеттілік, оқуға деген ынта жоғалуы мүмкін. Егер сіз бен біз балалардың жаңа жағдайын, олардың жастық ерекшеліктерін ескерсек, шамалы тапқырлық танытсақ, онда біздің балаларымыз мектепке бейімдеу кезеңін уайымсыз жеңеді.
Бірінші сынып болашақтағы жетістіктерге старттық алаң болуы үшін не істеу керек? Бірінші сынып оқушылары ата-аналарының ата-ана ретіндегі стратегияларының аса маңызды ҮШ құрамдасы туралы айтайық.
№32 СЛАЙД
ҮШ«Б» ЗАҢЫ :
БЕЙІМДЕУ, БЕДЕЛ, БЕЛСЕНДІЛІК.
БАЛАНЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА БЕЙІМДЕУ - Ата-ананың міндеті: бірінші сынып оқушысына моральдық және эмоционалдық қолдау көрсету, үйренбеген жағдайды түсінуге көмектесу.
БЕДЕЛ - ата-ананың міндеті: ата-ана беделінің жаңа деңгейін нығайту және дамыту, мұғалім мен мектептің беделін қалыптастыру.
БЕЛСЕНДІЛІК – ата-ананың міндеті: педагогпен тығыз байланыс орнату, бала келіспеушіліктерден зардап шекпес үшін, талаптарды келісіп алу, кеңестерге құлақ түру, мерекелер мен ортақ істерді ұйымдастыруға көмегін ұсыну. Ересектердің мектеп өміріне кез келген қатысуы балаға пайдасын тигізеді, сол кеде бала, ұл немесе қыз өз ата-анасын мақтан тұтатын болады.
№ 33 СЛАЙД
БАЛАНЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА БЕЙІМДЕУ: ата-анаға кеңестер.
Бірінші кеңес : балаңызға берілу ге тиіс ең басты нәрсе — бұл Сіздің ықыласыңыз.
· Шыдамды болыңыз: оның мектебі туралы әңгімелерін мұқият тыңдаңыз, нақтылушы сұрақтар қойыңыз.
· Есіңізде болсын: Сізге елеусіз болып көрінуі мүмкін нәрсе ұлыңыз немесе қызыңыз үшін сол күні болған ең толқулы оқиға болуы мүмкін!
· Балаңызды ықыласпен тыңдаңыз: сонда балаңызға неден көмек қажет екенін, мұғаліммен не жайлы сөйлесу керектігін, балаңызбен мектеп қабырғасында қоштасқаннан кейін шын мәнінде онымен қандай оқиғалар болғанын түсіне аласыз.
· Есіңізде болсын, балаңыз іс-әрекетімен махаббатыңызға лайық болмаған кездері оған аса зәру болады.
Егер балаңыз оның істері мен шаруаларына Сіздің қызығушылығыңызды көрсе, ол мінетті түрде Сіздің қолдауыңызды сезінеді.
№ 34 СЛАЙД
Екінші кеңес: балаңыздың бойында оның мектеп оқушысы боламын деген ұмтылысын қолдаңыз, оқимын деген ниетін дамытыңыз және құптаңыз.
№ 35 СЛАЙД
Үшінші кеңес: балаға жаңа өмір режиміне дағдылануға көмектесіңіз.
· Баламен мектепте кездестірген ережелер мен нормаларды талқылаңыз. Олардың қажеттілігі мен жөнділігін түсіндіріңіз.
Күн тәртібінің бірінші сынып оқушысының өмірінде маңызы ерекше. Балада жаңа міндеттер пайда болды, олар баладан үлкен жинақылықты, тәртіптілікті талап етеді – күн тәртібі еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге, өмірдің жаңа жағдайларына үйренуге көмектеседі.
Күн тәртібін сақтауды дәрігерлер де талап етеді, себебі – бұл балалардың тез шаршауы мен ашушаңдығы үшін таптырмас дәрі. Жұмысқа қабілеттілік күні бойы бірей емес. Гигиенист дәрігерлердің зерттеулері жұмысқа қабілеттіліктің екі шығын анықтады: таңғы 8-11, және кешкі 16-18, одан кейін қарқынды баяулау жүреді. Сондықтан үй тапсырмасын орындауды кешкі уақытқа қалдыруға кеңес берілмейді – оның өнімділігі төмен болады.
Бала мектепке психологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар физикалық тұрғыдан да үйренеді. Көптеген балалар бірінші сыныпта таңертең бір уақытта ерте тұру қажеттігімен бірінші рет кездеседі. Мектепте 3-6 сағат бойы бала белсенді түрде оқиды. Алты-жеті жаста бұндай жүктеме ересек адамның қиын жұмыс күніне тең. Оқу жылы басталғаннан кейін баланың жүйке жүйесіне, омыртқасына, көру қабілетіне, есту қабілетіне түсетін жүктеме күрт артады.
Егер бұған дейін сіздер күн тәртібін ұстанбасаңыздар, оны ақырындап енгізуге тырысыңыз. Сіздің қызыңыз немесе ұлыңыз тұрақты, ұзақ уақыт ұйқыға мұқтаж. Мектеп оқушысына бір уақытта ұйықтауды үйренуге көмектесіңіз. Баланы бірден үй тапсымаларын орындауға отыруға мәжбүрлемеңіз. Балаға тынығып алу үшін уақыт қажет. Бұл оқу процесінің өзі үшін де пайдалы. Ми демалыс уақытын «жаңа білімдерді қажетті сөрелерге орналастыру» үшін пайдаланады. Біз секілді балаға да жұмыс күнінен кейін аздап демалып алу қажет. Балаңыздың денсаулығына қамқор болыңыз, себебі мектепте оқудың алғашқы айларында күн тәртібіндегі кемшіліктер бұрынғы уақытпен салыстырғанда салмақты зардап келтіреді.
№36 СЛАЙД
Төртінші кеңес: баланың мектептегі шаруалары мен қиындықтарына қатысты сабыр сақтай біліңіз.
Ата-анасын сабырлы және сенімді жағдайда көрген бала мектептен қорқудың қажеті жоқ екенін сезінеді.
№37 СЛАЙД
Бесінші кеңес: балаңызға құрдастарымен байланыс орнатуға және өзін сенімді сезінуге көмектесіңіз.
· Балаңызды көпшілдігі үшін мақтаңыз, оның мектептегі жаңа таныстықтарына қуанышыңызды жеткізіңіз.
· Онымен өз құрдастарымен араласу ережелері туралы сөйлесіңіз, балаңызға басқалар үшін қызықты болуға көмектесіңіз.
· Достарына көрсете алуы үшін, оған жаңа ойындар үйретіңіз.
· Балаңыздың сыныптастарын үйіңізге шақырыңыз — қарапайым шай ішу, ал кішкентай қожайын қонақ қабылдауды үйренеді.
· Балаңыздың мектептегі жолдастарын қымбат ойыншықтармен және киіммен «сатып алудың» қажеті жоқ. Осылайша сіздің балаңыз басқаларға жай ғана керек болуды үйренеді. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптастарының қызғанышына және жақтырмаушылығына ұшырауы мүмкін.
Өзіне сенімді, көпшіл балақай кез келген жағдайға тезірек және сабырмен бейімделеді.
№38 СЛАЙД
Алтыншы кеңес: балаңыздың мектептегі жетістіктеріне қатысты даналық таныта біліңіз.
· Балаңызды мектеп күнделігіне қосымшаға айналдырмаңыз. Мектептегі жетістіктер, сөзсіз, маңызды. Бірақ бұл балаңыздың бүкіл өмірі емес.
· Мектептегі баға — баланың осы сәттегі осы пәннің осы тақырыбы бойынша білім көрсеткіштері. Ол баланың тұлғасын сипаттамайды!
· Балаңызды мектептегі жетістіктері үшін мақтаңыз. Және есіңізде болсын, ешқандай да «бестіктер» саны балаңыздың бақытынан маңызды бола алмайды.
· Балаңыздың алғашқы сәтсіздіктеріне барлық үмітіңіздің күйреуі ретінде қарамаңыз. Есіңізде болсын: Сіздің балаңызға оған деген сеніміңіз, парасатты көмегіңіз бен қолдауыңыз қажет.
№39 СЛАЙД
Жетінші кеңес: балаңызға бірінші сыныптың бірінші жартыжылдығында көп міндет жүктемеуге тырысыңыз.
Бала бұндай жағдайда өзіне өзі қожа емес, ол үшін басқалар шешім қабылдайды, кейде тіпті оның еркінен тыс, оның қызығушылықтары мен қалауын, және күш-қуатын ескермей шешім қабылдайды.
Жауап қарапайым: балаңыздың қалауына қарай әрекет етіңіз. Оны мәжбүрлеуге, күштеп орындатуға емес, қызықтыруға, еліктіруге тырысыңыз.
Әрбір бүлдіршіннің мектеп әлеміне жасаған ең алғашқы қадамдары баланың өзі үшін де, оның отбасы мүшелері үшін де ең сенімді және қуанышқа толы болуы үшін бар мүмкіндігімізді аямайық!
Берілген кеңестер баршаңызға балаңызбен қарым-қатынаста барынша тиімді болуға көмектеседі деп үміттенемін.
Психолог №6. "ӘКЕ, МЕНІ ВАЛЬСҚА ШАҚЫР!" бейнеролигін тамашалауды ұсынады
ЭКРАНҒА НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР.
Бейнероликтен кейін ПСИХОЛОГ былай дейді:
Әкесі мен қызының қарым-қатынасындағы жылылық пен махаббатты барлығыңыз сезіне алдыңыздар деп үміттенемін. Мен осында отырған әрбір әкеге шын жүректен өз балаларыңызбен қарым-қатынаста дәл осындай бақытты болуды тілеймін.
Ал енді әрбір бірінші сынып оқушысы ата-анасының міндеттері туралы әңгімемізді жалғастырайық.
№ 40 СЛАЙД
ЕКІНШІ«Б» ЗАҢЫ: БЕДЕЛ.
АТА-АНАНЫҢ БЕДЕЛІ.
Баланың ата-анасымен қарым-қатынасы дамудың жаңа сатысынан өтіп жатыр. Бұл қарым-қатынастар өзгеріске ұшырайды: бала мектепке барғанда ол отбасылық қарым-қатынастың шегінен шығады. Оның жаңа қатынастары пайда болады – сыныптастарымен, педагогтармен. Бірақ оның ата-анасымен өзара қарым-қатынастары оның өмірінде әлі ұзақ уақыт бойы басты қатынас болып қала береді, және оның бүкіл өміріне әсер етеді. Ата-ана беделін нығайту үшін, баламен қарым-қатынаста мынадай ережелерді ұстануға кеңес береміз:
№ 41 СЛАЙД
МҰҒАЛІМНІҢ БЕДЕЛІ.
Сіздің мектепке және мұғалімдерге деген жағымды көзқарасыңыз баланың бейімделу кезеңін жеңілдетеді.
Кез келген бірінші сынып оқушысынан оның мұғалімі қандай екенін сұраңыз. Сіз оның ең жақсы, ең сұлу, ең мейірімді ең... жан деген жауабын аласыз. Бірінші сынып оқушысы үшін мұғалім өмірдегі ең басты ересек адамдардың біріне айналады. Алғашқы айларда мұғалім тіпті әкесі мен анасынан да жоғары тұрады. Баланың осы «махаббатын» қолдап, қызғаныш танытпағанымыз көрегенділік болады.
Алғашқы ұстаз — бала өмірінде ғана емес, бүкіл отбасы өміріндегі маңызды адам.
- Балаңыздың мұғалімдерімен ынтымақтасыңыз, көмек ұсыныңыз, белсенділік танытыңыз. Практикада аңғаратынымыздай, ата-аналары белсенді сыныпта балалар арасындағы қарым-қатынас та жақсы әрі тығыз, мектеп өмірі қызықтырақ, мерекелер мен жорықтар көбірек болады.
· Тіпті егер Сіздің өзіңізде, ата-ана ретінде мұғалімдерге қояр сұрақтарыңыз болса да, оның әдістерімен келіспесеңіз де, барлық қайшылықтар ересектер арасында қалуы тиіс. Олай болмаған жағдайда бала ата-анасына деген махаббаты мен мұғалімдеріне деген құрметі арасында не істерін білмей қалады.
· «Отбасы арасында» мектеп пен мұғалімдер туралы жағымсыз немесе дөрекі сөздер айту өте зиян, бұл бала үшін бейімделу кезеңін айтарлықтай қиындатады, баланың сабырын қашырады және ол өзі үшін маңызды ересектер арасындағы татулық пен қамқорлыққа деген сенімін жоғалтады.
· Егер Сіз оқыту әдістемесіне разы болмасаңыз немесе ол түсініксіз болса, мұғалімнен оның оқытудың басқа тәсілдері алдындағы артықшылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіріп беруін өтіну қажет. Кез келген мұғалім бұны қуана орындайды, себебі ол ата-анадан сыншылдар емес, көмекшілер көруге мүдделі.
Ал қазір, назарларыңызға "Анасы мен қызы" атты тамаша бейнеролик ұсынамын. ЭКРАНҒА НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР.
№ 7 " Анасы мен қызы" бейнеролигі.
Бейнероликтен кейін психолог былай дейді:
Ананың аялы алақаны, ананың мейірімі, бастысы – ананың махаббаты барлық ауыртпалықтардан басты шипа осы! Ана жүрегі – ең сенімді қорған! Ана барлық балаларын бірдей жақсы көреді – бір бала ма, үш бала ма немесе бесеу ме – оның махаббаты бәріне де жетеді! Және сіздер бұны өте жақсы білесіздер! Қадірлі аналар! Сіздердің ана болуыңыз әрқашан бақытты болады деп үміттенемін!
№ 42 СЛАЙД
ҮШІНШІ«Б» ЗАҢЫ: БЕЛСЕНДІЛІК.
ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ БЕЛСЕНДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ.
Мектеп пен отбасы қарым-қатынасында оның нәтижелілігін айтарлықтай төмендететін қателіктерге жол берілуі мүмкін:
Ата-ана жіберуі мүмкін төрт басты қателіктер:
1. Отбасы мен мектеп әрекеттерінің келіспеушілігі. Балалардың көзінше мектеппен келіспеушіліктеріңізді талқыламаңыз. Мұғалімге қарата жағымсыз сөздер айтпаңыз. Мұғалімдердің, психологтардың, мектеп әкімшілігінің ұсынымдарына менсінбей қарамаңыз. «Мектептен де маңызды нәрселер бар» ұстанымында болмаңыз.
№ 43 СЛАЙД
2. Байланыстардың эпизодтық сипаты. Мектепке баруыңыз «сәті келгенде» немесе қандай да бір төтенше жағдай орын алғанда ғана болмауы керек. Ата-аналар жиналысына және басқа да іс-шараларға мән беріңіз. Мектеппен байланыстың сиректігі мен эпизодтылығының салдарынан Сіздің балаңыздың өмірі, оның қызығушылықтары, әуестіктері, достары, шаруалары туралы хабардарлығыңыз төмен болады. Бұл түсініспеушіліктің жиналуына, педагогтардың, балалар мен ата-аналардың бір-бірінен алыстауына, ата-ананың педагогикалық мәдениетінің төмендеуіне әкеп соғады. Бұның салдарынан бала тәрбиесінде ата-аналар мен педагогтар жіберетін қателіктер саны күрт өсуі мүмкін.
№44 СЛАЙД
3. «Әсер ету аяларын» бөлу. Кейде ата-аналар, олардың міндеті баланың материалдық жағдайын қамтамасыз ету, ал оған тәрбие беру мектептің міндеті деген ойда. Салдарынан бала өмірінде отбасының тәрбиелік ықпалдарынан тыс бос кеңістік пайда болады. Бұл кеңістік жағымсыз ықпалдармен толтырылуы және тәрбиелеуге көнбеушілікке әкеп соғуы мүмкін.
№ 45 СЛАЙД
4. «Басшылық нұсқаулар» жүйесі, өзара әрекет ету негізі ретінде. Мүлтіксіз бақылау, отбасы тарапынан мектеп қызметіне жөнсіз араласу. Бұл жағдайда, ата-ана баланы қалай тәрбиелеу керек екенін тек өзіміз ғана білеміз деген пікірде, және баласын олардан артық ешкім жақсы білмейді деген ұстанымға сүйенеді.
Салдарынан баланың ересектерге жағымсыз көзқарасы, кез келген тәрбиелік ықпалдарға қарсылық білдіру немесе дербестік, бастамашылдық, шығармашылық қабілеттер дамуындағы бөгеліс орын алады.
№46 СЛАЙД
Бейімделу кезеңі сәтті өткенін қалай түсінуге болады?
Сәтті бейімделу белгілері:
Бірінші — баланың оқыту процесіне қанағаттанушылығы. Оған мектепте ұнайды және ол сенімсіздік, қорқыныш сезімдерінен ада.
Екінші — бала бағдарламаны артық күш жұмсамай меңгереді. Егер мекеп әдеттегі және бағдарлама дәстүрлі болып, ал бала оқытуда қиындықтарға тап болса, онда оны қиын сәтте қолдау, бая орындайсың деп сынамау басқа балалармен салыстырмау қажет.
Егер бағдарлама күрделі болса, оның үстіне шетел тілін үйрену қажет болса, бастауыш сынып мұғаліміне, шет тілі мұғаліміне және ата-анаға бұндай көп жүктеме балаға тым ауыр болмас па екен деп осы жағын қадағалау қажет. Дұрысы, дер кезінде түзету, әйтпесе кейін көптеген проблемалар, оның ішінде денсаулықта проблемалар пайда болады. Мүмкін жүктемесі азырақ басқа сыныпта бала өзін жайлы сезінер?
Алғашқы кездерде бірінші сынып оқушысына табысқа жететініне сенім ұялатудың маңызы зор, оның мұңаюына, «Менің қолымнан ештеңе келмейді» деген ойда болуына жол бермеңіз, керісінше жағдайда апатиямен күресу өте ұзақ уақыт алатын болады.
Көп жағдайда ата-ана баласына көмектесуде асыра сілтеп жатады, бұл қарама-қарсы әсер береді: оқушы сабақтарға бірге дайындалуға үйреніп алады және жалғыз өзі орындағысы келмейді. Бұл жерде бірден көмек шегін белгілеу және біртіндеп оларды азайту қажет.
№ 47 СЛАЙД
Баланың мектеп ортасына үйреніскенінің ҮШІНШІ, ең маңызды белгісі оның сыныптастарымен және мұғалімімен тұлғааралық қарым-қатынастарына қанағаттанушылығы болып табылады.
Ата-ана баласына мектептен кеш қайтасың деп ұрысатын жағдайлар жиі кездеседі, оған достары себепсіз қоңырау шалады, серуендеуге тым көп шығады деп ұрысады. Алайда бұл жаста бірінші сынып оқушысы белсенді түрде байланыстар орнататынын, балалар ортасында өз орнын ізейтінін, басқа балалармен ынтымақтасуға және өзіне олардан көмек қабылдауға үйренетінін ұмытпаған абзал. Және осындай қиын істе оған көмек қажет! Баланың әлеуметтік рөлдерді бөлу кезінде қандай орын алатыны оның мекептегі оқуы қаншалықты сәтті өтетінін шешеді. «Сараң» немесе «білгіш» имидждерінен арылу қандай қиын екенін, бір кездері балақайдың өзін лайықты көрсете алмауы себебінен жасөспірімдік шақта қаншалықты көп проблемалар туындайтынын ұмытпайық.
Баласына мектепте оқуға бейімделу кезеңін сәтті өтуге көмектесу үшін, осындай қарапайым бірақ аса маңызды заңдарды барлық ата-аналар ұмытпауы керек.
№ 48 СЛАЙД
Балаңыз өзіне сенімді, өзін бағалауы дұрыс болуы, батыл, бастамашыл болуы үшін, өз сөзіңізге мұқият болыңыз: өзіңізде жағымсыз бағдардың бар-жоғына талдау жасаңыз және баламен қарым-қатынаста оларды өз сөзіңізде қолданбаңыз.
АТА-АНАНЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ БАҒДАРЛАРЫ.
1. «Көзім сені көрмесе ғой!», «Маған бұндай жаман бала керек емес», «Сен маған қаншама уайым алып келдің!» (ата-ананың кінәлауы). Бала өзі үшін: "Мен болмасам жақсы болар еді" деген қорытындыға келеді. Жасөспірімдік жаста кәмелетке толмаған бала үшін қасақана жасалған және қауіпті іс-әрекеттерге итермелеуі мүмкін, оның жасырын себебі – суицид.
2. «Неге өзіңді кішкентай бала сияқты ұстайсың?!» Бұндай бағдар адамдардың ересек өмірде өзіне тым көп міндеттеме алуына әкеп соғады, оларда өз балаларымен қарым-қатынаста қиындық болады, себебі ол үшін баланың жанын түсінгеннен гөрі, баланы өз істері мен шаруаларына тарту оңай.
3. «Ақылсынба», "Саған не айтылса, соны орында", "Мен саған не керек екенін сенен артық білем". Балалар өздерінің зияткерлік қабілеттеріне сенбейді, шарасыздық пен мағынасыздық сезімдерін сезінеді.
№ 49 СЛАЙД
4. "Иттен қорқуға қалай ұялмайсың?", "Әкеңе қалай ашулана аласың?". Ыза, қорқыныш, реніш секілді эмоцияларды шығаруға тыйым салынады. Бұл эмоциялар тұлғаның ішкі гармониясын бұзу күшіне ие. Соның салдарынан адам өз сезімдерін сөзбен жеткізе алмайды.
5. "Болмашы көгергенге бола жылайсың ба!". Баланың ауырсыну сезімдеріне немқұрайлы қарау. Ата-ана баланың физикалық ауырсынуын, оның түйсіктерін назарға алмайды, бұл болашақта оның қауіпсіздік сезімін сезінуді жоғалтуына әкеп соғады. Салдарлары: денені бақылау сезімі жоғалады (оның көріністерінің бірі – семіздік).
6. "Бәрібір сенен ештеңе шықпайды!" Баланың жетістікке жетуіне сенбеу. Тіпті егер бала еңбекқор, ынталы болса да, ол өз жетістіктеріне лайықты емеспін деп ойлайды. Балаға бұлай қараудың себебі ата-ананың жасырын қызғанышы болуы мүмкін.
Психолог ата-аналарға экранға тағы бір назар аударуды ұсынады. №8 "Балаларымыздың болашағы – біздің қолымызда" бейнеролигі.
№ 50 СЛАЙД
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Бала өзіне ересектер қалай қараса, солай қарайды.
Жағымсыз бағдарлар алдағы бірнеше жылға дейін өзін ұстауын бағдарламалай алады. Көбінесе ата-аналардың ойланбай, асығыс айтылған сөздері директивке айналады (әрекет етуге, өзін қалай ұстауға, қалай ойлауға бұйрық) және баланың одан әрі дамуын айқындайды.
Психолог ата-аналарға арналған сөзін жалғастырады:
«Өз сөздік қорыңызда балаңызға бағытталған сүйіспеншілік пен мақтанышқа толы сөздер табыңыз».
Балаға «Мен сені жақсы көрем» деп айтудың ОТЫЗ тәсілін ұсынамыз.
Бастайық, ал сіздер жалғастырыңыздар:
1. Жарайсың! 2. Жақсы! 3. Ғажап! 4. Менің күткенімнен әлдеқайда жақсы. 5. Өте жақсы! 6. Тамаша! 7. Өте жоғары деңгейде! 8. Ұмытылмас! 9. Көптен бері біз дәл осыны күткенбіз. 10. Бұл менің жан дүниемді тебірентті.
11. Сен қалай жақсы айттың – түсінікті әрі қарапайым. 12. Тапқыр. 13. Экстра-класс. 14 . Талантты. 15. Сен бүгін көп іс бітірдің. 16. Үздік! 17. Енді жақсы. 18. Керемет. 19. Таң қаларлық. 20. Сұлулық!
21. Ертегідегідей. 22. Өте айқын. 23. Жарқын, бейнелі. 24. Керемет бастама. 25. Сен дұрыс жолдасың. 26. Сен бұны өте жақсы түсініп алыпсың! 27. Ептілігіңді көрсеттің. 28. Дәл керек нәрсе осы еді. 29. Бәрекелді!!! 30. Құттықтаймын!
БАЛАҢЫЗҒА «МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМ» ДЕУДІҢ ҚАНДАЙ келесі ОН ТӘСІЛІН ҰСЫНАСЫЗДАР?
ПСИХОЛОГ ЗАЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ – ата-аналар балаға «Мен сені жақсы көрем» деудің өз нұсқаларын ұсынады.
психолог жалғастырады:
Ал енді ер балалар мен қыз балаларды қалай түрліше тәрбиелеу қажет екендігі туралы ақпаратқа назар аударалық.
№ 51 СЛАЙД
№6 ТАҚЫРЫП. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.
1. Сіздің алдыңызда жай ғана бала емес, өздеріне тән қабылдау, ойлау ерекшеліктері, эмоциялары бар ұл немесе қыз бала тұрғанын ешқашан ұмытпаңыз. Оларды тәрбиелеу, оқыту, тіпті жақсы көру түрліше болуы тиіс. Бірақ өте жақсы көру – міндетті!.
2. Ешқашан ұлдар мен қыздарды салыстырмаңыз, олардың бірін екіншісіне үлгі етпеңіз: олар тіпті биологиялық жас бойынша әр түрлі – әдетте қыз балалар құрдас ер балалардан ересек келеді.
3. Ер балалар мен қыз балалар түрліше көретінін, еститінін, түйсінетінін, кеңістікті қабылдауы мен тануы әр түрлі болатынын, және бастысы – бұл әлемде кездестіретін нәрселерін түрліше ұғынатынын ұмытпаңыз. Және, әрине, олардың түйсіну-қабылдауларын бізбен – ересектермен мүлде салыстыруға болмайды.
4. Солақайды күштеп оң қолға үйретпеңіз – мәселе қолда емес, мидың құрылысында.
5. Баланы тәрбиелеуде бірізді болыңыз.
№ 52 СЛАЙД
№7 ТАҚЫРЫП. Баланың өзін бағалауын арттыруға ықпал етіңіз, оны жиі мақтаңыз, бірақ мақтауыңыз лайықты болсын.
Баланың қиындықтары – бұл Сіздің де қиындықтарыңыз.
Қиыншылықтарды бірге жеңу оңай әрі қызықты!
Балаларыңызға ақын жырлайтындай шартсыз махаббат сыйлаңыз:
Біз сені ерекше себептерсіз,
Немере болғаның үшін,
Ұл болғаның үшін,
Сәби болғаның үшін,
Өсіп келе жатқаның үшін,
Әкеңе, анаңа ұқсағаның үшін
Жақсы көреміз.
Бұл махаббат сенің өміріңнің соңына дейін Өзіңнің құпия қорғаның.
«Махаббатқа толы балалық шақ қалған бүкіл өміріңе жетеді»,- деген ұлы педагог Песталоцци.
№ 53 СЛАЙД
№8 ТАҚЫРЫП. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.
Ал енді мен сіздерді қызықты ойынмен таныстырғым келіп отыр. Оған барлығы, ересектер де, балалар да қатысады. Бұл – «сөздер ойыны». Ойынды ең маңызды болып табылатын сөздерден бастаған жақсы. Мысалы, баланың есімінен.
Адам өмірінде оның есімі қандай маңызды орын алатынын бәріміз білеміз. Әйгілі фильмнің қаһарманы айтатындай, "Кемені қалай атасаңыз, солай жүзеді". Адамның аты да сондай, оның жетістіктерімен тікелей байланысты. Бұның жүз пайыз дұрыс екенін дәлелдеп жатпайымыз. «ЕСІМ» ойынының мәні де бұнда емес. Бәріміз есіміміздің аталғаны, оның нәзіктікпен, құрметпен, мақтанышпен аталғаны қаншалықты жағымды екенін білеміз! Сондықтан педагогтар адам есіміне жасырынған күштен аттап өте алмады. Баланы ынталандыру үшін есімді қалай пайдалануға болады?
МІНЕ ҚАРАПАЙЫМ ТЕХНИКА.
Мен сіздерге бірнеше есіммен мысал келтірейін. Олардың алғашқысы – ЖҰЛДЫЗ.
ЖҰЛДЫЗ есімін ТІГІНЕН жазамыз (психолог бұның қалай жасалатынын слайдтан көрсетеді):
Ж
Ұ
Л
Д
Ы
З
Ал енді ЖҰЛДЫЗ есімді қыз балаға қандай қасиеттер тән болуы мүмкін екенін ойластырайық, оның есімінің әрбір әрпінен басталатын қасиеттер табамыз. Бұл қасиеттерді әрбір әріптің жанына жазамыз. Бұдан не шыққанын экраннан көреміз:
Ж – жайна
ұ – ұқыптылық
Л – лағылдай
Д – достық
Ы – ынталылық
З – зейінді
Бұл ойынды баламен бірге отырып жасаған дұрыс. Ойлансын, өзінің шығармашылық қабілетін оятсын. Баламен әрбір әріпті талқылаңыз, оны есімінің әріптерінен басталатын жақсы қасиеттерді дамытуға ниеттендіріңіз.
Есім күшін пайдалану үшін баланың есімімен және өз есіміңізбен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіңіздер деп үміттенемін. Мен сіздерге бұл жаттығуды тағы бірнеше мысалдарда көрсетейін.
Ер адамның НҰРЖАН деген есімін алайық.
№54 СЛАЙД
НҰРЖАН. Бұл есімге қандай қызықты қасиеттер табуға болатынын қараңыздар!
Н – намысшыл
Ұ – ұлан
Р – риясыз
Ж – жарқын
А – алғыр
Н – нағыз дос
Міне осындай тамаша қасиеттер ашуға болады! Әрқайсыңыз өз есіміздің жақсы, ынталандыратын мағыналарын аша аласыздар деп үміттенемін. Және өз балаларыңызға осы қарапайым, бірақ өте тиімді тәсілді пайдалануға кеңес беремін.
Бұл тамаша ресурстық жаттығу! Ол жағымды эмоциялар тудырады! Оларды өзіңіз де пайдаланыңыз, балаларыңызға да ұсыныңыз!
Бұл ойынды есіммен ғана емес, сонымен қатар бала үшін маңызы бар түрлі сөздермен ойнау өте пайдалы.
Келесі слайдқа қарайық.
№55 СЛАЙД
Онда МЕКТЕП сөзінен табуға болатын жаңа мағыналар келтірілген
М – мызғымас
Е – егемен
К – кабинет
Т – талант
Е – ептілік
П – парасаттылық
Келесі слайдқа назар аударайық
№56 СЛАЙД
С – сызғыш
Ы – ыждаһат
Н – нөмір
Ы – ырыс
П – пианино
Таким образом, мы с вами поговорили сегодня об очень важных вещах.
Таким образом, мы с вами поговорили об очень важных вещах.СЛАЙД НОМЕР ТРИДЦАТЬ ДВА
СЛАЙД НОМЕР ТРИДЦАТЬ ДВА
Құрметті ата-аналар! Біз өздеріңізге қажетті ақпараттың тым көптігінен аздап шаршағандарыңызды түсінеміз, сондықтан сіздерге аздап назарды басқа жаққа аударып, тіркеу кезінде алған сауалнамаларды толтыруды ұсынамыз. Жауаптарыңыз берілетін сұрақтарды мұқият оқыңыздар. Өтініп сұраймыз: конференция аяқталғаннан кейін сауалнамаларды шығар кезде тапсырып кетіңіздер.
Баяу музыка қосылады және ата-аналар 10-15 минут ішінде сауалнамалармен жұмыс істейді.
Психолог ата-аналардың сауалнамамен жұмысын аяқтағанын күтеді және былай деп жалғастырады:
№ 57 СЛАЙД.
Ешқашан ұмытпайық:
Отбасы – бұл бақыт, махаббат, сәттілік
Отбасы – бұл жазда бақшада серуендеу.
Отбасы – бұл мереке, отбасылық айтулы күндер,
Сыйлықтар, қуаныш, шаттық.
Балалардың туғаны, алғашқы қадам, алғашқы былдыр,
Жақсылықты армандау, тебіреніс пен толқу.
Отбасы – бұл еңбек, өзара қамқорлық,
Отбасы бұл – үйдегі көп тірлік.
Отбасы – бұл маңызды! Отбасы – бұл күрделі!
Бірақ жалғыз бақытты өмір сүру мүмкін емес!
Реніш пен ұрысты шаңырақтан аулақ ұстап,
Әрқашан бірге болып, махаббатты аялаңыз.
Достарыңыз сіздер жайлы:
Қандай бақытты отбасы! - деп тамсансын!
Психолог сөзді модераторға, (мектеп директорына) береді, ол ата-аналарға қарата былай дейді:
Құрметті біздің бірінші сынып оқушыларымыздың ата-аналары!!! Мен Сіздерге республикалық ата-аналар конференциясына қатысқандарыңыз үшін шын жүректен АЛҒЫС білдіргім келед! Бүгін өздеріңіз алған үлестірме материал мен пайдалы ақпарат Сіздерге және Сіздердің балаларыңызға көмектеседі деп үміттенемін! Бала тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналармен жұмыс енді ғана басталып келеді! Алдағы уақытта Сіздермен әлі талай кездесулер күтіп тұр, жаңа ата-аналар конференциялары болады. Бүгінгі жұмысымызды қорытындылай келе, Сіздерге балаларыңыз үшін тамаша ата-ана болуды және әр сәт сайын оларға махаббат, жылылық пен қамқорлық таныту бақытын тілеймін!!!
Құрметті ата-аналар! Енд экранға назар аударыңыздар.
№ 58 Слайд
Сенім телефоны – шұғыл қызмет -111.
Сіздер Қазақстан Республикасындағы Бала құқығы жөніндегі уәкілдің – балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефоны (шұғыл қызмет -111) жазылған слайдты көріп отырсыздар.
№ 59 Слайд
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сенім телефоны +7 7172 74 25 28.
Бұл телефондар біздің елімізде қиын өмірлік жағдайға тап болған кез келген балаға шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін құрылған. Бұл ақпарат біздің конференциямыздың жадынамалары мен сауалнамаларында көрсетілген. Бұл ақпаратпен өз айналаңызбен, достарыңызбен және туыстарыңызбен бөлісуіңізді сұраймыз, бәлкім, осы арқылы, Сіз балалардың құқықтарын қорғауға өз үлесіңізді қосарсыз және оларға қиын мәселелерді шешуге көмектесерсіз, мүмкін, біреудің өмірін құтқарарсыз. Қайырымды істер – әр адамға бақыт әкеледі!!! Жақсылық жасаңыз – болмашы болса да, жақсылық болсын!
№ 60 Слайд
Құрметті ата-аналар!
Сіздерге және балаларыңызға барлық істеріңізде табыс тілейміз!
Бақытты болыңыздар!