"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

28.01.2018

Қазақ тілі

Мектеп: №26 орта мектеп

Сынып: 2 «А»

Күні:                                   Мұғалімнің аты-жөні : Мандибекова К.А

Сабақтың тақырыбы

Лепті сөйлем

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.2.3.1 Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды, сөздік қорын толықтырады;

2.1.5.1 Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді.

Сабақтың мақсаттары

сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына  қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым

қалыптастыруға мүмкіндік жасау;

Жетістік критерийлері

Лепті сөйлемнің мағынасын түсінеді;

Хабарлы, сұраулы сөйлемдерді лепті сөйлемдерге айналдыра алады;

Лепті сөйлемнің қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтайды.

Сөздік қор

Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:

Сөйлем дегеніміз не?

Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді?

Лепті сөйлем дегеніміз не?

Лепті сөйлемнің соңында қандай тыныс белгісі қойылады?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың сөйлеу қабілетін, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, дене шынықтыру

Алдыңғы меңгерілген

білім

Сөйлем деген не екенін біледі. Хабарлы, сұраулы сөйлемдерді ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру. Оқушыларды топқа бөлу. Топтың атауын сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай қоямын. (хабарлы, сұраулы, лепті)

 

Оқушылардың қызығушылығын ояту.

- Ерте-ерте, ертеде бір үлкен ел өмір сүріпті.

Бұл елде сөздер отау құрып бір - бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін - бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты.

Бұл ел қалай аталады екен, балалар?

Дұрыс, бұл ел «Сөйлемдер» елі деп аталыпты.

- Сонымен, бүгін біз, сол Әлемдегі ең үлкен ел – «Сөйлемдер» еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін, саяхатқа дайынбыз ба?

- Иә.

Ой ширату:

Пойызға отыру:

- Мәтін дегеніміз не ?

- Сөйлем дегеніміз не ?

- Сөйлем айтылу мақсатына қарай қанша түрге бөлінеді?

- Олар қалай аталады?

- Хабарлы сөйлем дегеніміз не ?

- Сұраулы сөйлем дегеніміз не ?

Ал, балалар, лепті сөйлем туралы біз бүгінгі сабақта білетін боламыз. Ендеше, осы үш тобымыздың атауын сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлейік.

Табиғат құбылыстарының суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

Ой қозғау.

«Жұмбақ жасыру»

Сен неге айғайлай бересің?

Сөйлемге қандай мағына бересің?

Жөн жосығыңды түсіндірші,

Жазуда қандай жерде келесің ?

 

Мен ылғи айғайлай бермеймін,

Қуана да , күле де білемін.

Кейде өкініп, кейде ренжісем де,

Көбінесе көтеріңкі, көңілді жүремін,

Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс беремін,

Сондай сөйлемдердің соңында келемін.

 

Қалай ойлайсыңдар, балалар, бұл қандай сөйлем?

Лепті сөйлем дегеніміз не екен? Ережесін шығарып көрейікші.

 

Лепті лөйлем дегеніміз адамның көңіл-күйін білдіреді, олар үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.

Ал, осы лепті сөйлемге қандай мысал келтіруге болады? Оқушылардың ойын тыңдау.

Жаңа білімді меңгеру. 1-тапсырма.

(Ж) жұптаса отырып кестені толтырады.

2-тапсырма.

(Т)Оқушыларға қима қағаздар таратып беремін. Қима қағаздағы сөйлемдерді хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерге айналдыру.

1-топ. Сыныпта өнерлі оқушылар көп. Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген.

2-топ. Айдос ауылға келді ме?

Қар қалың жауды ма?

3-топ. Бүгін менің туған күнім. Бүгінгі көңіл-күйім жақсы ма?

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, бір-бірін бағалайды. Сөйлемдерді дұрыс құрып, толық жауап берсе, көк карточканы көтереді. Сөйлемдерді дұрыс құрастыра алмаса қызыл карточканы көтереді.

Дәптермен жұмыс.

 

Күн ретін, көркем жазу жаздыру.

Құраған сөйлемдерін дәптерге көшіріп жазу.

Қабілеті жоғары оқушыларға тест таратып беремін.

«Тез ойлан!» ойыны.

Ойынның шарты: айтылған сөйлемдерді балалар тез анықтайды. Егер сөйлемнің соңында нүкте болса отыра калады, сұрақ белгісі болса оң қолдарын жоғары көтереді, ал леп белгісі болса екі қолдарын бірдей жоғары көтереді.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

 Ауа-райы неткен тамаша!

Алақай, мен Астанаға баратын болдым!

Бүгін менің көңіл-күйім жақсы.

Ертең киноға барасың ба?

Менің достарым көп.

 

 

Жұмбақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семантикалық карта

 

 

 

 

 

 

 

Қима қағаздар

 

Көк және қызыл

карточкалар.

 

 

 

Дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

Қорытындылау. Соңғы аялдама - “Жұмбақ шешу”

1. Өзім сөзден тұрамын

Біткен ойды құрамын ( Сөйлем)

2. Сөзді құрап, доп тіземін,

Қоя салсаң, бір тары,

Жаңалықты жеткіземін ( Хабарлы сөйлем )

3. Ойды аяқтап орақ тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады

(Сұраулы сөйлем)

4. Ұранды, шаттықты

Өкініш аптықты

Білдіріп ойын талайдың

Шарға ине қадаймын

(Лепті сөйлем)

- Сонымен, балалар, лепті сөйлем дегеніміз не?

- Лепті сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

«Сөйлемдер» еліне саяхаттаған ұнады ма?

Үйге тапсырма: дәптермен жұмыс. 74-бет

Кері байланыс

 

Жұмбақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс парағы

Қабілеті жоғары

оқушылар тест тапсырмаларын орындап, дұрыс жауап бере алады.

топтық тапсырмада

жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын

бағалау,тақырыпқа сай сөйлем құрастыра білу, қажетті сөздерді дұрыс қолдана

білуі.

Оқушылармен сергіту

сәтін өткізу арқылы денсаулығын қадағалауға және сабақ барысында қауіпсіздік

техникасын сақтауларын ескертіп отыру.

 

Просмотров: 2016


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст