САБАҚ ЖОСПАРЫ
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Салт, сабақты етістіктер
|
Мектеп: № 26 ОМ | |||||||
Күні: 17. 01. 2018 ж. |
Мұғалімнің есімі: Исаева Арайлым Дулатовна | |||||||
ПӘН, СЫНЫП: қазақ тілі, 6 «А» |
Қатысқандар саны: 9
|
Қатыспағандар саны: 0 | ||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
Тапсырмалар орындау арқылы салт, сабақты етістіктерді анықтайды, оларды бір-бірінен ажыратады. | |||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: | |||||||
Мәтінді оқиды, мазмұнын айтып береді, онда берілген салт-сабақты етістіктерді анықтайды, берілген сөздерден салт, сабақты етістіктерді ажыратып айтады; | ||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: | ||||||||
Берілген сөздермен сөйлемдер құрап жазады; салт етістік пен сабақты етістікті салыстырады; | ||||||||
Кейбір оқушылар: | ||||||||
Ереже шығара алады, «Адамгершілік – кісіліктің белгісі» тақырыбында ойтолғау жаза алады. | ||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Мәтін бойынша әңгімелей алады, ережелерді айта алады | |||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: - салт етістік; - сабақты етістік; - жасалу жолына қарай; - объектіге тура бағытталған; - морфология | ||||||||
Талқылауға арналған тармақтар: - Етістіктің мағыналық түрлері; - Салт-сабақты етістіктердің айырмашылығы неде? - Неліктен етістіктер салт-сабақты болып бөлінген? | ||||||||
| ||||||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: - Жаңа ой басталғанда, азатты жолдан бастап жазуды ұмытпаңдар; тыныс белгілерін дұрыс қойыңдар
| ||||||||
| ||||||||
Алдыңғы оқу |
Болымды және болымсыз етістіктер | |||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар | ||||||
Басталуы
|
- Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты түгелдеу; - «Жұлдыз жорамал» - психологиялық ахуал қалыптастыру; Досына смайлик суретін салып, кеудесіне жапсырады. - «Автор орындығы» арқылы үй тапсырмасын сұрау: В: тек болымсыз етістіктерден мәтін құрау: С: болымды етістіктерден болымсыз етістік жасау
|
Жүрекше
Пазл бөлшектері | ||||||
Ортасы |
Жаңа сабақ: Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Салт, сабақты етістіктер Оқушыларға қосымша ресурстар таратылады, солардан өздері оқып, ереже шығарып, жаңа тақырыпты түсінуі тиіс. Салт, сабақты етістіктердің ережесін ереже дәптеріне жазып алады, бір оқушы тақтаға жазады. - Презентация арқылы салт-сабақты етістіктер көрсетіледі, ереже жинақталып, тақырып бойынша ой қорытылады. Тапсырма: 186-жаттығу. Мәтінді ЖИГСО әдісі бойынша бөлшектеп оқиды. 3 түрлі стикер беріледі: сары – 1, 2 абзацты оқиды; көк – 3-абзацты; жасыл - 4,5 абзацты оқиды. 1) Түстеріне қарай топтарға жиналып, өз бөлігін талқылайды. 2) Өздері қалаған тәсілмен (тірек сөздер кестесі, кластер, диаграмма, сурет) мәтіннің сол бөлігінің мазмұнын жинақтайды, стикерлерге салт-сабақты етістіктерді тіркескен сөзімен бірге теріп жазады, постерге жапсырады. 3) Өз жұмыстарын қорғайды. (Бағалау: Топтық жұмыс болғандықтан, қызық әрі қолжетімді болуы тиіс. Топ мүшелерінің белсенділігін, өзара талқылау жүргізуін бақылау. Топтар бір-бірінің жұмысын «саусақ» әдісі арқылы бағалайды. - Сергіту сәті. «Күміс құмған-ай» Бағалау: Оқушылар қимыл-қозғалыстан кейін сергіп қалады, жұмысты жалғастыруға ынталы. Бекіту: Тапсырма: (жеке жұмыс) С, В деңгейлі оқушыларға оқулықпен жұмыс: 183-жаттығуда мақал-мәтелдерден салт-сабақты етістіктерді тауып, бөліп жазу. А деңгейлі оқушыларға: 184-жаттығу. «Адамгершілік – кісіліктің белгісі» тақырыбында ойтолғау жазу. Берілген сөз тіркестерін кіріктіру қажет.
|
Анықтамалық, қосымша материал, интернет
«Киіз үй» мәтіні. («Ол кім, бұл не?» кітабынан алынған)
оқулық
флипчарттар, маркерлер, компьютер, анықтамалық
Проектор
оқулық
| ||||||
Аяқталуы |
Қорытындылау: БЛУМ бойынша сұрақтар қою. Білу: Етістік дегеніміз не? Түсіну: Салт пен сабақты етістіктердің айырмашылығы неде? Қолдану: Қай түрі көбірек қолданылады деп ойлайсыңдар? Талдау: Салт-сабақты етістікті тіркескен сөзінсіз анықтауға бола ма? Жинақтау: Тілімізде етістіктер болмаса, қалай болар еді? Бағалау: Бізге салт-сабақты етістік деп бөлген керек пе? Неліктен? Кері байланыс. «Блоб» ағашы. Үйге тапсырма: 185-жаттығу. С, В: сабақты етістіктерді тауып, тіркескен сөзімен бірге жазу; А: сабақты етістіктері бар мақал-мәтелдер жазып, жаттап келу |
| ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс | ||||||
Қабілеті жоғары деңгейлі оқушыларға шығармашылық жұмыстар: - қосымша ақпарат көздерінен мәлімет тауып, ереже шығару; - Блум бойынша сұрақтарға жауап беру. |
Бағалау: - Деңгейіне сай берілген тапсырма болғандықтан, қызық әрі қолжетімді болуы тиіс. - Топ мүшелерінің белсенділігін, өзара талқылау жүргізуін бақылау. - Топтар бір-бірінің жұмысын «саусақ» әдісі арқылы бағалайды. - Оқушылар қимыл-қозғалыстан кейін сергіп қалады, жұмысты жалғастыруға ынталы болады. |
- әдебиет («Ол кім, бұл не?» кітабы ); - тарих – киіз үйдің жіктелуі; - АКТ-мен байланыс: интерактивті тақта, компьютер (интернет) пайдаланамын; - топтық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа, бірін-бірі тыңдай, ести білуге тәрбиелеймін. | ||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
| ||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
| ||||||||