"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.01.2018

Пәні: әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «А»

Күні:18.10.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Туған жер. Өтебай Қанахин

Сабақтың мақсаты: Оқушылар туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырады. Тілін дамытады, мәтіннен негізгі ойды анықтайды.
Көрнекіліктер: оқулық, дәптер, суреттер, слайд, Өтебай Қанахиннің портреті.
Оқытудың әдістері: СТО, жұптық жұмыс, постер қорғау, сұрақ – жауап әдісі, жұптық жұмыс, эссе.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал.
- Сабаққа дайынбыз ба?

-Дайынбыз

-Кілең бестік аламыз ба?

- Аламыз

-Мақсатымызға жетеміз бе?

- Жетеміз.

Үй тапсырмасын тексеру.
Туған жер туралы суре салу. (гальерея балалар топпен шығып суреттерін сөйлетеді)
Жаңа сабақ
Туған жер туралы слайд. ( көрсету)

Балалар осы бейнені көре отырып не түсіндіңдер? (туған жерді)

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Сабағымыздың мақсаты: туған жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырамыз.  Тілімізді дамытып негізгі ойымызды анықтаймыз.

«Туған жер»

Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға, мақтануға да тиіспіз.
- Балалар, слайдтарды көргенде, көз алдарыңа не

елестеді?
Балалардан күтілетін жауаптар:
- Туған жеріміздің әсем табиғаты, оның байлығы.
- Ендеше  балалар, сабағымыздың келесі бөлімі
«Туған жерім» деп аталатыны белгілі болды.
Балалар қазақтың қандай ақын, жазушыларын білесіңдер?

Топтастырыңдар

- Балалар бұған менің де қосарым бар. Мен бұл аймаққа Өтебай Қанахинді орналастырар едім.

Өтебай Қанахин (1923 - 1990 ж.) 17 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында туған.

Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

Алғашқы әңгімесі «Екі кездесу» 1947 жылы жарық көрді.  «Ауыр күндер», «Мұрагер» (1958), «Көл жағасында» (1960), «Маздақ» (1964), «Тұңғыш махаббат» (1966), «Жас дәурен» (1966), «Жер басып жүрсем» (1968), «Дәмелі»

(1962), «Жүрек қалауы» (1974), «Бақыт бәйшешегі» (1976), «Құдірет» (1979), «Қарт сарбаз хикаясы» (1986), «Ата қоныс» (1990), т.б. кітаптарды^ авторы.

- Өтебай Канахиннің (1968),  жылы «Жер басып жүрсем» деген әңгімесі  «Туған жер» деген мәтінімен танысайық.

Оқулықтағы мәтінді іштей оқыту.
«Мәтінді зерттеу» әдісі бойынша  жұппен жұмыс жасау.

1 жұп –  баяндаушы (мәтінді баяндау)

Оқулықпен жұмыс

Сөздік жұмысы слайдтан көрсетілмес бұрын, алдымен, осы сөздер бойынша оқушылардың ойы тыңдалады. ( қима қағаздарды ретімен орналастырады).

1. Киелі –   ерекше қасиеті бар.

2. Ризық –   бұйырған нәсіп, ырыс.

3. Маңғаз –  кербез, паң, тәкаппар.

4. Зеңгер –  аспандай  биік.                       

5.Мамықтай- үлпілдеген, жұмсақ.

6.Жердің нәрі- құнарлығы.

(Орындарында құрастырып тақтаға жабыстырады).

2 жұп –  жазушы (өлең, шығарма)

3 жұп – құрастырушы  мақал- мәтелдер айту.

1.Отан оттан да ...              (ыстық)

2.Отансыз адам - ...            (ормансыз бұлбұл)

3.Отан отбасынан ...           (басталады)

4.Жері байдың - ...               (елі бай)

5.Туған жердің күні де ыстық,  ........ (түні де ыстық)

6.Туған жердей ел болмас, ............................. (Туған елдей ел болмас)

Сергіту сәті.« Қыдырып қайтайық.

Топтық тапсырма: Туған жердің күн нұрына бөленген күндізі сондай керемет қой!

Жаңа сабақта игерілген білімді қорытындылау.

Рефлексия. «Ыстық орындық»

Мұғалім: -Бүгінгі сабақта  өткен  тақырыбымыз  қандай?

-Авторы кім, қай жылы туған, туған жері қай жер?

Балалар, автор өз шығармасы арқылы бізге не айтқысы келді деп ойлайсыздар?

Оқушылар еркін сөйлеп, өз ойларымен бөліседі.

Күтілетін жауап: Әр адамның өз туған жерін, табиғатын қорғау – азаматтық борышы.

Үйге тапсырма:  Мәтінді мазмұндау. «Туған жерімді сүйемін» тақырыбына эссе жазу.

Бағалау: Оқушылардың жинаған фигуралар  арқылы бағалаймын.


 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ерекше

қасиеті

бар.

нәсіп,

ырыс

кербез,

тәкәппар

аспанмен

таласқан,

үлпілдеген

жұмсақ

құнарлығы

бұйырған

паң

биік

 

 

Туған

жердің

күн

нұрына

бөленген

күндізі

сондай

керемет

қой!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1845


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст