"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.09.2017

 

 

Тілдер күніне арналған мерекелік концерттің

бағдарламасы

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар  Тілдер апталығына арналған «Үш тұғырлы тіл» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Здравствуйте, уважаемые учителя, учащиеся. Здравствуйте, все, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале. Праздник, посвященный Дню языков народов Казахстана считается

открытым!

3-жүргізуші:

-Good afternoon dear

guests teachers and pupils

Good afternoon everybody who has come to our party.

We are very glad to see you here.

Today is the day of languages. Let,s start.

1-жүргізуші:

Баршаңызды бүгінгі Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

3-жүргізуші:  

Today we have the guests. We hope that it will be interesting for you!

2-жүргізуші:   

Мы поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. И надеемся, что вам будетинтересно провести это время с нами. Предоставляем слово и.о директора школы Хасеновой Турсынгул Еркиновне.

1-жүргізуші:

Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп.

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп.

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой – қиялды қалың күйік

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиық.

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: Жиренов  Ділмұрат

 2 -жүргізуші:

22 қыркүйек – Қазақстан республикасы халықтарының тілдер күні.  Әр жыл сайын  елімізде тілдер мерекесі аталып

өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Республика халқының ұлттық байлығы —Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған еді.

1-Жүргізуші:

Тілім менің - тірлігімнің айғағы,

Тілім бард,а айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, менде бірге өшемін дей келе, ортаға  3-4, 7 «Б» сынып оқушыларын  шақырамыз.

2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, дей отыра ортаға «Қазақ жастары» әніменен 11 «А» сынып оқушысы Еркін Елханды шақырамыз. Қошеметпен қарсыалыңыздар!

1-жүргізуші:

Тілден биік асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден терең теңіз жоқ.

Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан бұл тілді түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, ең тазасы деп таниды.

«Қазақ деген  - қара өлеңін қастерлеген халық» демекші, ортаға  мектебіміздің жас шығармашыл оқушыларын шақырамыз.

(Жирен Ұ. Дүйсенбай Әли. Еркін Елхан)

2-жүргізуші:

Ән - көңілдің ажары,

Ән – өмірдің базары дей отырып, ортаға «Бала тілегі - бал» әніменен Тұрсынбек Кәусарды ортаға шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:  

Туған тілім- бабам тілі – өз тілім,

Туған тілім-  анам тілі өз -  тілім.

Туған тілім -далам тілі өз -  тілім,

Туған тілім - анам тілі өз  - тілім

Ортаға 7-11 сынып оқушыларын шақырамыз.

(Жирен Ұ. Қабылда Д. Бейсенбаева Ә. Әскербекова А. )

2- жүргізуші:

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Көрініс: «Cinderella» `(Олжабаева А. У.)

Ортаға   7- 9 сынып оқушыларын шақырамыз.

 1-жүргізуші:  

Казахстан — многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130 наций и народностей и все живут дружно, одной сплоченной семьей и зовутся  – казахстанцы.

« Русские народные частушки»  9-10сынып оқушылары.

2- жүргізуші:

Қазақтың мың бұралған биі қандай?

Әсемдік әлеміне құйылғандай

Сахнаға шыққанда сұлу қыздар

Тағаты көрерменнің тиылғандай.

Ортаға 7 сыныбының биші қыздарын ортаға шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

Ән,ән шіркін неткен ғажап

Көмейіңнен төгілді.

Әнді сүйіп өскен халық,

Әнмен бірге көңілді.

Ортаға  «Опера 2» әніменен Дүйсенбай Әлиді ортаға шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

Айгөлек – ау, айгөлек

Айдың жүзі дөңгелеп.

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп

Ортаға жас бишілерімізді шақырамыз.

2-жүргізуші:

Тілдер апталығына белсене қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімі. Марапаттау рәсімін мектебіміздің директоры Хасенова Тұрсынкүл Еркінқызына  ұсынамыз.

1-жүргізуші:

Тіл – байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Тіл біздің ұлттық намысымыз, қорытып айтсақ,  барымыз. Тіл мерейі – ел мерейі. Ана тіліміздің мерейі үстем бола берсін!

2-жүргізуші: Мы еще раз поздравляем всех с Днем языков народа Казахстана. Желание одно породило нас давно, чтобы в мире мирно жили, чтобы с детства все дружили, чтобы братьями росли, детиматери — Земли.

Хор:

«Әрқашан күн сөнбесін» әні.

Просмотров: 431

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст