№26 орта мектебінің әдістемелік кеңес жұмысының
есебі 2016-2017 оқу жылы
Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау. Осы жағдайда қазақстандық қоғамның айқын проблемасы бәсекеге қабілетті, бүгінгі күні әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүрумен қатар, қазіргі кезеңде әсер етіп қана қоймай, оны жақсы жағына өзгеруге ықпал жасау арқылы тұлға
қалыптастыру. Бұл жоспарда мұғалімге үлкен роль бөлінеді. Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Тек қана жоғары дәрежелі ішкі мотивациясыжоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді.
Мәншүк ауылы №26 орта мектебінде 2016-2017 оқу жылы нәтижеге бағдарланған әдістемелік жұмыс ұйымдастырылды, жоспары құрастырылып, іс жүзіне асты. Әдістемелік жүмысты ұйымдастыруда
төмендегі бағыттар басшылыққа алынды:
1.Мектеп мүғалімдерінің біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға
бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді.
2.Мектептің әдістемелік қызметін жетілдіру – ол педагогтардың кәсіптік дамуын қолдауға арналған.
3.Озық тәжірибені оқып үйрену, тарату.
4.Педагогтардың жаңашыл қызметтері – мектептің оқыту үрдісінің сапасын көтеруге және мұғалімдердің ғылыми-педагогтық қызметтерін жандандыруға бағытталған.
Мектептің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және мектептің
әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады. Бұл жұмыс мектептің негізгі әдістемелік мәселесін іске асыруға бағытталған. Бірақ жетістіктермен қатар жалпы көп мектептерде кездесетін кемшіліктер біздің мектепте жетерлік. Олар мына төмендегідей:
Білім сапасы төмен – Қазақстан тарихы; дуние тарихы; математика қазақ, орыс сыныптарында;
физика орыс сыныптарында; орыс тілі қазақ сыныптарында; ағылшын тілі.
2.Оқушылардың өздігінен білім алу дағдысы бүкіл сыныптарда қалыптаспаған.
3. Әлі де болса оқушылардың сабаққа қызығушығы төмен.
4.Оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің төмен болуы.
5.Білім беру технологияны оқып – үйреніп отырған мүғалімдер бар,бірақ сол жаңа технологияны меңгеріп,өмірге енгізетін,дамытатын мұғалім әлі де болса аз.
Мәселесі:оқу-тәрбие үрдісін білім беру технологиялар негізінде жетілдіру және шығармашылық тұлға шығаруға бағыттау. Мектептің әдістемелік жұмысын басқарудың жағдайын жақсарту мақсатында мектеп директорының бұйрығына сәйкес мектепте төменгі құрамда әдістемелік кеңес құрылды:
1. Исаев Ғ.Қ. – мектеп директоры;
2. Евцихевич И.М. – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
3. Хасенова Т.Е. – оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4. Утешова А.Х.. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
5. Исаева А.Д. – Тілдер ӘБ жетекшісі;
6.ЖакуповаА.О.– математика,физика, информатика пәндері ӘБ жетекшісі;
7. Смгул М. – ЕГЦ пәндері ӘБ жетекшісі;
8. Беляева Е.А. – бастауыш сыныптар ӘБ жетекшісі;
9. Кинеев А.А. – ЗОЖ ӘБ жетекшісі;
10. Хасенова Т.Е. –«Жас мамандар» мектебі жетекшісі.
Оқу жылының басында кеңестің жұмыс жоспары жасалынды. Тамыз, қараша, қаңтар, мамыр айларында бес отырысы өтті. Төменгі мәселелер қарастырылды:
- 2016-2017 оқу жылының ғылым негіздерін оқыту жайлы нұсқау хатпен таныстыру;
-педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережелерімен таныстыру;
- оқыту және тәрбиелеу нәтижелерін мониторингілеу;
- пән апталығының қорытындысы;
- пән ӘБ жұмысы;
-педагогикалық технологияларды қолдану әдісі арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру;
- интерактивті тақтамен жұмыс, компьютерлік сауаттылық;
-ҰБТ оқушыларының шығармашылық дербестігін жандандыру туралы;
-білім беру технологиясын пайдалана отырып информатика, математика,
қазақ тілі сабақтарында білім сапасын арттыру жолдары;
- аттестациядан өтетін мұғалімдердің шығармашылық есебі;
- дарынды балалар жұмысының қорытындысы.
Мектептің әдістемелік қызметінің негізі– бұл пәнаралық әдістемелік бірлестік. Біздің мектепте 8 әдістемелік бірлестік жұмыс істейді.Әдістемелік бірлестіктің отырыстары өз уақытында өтіп тұрды, бірақ сол отырыста ұстаздардың қолы жеткен табыстары мен жұмыстары талданбады. Онда 2016-2017 оқу жылына арналған мұғалімдердің күнтізбелік жоспарыталқыланып, бекітілді. Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік нұсқау хатымен таныстырылды. Әдістеме бірлестіктің жылдық жоспары, үйірме, таңдау пәндерінің жоспары талқыланып, бекітілді. Әдістемелік отырыста пән апталығы, пәндік олимпиада материалдарын дайындау, озық іс-тәжірибе мектебімен танысу, ашық сабақтардың жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс, педоқулары тақырыбы, аттестация, курстары жайында және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы қаралып, есеп берілді. Сонымен қатар бақылау жүмыстарының, тест қорытындысы туралы
мониторинг, сыныптан сыныпқа көшу емтихандарының билеті бекітілді.
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән апталықтарын өткізу жатады. Оларды өткізу жоспары жылдың басында жасалынады. Пән апталығын өткізудің қорытындысы әдістемелік кеңестің отырысында қарастылырып, әр қайсысына жеке папкалар арналды. Келесі жылға айтар ұсынысым барлық пән апталықтары бұдан да қызықты, тартымды, мазмұнды өтсе және дәстүрлі емес сабақтарға оқушылар да көбірек қатысса.
Мектепте әдістемелік жүмысты ұйымдастыруда еңбек жолын жаңа бастаған іс-тәжрибесі аз педагогтарды қолдану мақсатында бағытталған қызмет ерекше маңыздылық атқарады. Іс-тәжрибесі аз жас педагогтар ұзақ үйретуге бағытталған жеке бақылауды және арнайы қолдауды қажет етеді.
2016жылдың тамыз – қыркүйек айларында жас мұғалімдерге тәлімгерлертағайындалып отырды.«Жас маман» мектебінің жетекшісі болып Хасенова Т.Е. тағайындалды. Оқу-әдістемелік жетекшісі Евцихевич И.М.
іс-шараларының жоспарын құрып, міндеттерін жүктеді.
Жас мұғалімдер, тәлімгерлер бірге отырып, жұмыс жоспарын құрып, бекітті.Қазан айында тәлімгерлер іс жүзінде,жас мұғалімдерге сабақ жоспарлауға әдістемелік көмек көрсетті.Қараша және қаңтар айларында жас мүғалімдер арасында семинарлар болды.
Тақырыптары «Сабақтың түрі», «Сабақ мазмұны».Жас мұғалімдер апталығы 2016 жылдың 1-6
ақпан аралығында өтті. Бұл апталықтың өтілу мақсаты жас мұғалімдердің сабақ беру методикасын,
мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын,мұғалімнің шеберлігін, оның өзін ұстауын анықтап,
оларға бағыт-бағдар беру. Апта арасында барлық жас мұғалімдер сабақтарын өткізіп көрсетті. «Жас мамандар» сайысы өткізіліп,онда мұғалімдер өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Наурыз айында жас мұғалімдердің іс-қағаздарының жүргізілуі тексерілді. Мамыр айында «Жас мамандар» мектебі отырысында жас мамандар жұмысы қорытыланды.
Аттестация –педагогикалық біліктіліктің бір бөлігі. Ол мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, шығармашылық белсенділігін арттырып, педагогикалық еңбектің жиынтығын көрсетеді. 2016-2017 оқу жылында аттестациядан өту мақсатымен төмендегі мұғалімдер өтініш білдірді.
I біліктілік санатын бекіту:
1. Кабдрахманлова Г.М. – Тарих пәні мұғалімі
II біліктілік санатын бекіту:
1.Кинеев А.А.-дене шынықтыру пәні мұғалімі
2.Бейсенбаева А.А.-технология пәні мұғалімі
3.Балабекова Д.К.-математика пәні мұғалімі
II біліктілік санатын растау:
1. Жакупова А.О.– фзика және информатика пәні мұғалімі.
2.Абилова Н.Ж.– биологияя және химия пәні мұғалімі
3.Кенесарина А.М.-орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 2-санатын растамады.
Оқу жылы барысында мектепішілік аттестациялау комиссиясының отырысы болып, үш жылғы жасайтын құжаттары дайындалды. Жыл бойы сараптама тобындағы мұғалімдер аттестациядан өтушілердің пән сабақтарына, сыныптан тыс өткізілген іс-шараларына қатысып, бақылау жұмыстарын алып,
қорытынды жасап отырды. Наурыз айында бұл мұғалімдердің іс-тәжірибелері шығармашылық есепте жинақталды. Соңғы 20 наурыз 2017 жылғы отырыста бұл мұғалімдердің біліктілік мінездемелері мен есептері тыңдалды.
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін Көкшетау қаласынан бірнеше мұғалімдер біліктілігін
арттыру курстарынан өтті. 2016-2017 оқу жылында біліктілік арттыру курсынан 9 мұғалім: Ғ.Қ.Исаев И.М.Евцихевич, Т.Е.Хасенова,А.Х.Утешова, К.А.Мандибекова, А.Д.Исаева, А.М.Койлыбаева,
А.Т.Шоқанова, Г.М.Кабдрахманова, Б.К.Балтабаева. А.Д.Исаева Көкшетау қаласында болған 3-деңгейлік курсқа қатынасып,сертификат иесі болды.Енді мұғалім сабақтарын жаңа бағытта өткізетін болады.
Жыл басынан бері тарих пәні мұғалімі Кабдрахманова Г.М. мұғалімдермен тренинг өткізуде.Тренингте
жаңа технологиялардың әдістері кеңінен қолданылады.Жыл соңында барлық мұғалімдер сертификатқа ие болды.
Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады. Біздің мектебімізде дарынды балаларменжұмыс міндеттері төмендегідей:
-оқушының тұлғалық және танымдық қабілетін дамыту;
-оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастыру,
білімдерін жетекшілер көмек беру арқылы жетілдіру;
-пәнаралық сабақтастық арқылы басты мәселеге назар аудару;
-сабақтан тыс қоғамдық жұмыстардың маңызын арттыру;
-аудандық сайыстар мен олимпиадаларға белсенді қатыстыру.
2016-2017 оқу жылының тамыз-қыркүйек айларында дарынды оқушылармен технологиялық тест арқылы білім деңгейлері анықталды. 5-11 сыныптардан мектеп психологы Ә.Шәмет психологиялық тесттер алса, Е.А.Беляева бастауыш сыныптардан тест алды.Осы тесттер нәтижесінде мектептегі дарынды оқушылар анықталды. Дарынды оқушылардың білім, білік дағдыларын арттыру мақсатында жекеленген жоспарлар жасалып, бекітілді. Жоспарға сай әр ай сайын дарынды оқушылар мен пән мұғалімдері жұмыс жүргізді.Дарынды оқушыларға ғылыми жетекшілер бекітілді.
Осы жұмыстардың нәтижесінде бірнеше оқушылар аудандық сайыстар мен олимипадаға белсенді қатынасып,жүлделі орындарға иеленді.Мектебіміздің 3 оқушысы аудандық ғылыми жұмыстар сайысына
қатынасып,облыстық байқауға жолдама алды.
Біздің мектебіміздегі оқушылар үнемі әр түрлі интеллектуалдық марафондарға қатысып отырады.
Интеллектуалдық ойындар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамытып,байытады.
2016 жылдың 25 қазанында 3-10 сынып оқушылары арасында өткен «Ақбота» интеллектуалдық марафонға 26 оқушы қатысты. 7 оқушы бірнше дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар биыл 11-сынып оқушылары жаңа форматтағы аттестация тапсыратын болады.Барлық
мұғалімдерге емтихандардың қандай бағытта болатыны туралы таныстырылды.Наурыз айынан бастап
консультация кестелері жасалып,оқушылар дайындалуда.Бір оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге
баруға дайындалуда.
Жоғарыда айтылғандар негізінде мектеп педагогтар ұжымы алдына келесі
2017-2018 оқу жылында мынандай міндеттер қойып отыр:
1. Оқу және әдістемелік жұмысты жетілдіруге
бағытталған ғылыми-әдістемелік дайындамалар ұйымдастыру және қолданысқа енгізу,
оқу процесін басқаруға еңбекті ғылыми ұйымдастыруды енгізу;
2. Оқу процесін оқу-әдістемелік, нормативтік,
ақпараттық және ұйымдастырушылық-консультативтік қамтамасыз ету;
3. Оқу процесіне инновациялық білім беру
технологиялары мен оқытудың перспективті формаларын енгізу;
4. Педагогтардың жаңа педагогикалық технологияларды
игеруі, табысқа қол жеткізу мотивациясын модельдеу бойынша әдістемелік деңгейін
жетілдіру;
5. Жоғары интеллектуалдық қабілетке ие балалармен
жұмыс жүйесін енгізу;
6. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені
талдап-қорыту және тарату жұмыстарын әрі қарай жалғастыру;
7. Педагогтар ұжымын дамыту мониторингін жетілдіру;
8. Мұғалім жұмысына көмек көрсету мақсатындағы
қажетті ақпараттық материалдармен әдістемелік кабинетті толықтыру.
9. Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру арқылы ғылыми-зерттеу жұмысына тарту;
10. Педагогтардың кәсіби шеберлігі конкурстарын ұйымдастыру.
Әдістемелік кеңестің жетекшісі: Т.Е.Хасенова