"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10.02.2018

Сабақ № 32                                   География 9 «А»                                    Күні: 7.02.18

Тақырып: Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы 

Сабақ түрі: Жаңа материалды игеру .

Сабақ формасы: топтық жұмыс 

Әдіс-тәсілдер: тақырыптық карталар слайд, оқулық, кескін карта. 

Педагогикалық технология түрі: «Әділетсіздік бағаналары» әдісі, СТО, проблемалық- зерттеу. 

Құралдар: Қазақстанның саяси картасы, 9 сынып атласы, кескін карта, тест тапсырмалар 

Мақсаты: Орталық Қазақстанның шаруашылығымен танысу;

1. Орталық Қазақстан шаруашылығын зерттей отырып, проблемалық жағдайларын айқындау; 

2. Оқушыларды аудан туралы өз бетінше қорытынды жасай білуін дамыту;

3. Шығармашылық талдау, өз ойын толық жеткізе алуға дағдыландыру, уақытты үнемдеу және қорытынды жасай алуға үйрету.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта психологиялық ахуал орнату. «Шаттық шеңберін» құрып оқушылар өз есімдеріне түсінік бере отырып бір-біріне бүгінгі сабақта сәттілік тілейді.

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бәріміз, кәнекей шеңбер жасап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, жымиып, айналамызға күні бойы жақсы көңіл-күй сыйлайық. 

Оқушыларды 2 топқа бөлеміз: 

1. Қарағанды

2. Теміртау

II. Оқушылардың білімін тексеру. Үй тапсырмасы: Сөзжұмбақ құру,тест жасау.

 Қ. Сәтпаев туралы мағлұмат әкелу.

 «Миға шабуыл» оқушылардың жадын қозғалтып, сабаққа дайындау.

Мұғалім Қазақстан бойынша сандар жазылған карточкаларды картада көрсетеді. 

1. Ең ірі көмір алабы қай облыста орналасқан? (Қарағанды) 

2. Қазақстандағы ең маңызды транспорт түрі? (теміржол) 

3. Қазақстан экономикалық ауданы нешеге бөлінеді? (5) 

4. Аумағы жөнінен ең үлкен экономикалық аудан? (Орталық Қазақстан) 

5. Орталық Қазақстандағы дамыған жетекші салалар? ( мыс өндіру, көмір өндіру, асбест-цемент өндіріс, кокс өндіру, балық шаруашылығы, мал шаруашылығы ( еділбай қойы) және т.б. 

III. Жаңа материалмен жұмыс 

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі 

А) өнеркәсіп орындарының территориялық және экономикалық аудандастырылуы 

Б) Орталық Қазақстанның шаруашылығына қысқаша сипаттама 

2. Топпен жұмыс (әрбір топ проблемалық тапсырмалар беріледі) 

1 тапсырма. Оқушылар оқулық, оқулық кестелері, интернет көздері және атлас бойынша төмендегідей проблемалық

тапсырмаларды орындайды: 

1 топ: Қазақстанның экономикасында жетекші орын алатын Орталық Қазақстан өнеркәсіп тораптарын атаңдар? 

2 топ: Орталық Қазақстан ауылшаруашылығының даму жағдайы қандай екенін анықтаңдар? 

Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша жауаптарын постермен береді. 

2 тапсырма. «Әділетсіздік бағаналары» әдісі 

2- топ мүшелеріне ортақ проблемалық тапсырма беріледі: 

1. Орталық Қазақстанды - аграрлы аймақ деп неге атай аламыз ба? бойынша нақты 10 аргументті табыңдар. (сурет-1,мәтін бойынша) 

Топ оқушыларының қорытындысы. Қай топ көп аргумент тапса, сол топ жеңіске жетеді. 

Сергіту сәті (2 мин):

   Ғарыш кеңістігіне кімнің сапар шеккісі келеді?

 - Олай болса ғарыш кемесіне мінейік.


- Барлығымызға сәт-сапар тілейік. Жерді ғарыштан тамашалағанға не жетсін.       

    Біздің ғаламшар басқа ғаламшардан әдемі.

- Жердің басым бөлігі қандай түспен берілген?

  - Дұрыс, көк түспен. Жерге қайта оралатын уақыт келді.

IV. Жаңа материалды қорытындылау. Кескін картамен жұмыс

 1. Оқушылар жеке кескін карталармен жұмыс жасайды. 

- кескін картаға мына бассейндерді түсіріңдер: 

А) Қарағанды (көмір) Б) Атасу (темір кені) С) Жезді, Жәйрем (марганец) Д) Жезқазған, Қоңырат, Саяқ, (мыс) Е) Жәйрем (полиметаллдар) 
3. Тест тапсырмаларын жеке орындау (оқушылар жеке тест сұрақтарына жауап береді және бір-бірін тексереді) 
Тақырып бойынша тест: Орталық Қазақстан. 
1. Орталық Қазақстанмен қандай облыс шектеспейді? 
а) Ақмола; б)Батыс Қазақстан; в) Шығыс Қазақстан; г) Алматы; д) Павлодар. 
2. Орталық Қазақстан ауданы бойынша нешінші орында ? 
а) 1 б) 2 в) 3 г) 4 д) 5 
3. Орталық Қазақстан халқының тығыздығы? 
а) 1 км шаршы -3 адам б) 1 км шаршы -3,1 адам в) 1 км шаршы -5,5 адам г) 1 км шаршы -6 адам д) 1 км шаршы -6,5 адам. 
4. Орталық Қазақстанның қай бөлігінде халық көп қоныстанған? 
а) солтүстік б) оңтүстік в) батыс г) шығыс д)орталық 
5. Орталық Қазақстанда қандай пайдалы қазба кездеспейді? 
а) темір кені мен құрылыс материалы б) мұнай мен газ в) мыс пен марганец 
г) сурьма мен вольфрам д) көмір мен полиметалл. 
6. Ешкіөлмес- бұл ....... 
а) көмір б) мұнай в) темір кені г) мыс д) асбест. 
7. Жезды – бұл..... 
а) көмір б) мұнай в) темір кені г) мыс д) вольфрам. 
8. Қоңырат пен Саяқ – бұл .... 
а) көмір б) мұнай в) темір кені г) мыс д) кадьмий. 
9. Орталық Қазақстандағы шаруашылықтың дамуына қандай ресурс жетіспейді? 
а) минералды; б) жер в) су г) рекреациялық д) отын-энергетикалық. 
10. Орталық Қазақстанның урбандалу деңгейі ? 
а) 58%; б) 86%; в) 68%; г) 74%; д) 61%; 

4 «Артығын тап» ойыны 

• Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе 

• Марганец, көмір, хром 

• Балқаш, Орал, Нұра 

• Қоңырат, Доссор, Саяқ 

• Бұқтырма суқоймасы, Самарқан суқоймасы, Жезды суқоймасы 

• Қара металлургия, түсті металлургия, түйе шаруашылығы 

5.Сәйкестік тесті

1.Облыстарды өз орталықтарымен біріктіріп жаз

А.Жамбыл                                    

А. Орал

B.Алматы            

 В.Қарағанды

C. Батыс Қазақстан                      

С. Талдықорған

D. Шығыс Қазақстан                    

D. Өскемен

E. Қарағанды                                 

Е. Тараз

2. Экономикалық аудандардың көлемі бойынша алатын орнын көрсетіңіз

А. Батыс Қазақстан                      

А. III

В. Солтүстік Қазақстан                

В. II

С. Шығыс Қазақстан                    

С. IV

D. Орталық Қазақстан                  

D. I

Е. Оңтүстік Қазақстан                  

Е. V

3.Экономикалық аудандарды аудандарда орналасқан қорықтарымен біріктіріп жаз

 А. Батыс Қазақстан                      

А. Ақсу Жабағылы

В. Солтүстік Қазақстан                

В. Үстірт

С. Шығыс Қазақстан                    

С.Марқакөл

D. Орталық Қазақстан                  

D. Наурызым

Е.Оңтүстік Қазақстан                  

Е. Қарқаралы ұлттық саябағы

4.Экономикалық аудандарды маманданған саласын көрсетіңіз

А. Батыс Қазақстан                      

А. қара металлургия

В. Солтүстік Қазақстан                

В. АӨК, темір кені, қоңыр көмір

С. Шығыс Қазақстан                    

С.  мұнай-газ

D. Орталық Қазақстан                  

D. АӨК, түсті металлургия, химия

Е. Оңтүстік Қазақстан                  

Е. энергияны көп қажет ететін түсті  металлургия

5. Аудандарды ерекшеліктеріне қарай біріктіріп жаз

А. Батыс Қазақстан                      

А. Қазақтың ұсақ шоқысын түгелдей қамтиды

В. Солтүстік Қазақстан 

 В. Орманның 40 %-ы осы ауданда

С. Шығыс Қазақстан                    

С. Халқының басым бөлігі - қазақтар

D. Орталық Қазақстан                  

D. жауын-шашын мол түседі

Е .Оңтүстік Қазақстан                  

Е. халқы ең тығыз орналасқан

 6. Адасқан объектілер

Ақтөбе пластмасса зауыты

Шымкент  синтетикалық каучук зауыты

Ақтау ферроқорытпа зауыты

Теміртау  полиэтилен зауыты

Атырау цемент зауыты

Ой толғаныс. Синквейн. «Шаруашылық»

V. Рефлексия: 

«жүректен –жүрекке» кері байланыс орнату 

VI. Үй тапсырмасы: 

§21. 109 бет. 

Екі тақырып бойынша хабарлама дайындап келу ( таңдау бойынша) 

1. Орталық Қазақстандағы су жүйесінің проблемасы 

2. Орталық Қазақстан- пайдалы қазба кен орталығының сыр сандығы. 

VII. Қорытынды 

Бағалау

Просмотров: 852


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст