«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»
(бейне көрініс). Арайлым Д.: - Наурыз құтты болсын!
Елхан: -Ежелгі күн мейрамы
Наурыз құттты болсын!
Ұлболсын: - Жыл басы - ұлыс тойы
Құтты болсын! Құт береке
Мейрамы Наурыз жасасын!
Елхан: Апай, Ұлболсын, бір- бірімізді құттықтап жатырмыз, ал көрермендер ше?
Арайлым Д.:Елхан, Ұлболсын неге тұрмыз сахнаға шығайық, балаларды, мұғалімдерді, ел - жұртымыздщы құттықтап, мерекелік іс -шарамызбен бір көңілдерін көтерейік.
Ұлболсын: Ал ендеше мен бастайын: Уа, халайық, халайық! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз
мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз мейрамына шақырамыз! Келіңіздер!
Елхан. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Наурыз тойы басталды.
Береке де осында!
Мереке де осында.
Батыр Мәншүк ауылында
Көргендер де арманда
Көрмеген де арманда
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Мерекемізді ашатын
Қыздар биін қарсы алыңыздар!
Би: «Адай»
Ұлболсын:
Играй, баян, звени, домбра:
Желаю счастья и добра,
Здоровья и терпения,
Отличного настроения,
Чтобы мечты у всех сбылись —
Здравствуй, праздник Наурыз!
Елхан:
Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ)
Арайлым Д.: С ярким солнцем и долгожданным теплом на нашу землю пришел праздник Наурыз мейрамы Весенний день «Ұлыстың ұлы күні» символизирует очищение от всего плохого в мыслях, делах и поступках по отношению к нашей семье, школе, городу и в целом к Родине.Слово Наурыз с персидского означает «нау — новый», «рыз» — день. Наурыз празднуют несколько дней. Это – праздник природы, после долгой зимы, люди радовались, что благополучно дожили до весны и заходили друг к другу, очищали двор от мусора, убирались в доме. 22 марта, в день весеннего равноденствия, готовили наурыз-коже, всевозможные сладости, заходили друг к другу в гости.
Арайлым Д: Тұрсынбек Кәусардың орындауында «Тек алға!» әні
Елхан:
Амал күні қазағым көріседі,
Көрісу, бұл – көненің желісі еді.
«Жасың құтты болсын!» деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал қол беріседі.
Ұлболсын: Көріседі – «Көңілдер жібісін» деп,
Көріседі – «Тасысын ырысың!» деп.
Көріседі – «Көк мұз да жылысын» деп,
Көріседі – «Оң болсын Ұлысың!» деп.
Көріседі – қайғы-мұң кетіруге,
Көріседі – қайтадан жетілуге.
Алты ай қыстан арыған жанын демеп,
Көріседі – бел буып, бекінуге.
Арайлым Д.: Наурыз тойын бірнеше күн тойлаған. Наурыз айы келгенде, қыстан аман шықтық деп, көрші-қолаңмен, туған-туыспен көрісіп, «Көрісу» немесе «Амал» дәстүрін жасаған. Кішілер үлкендерге сәлем беріп, көрісіп қайтқан. Бұл дәстүр Ресейдегі қазақтарда және батыс өңірінде саққталған. Соңғы жылдары бұл дстүрді жаңғыртып келеміз. Тамашалап көрейік.
Елхан:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.- дей келе, 3 «А» сыныбының орындауында «Жаса, Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!
Ойын: «Сиқырлы таяқ»
Ұлболсын: Қараңдар, балалар, анау келе жатқан Қыдыр ата емес пе?
Елхан: Иә дұрыс айтасың, Айзада, Қызыр ата ғой
келе жатқан.
-Ассалаумағалейкум,Ата! Наурыз тойы құтты болсын! Қош келдіңіз!
Қызыр ата: Уағалейкумассалам, балалар, ағайын! Бүгінгі күн мен түні, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін! Жер - ананы мекен еткен барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы – Әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін! Жыл 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылылыққа шомылған, қыз - бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шаттыққа бөлесін!
(Осы кезде Тазша бала мен Алдар көсе ортаға шығады)
Тазша бала: Ассалаумағалейкум, Қызыр ата!
Қызыр ата: Уағаликумассалам, Алдар көсе, Тазша балам, екеулерің бастарың қосылып қалыпты ғой. Жақсылыққа болғай.
Алдар көсе: Қызыр ата, біз жай қыдырып жүрген жоқпыз, ұлттық дәстүр, ән - жырды еске түсіріп, жастарға таныстырып жүрміз.
Менің бір әнімді тыңдап көріңіз
Мен Алдармын, алдармын,
Сайтанды да алдаймын.
Уа, жараңдар, жараңдар,
Ана жаққа қараңдар.
Той қазанын көтерген,
Бұл не қылған адамдар?
Бұл кім десем батыр,
Шығайбай ғой, апыр - ау!
Меңсұлу қызы қасында
Шықбермес қой расында.
Алдар көсе: (шапанымен қазанды жауып жатқан Шығайбайдың қасына келіп)
Не істеп отырсың, байеке?
Жұмыртқа басқан тауықтай.
Қазанға жапқан шапаның
Отқа жанса қауіп қой.
Шығайбай: Қазан жоқ бұл жерде....
Алдар көсе: Қуын қара байекеңнің, Наурыз тойында қазанын қорғамақ!
(Сол кезде дабыл қағылады)
Алдар көсе: Аттан! Аттаныңдар!
Байеке, бол, тез аттан,
Қасқыр шапты қойыңа!
Шығайбай: Ойпырмай, бұл қалай!
(Алқына жүгіріп шығып кетеді)
Алдар көсе: Бай асығыс кетті ғой қасқыр қуып,
Алыңдар тамақ суып қалмасын.
Қызыр ата, байқаған шығарсыз өнерімді.
Қызыр ата: Алдарым - ай, мына тұрған мені де алдап кететін түрің бар - ау!
Тазша балам, сен қандай өнер көрсетесің?
Тазша бала: Менің қолымнан келмейтін іс жоқ. Мереке күні қонақтарды билетіп, ойнатып күлдіріп жіберемін.
Қызыр ата: Жарайсың, Тазша бала, ойыныңды ойната ғой.
Тазша бала: Наурыз той болғаннан кейін, бір арқан тартысып күші сынассақ қайтеді а, Алдар!
Алдар көсе: Дұрыс айтасың.
Тазша бала: Қазір ортаға 5 адам, ер мұғалімдер немесе қонаққа келген әкелерімізді шақырғым келеді.
Келесі жаққа өзімнің құрдастарым шықсын деймін.
Ал қане, бастайық!
Тазша бала: Бәрекелді! Қатысқандарыңыз үшін рахмет! Ал жеңімпаздарымызды қалай марапаттасам екен. А?
Аааа, былай істейік. Жеңілген топ, қазір жеңімпаздарға қара жорға биін қойып берсін иә? Келісесіңдер ме жеңімпаздар?/Қара жорға қойылады/
Қыдыр ата: Мен бата берейін, кетейік сосын, Алдар, Тазша бала.
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Арайлым Д.:
Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
Ұлболсын:
Наурыз - жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл - Наурыз айының 22 - ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй - үйді, ауыл - ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен - кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.
Мадина: Әже, не істегелі жатсыз?
Әже (Бақыт Серікқызы): Балам - ау, алас - алас бәле жаладан сақтасын! Жаңа жыл басталғалы жатыр, Наурыз келді, жамандықтан елімізді сақтасын деп аластап жатырмын.
Әжелер адыраспанмен аластайды.
Әже:
Алас, алас, көзі жаманның көзінен алас,
Алас, алас, тілі жаманның тілінен алас.
О, құдайым, зарыға күткен жаңа жылым келді.
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке!
Менің ұрпақтарымды аман ет!
Пәле жаладан сақтай гөр!
Жамандық әрі кет, әрі кет!
Балам, Наурыз деген – ерекше күн, бұл күні айналаны да, ішіңді де тазартатын күн. Баяғыда осы күні ешқашан жібімеген Самарқанның көк тасы да жібіген деседі. Сондықтан, бұл күні араз болып жүрген адамдар бір-бірімен татуласып, кешірім сұрап, қасында жүргеніне ризашылығын білдіру керек.
Арайлым Д.: В этот день люди просили прощения, если кого-то обидели, прощали и мирились с теми, с кем были в ссоре. Обязательно обнимались. Так давайте, сейчас обнимем друг друга, простим отпустим все обиды, оставим их в прошлом году.
3 - жүргізуші.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!- дей келе, «Балбырауын» күйін қарсы алыңыздар.
Елхан:
Қауышып қайта оралған Наурызға,
Ерніміз әрең тиді сары уызға.
Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,
Ағарып бара жатқан қанымызға.
Ұлболсын:
Наурыз, Навруз, Новруз Байрам –
Он обновленье дарит нам!
Такой волшебный день весны
Отметить радостно должны!
Гулянья нынче – как закон!
И сбор родни всей за столом,
И много превосходных блюд –
Традиционный смысл несут!
Так много этот день дает:
Он дарит новый, лучший год!
Весенний, радостный настрой
Приносит нам Навруз с собой!
Елхан: Ұлттық ойын. «Қол күресі». Ортаға жасы, бойы бірдей балалар шықсын.
Арайлым Д.: қазақтың салт-дәстүрлері өте көп. Наурыз тойында үлкендер жол жүріп, алыстағы туған-туыстарына барған. Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасайды. “Қызға қырық үйден тыйым” деген берік қағиданы ұстанған қазақ қыздары, әдетте, мұндай басқосуға жеңгелерімен немесе іні-қарындастарымен бірге келетін болған. Кейде жиын қызықты өтуі үшін сал-сері бозбалалар да шақырылған. Бастаңғыға жиналған қыздар үйлерінен құрт-май, қант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастарқан жайған. Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар. Алғашқысы баласының үйде отырып томаға-тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу; қонақ күте білуге баулу. Енді бірі — қызды қазан-аяқ ұстауға, дастарқан жасай білуге, т.б. үйрету. Сондықтан Бастаңғыны көбіне қызы бойжете бастаған үйлер жасаған. Бірақ Бастаңғы рұқсатсыз, бақылаусыз өтпеген. Өйткені, “шешесі қыдырмашы болса, қызы бастаншыл болады” деген сөз бар. Басқосу барысында жастар әзіл-оспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып, әр түрлі өнерлерін ортаға салған.
Ұлболсын:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз - сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!
Елхан:
Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,
Наурызда ажар қандай, арай қандай!
Арайлым Д.: «Алаш! Алаш!» деп айбатын асырған ер қазақ, «Абылайлап» ел шақырған өр қазақ, «Қара қазан, сары баланың қамы үшін» деп ұран салған нар қазақтың тарихта табан тірер бұдыры, тереңге тартқан түбірі, тамыры бар ұлт, шежірелі халық екенімізді білдіретін айғақты мейрамы - наурыз!
Қазақстанымыздың шаңырағы биік, босағасы берік болып, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге айналып отырғаны Елбасымыздың арқасы екені де әрине, баршамызға аян.
Келесі сөзімді мектеп директоры Хасенова Т.Е. береміз.
Құттықтау сөзін ауыл әкімі Исаев Ғ.Қ. береміз.
Ұлболсын:
Шашу, шашу. Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбырдай.
Уа, жамиғат жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл - көсір.
Қашанда құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің,
Уа, халайық теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.
Әжелердің шашуы
Ұлболсын. Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Елхан. Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын!
Арайлым Д.: Қош, сау болыңыздар, халайық,
Көріскенше күн жарық болсын!