Пән мұғалімі: Исаева А.Д.
Пәні: |
қазақ тілі | |
Күні: |
14.03.18 | |
Сыныбы: |
6 «А» сыныбы | |
Сабақтың тақырыбы: |
Қайталау сабақ | |
Сабақтың мақсаты: |
Жеті атаны сабаққа арқау ете отырып үстеу мен еліктеу сөзден өткенді қайталау
| |
Сабақ түрі: |
Сайыс сабақ | |
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, слайдтар, маркерлер, стикерлер, қағаздан жасалған асықтар, үлестірме қағаздар | |
Оқыту әдістері: |
Сұрақ-жауап, Шаттық шеңбері, сергіту жаттығуы, ой қозғау, топтастыру, «Бағдаршам» тәсілі
| |
|
Сабақтың барысы: |
|
Сабақ кезеңдері: |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі
|
v Оқушылармен сәлемдесу v Түгендеу v Шаттық шеңберіне тұру v Оқушыларды топқа бөлу
|
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Капитандар сайланып екі топқа бөлінеді.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Жеті саны мен жеті ата туралы оқушылардан сұрау. · Ата ауылы. Үй тапсырмасын сұрау. Әр топ мүшелеріне бір-бірден сөйлем оқылады. 1. Құр,босқа, амалсыздан сөздері себеп-салдар үстеуіне жатады. (иә) 2. Күрделі үстеулер бір түбірден ғана тұрады. (жоқ. Күрделі үстеулер екі не одан да көп түбірдің немесе сөздің бірігіп, тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалады) 3. Мекен үстеуі қашан деген сұраққа жауап береді. (жоқ. Мекен үстеуі қайда? Қайдан? Деген сұрақтарға жауап береді) 4. Үстеудің 8 мағыналық түрі бар. (Иә) 5. Үстеулер сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. (Жоқ. Үстеулер сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады) 6. Онша, анағұрлым, недәуір – мөлшер үстеуі. (Иә) 7. Күшейткіш үстеулер сөйлемде сын есімдермен тіркесіп күрделі анықтауыш болады. (Иә) 8. Қимылдың топталып жасалатынын білдіретін үстеу – күшейткіш үстеу. (Жоқ. Қимылдың топталып жасалатынын білдіретін үстеу- топтау үстеу деп аталады) · Әке ауылы. Сөзжұмбақ. Н А У Р Ы З 1)Мөлшер үстеуінің сұрағы? 2) Қалай? Не мақсатпен? Деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің мағыналық түрі? 3)Жұрнақ арқылы жасалатын үстеуді қандай үстеу дейміз? 4) «Ендігәрі» құрамына қарай қандай үстеу? 5) Етіс түрі 6) «Ертең» мағынасына қарай қандай үстеу? · Бала ауылы. Бәйге ойыны 1) «Баяғы жартас-бір жартас, Қаңқ етер, түкті байқамас. Сөйлем ішінен еліктеу сөзді тауып, оның қай түріне жататынын айту 2) Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. Өлең жолдарынан еліктеу сөзді тап 3)Жаздүгіндей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған. Сөйлемнен үстеуді тауып, мағыналық түрін ажырат. 4)Көк Сарайдың сыртындағы қызыл қыштан қаланған, төрт-ақ мұнаралы шағын қорғанның іші жыпырлаған атты жасауыл. Сөйлемнен үстеуді тап 5) Шықпайды үйден, Тоны жібектен. Күндіз ұйықтайды, Түнде дамыл таппайды. Аңға барады, Сол аңды үйден табады.(Мысық, кошка, cat) 6) Орманда туып, жетілемін, Талдан талға секіремін. Айуан боп өскеніммен, Тамақ жеймін қос қолыммен. Әттең үйде туғамағанмын, Әйтпесе ғой құдды адаммын. (Маймыл, обезьяна, monkey) · Немере ауылы Ø Сергіту сәті Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір. Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір Теп допты оң аяқ Теп допты сол аяқ Жаттығу оңай –ақ «А» дегенде отырамыз «Б» дегенде тұрамыз «А»-«Б», «А»-« · Шөбере ауылы. 1)Сұрақтар қоржыны. 1)Үстеулер құрамына қарай қалай бөлінеді? 2)Мезгіл үстеуінің сұрақтары қандай? 3)Үстеудің мағыналық түрлерін ата. 4)Қайда? Қайдан? деген сұрақтарға үстеудің қай түрі жауап береді? 5)Қимыл-сын үстеуіне мысал келтір. 6)Қимылдың мөлшерін, шама-шарқын білдіретін үстеу қалай аталады? 7)Көбінесе сын есіммен тіркесіп, сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болатын үстеуді ата. 8) Әдейі, қасақана, жорта сөздері қай үстеуге жатады? 2) Үстеу мен еліктеу сөз қатысқан 7 сөйлем жаз
· Шөпшек ауылы. Мәтіннен үстеулерді тіркескен сөздерімен бірге теріп жаз. Мәтін: Аяғында ауылдан әбден ұзап шықты. Көксерек өзгелерді жіберіп, өзі бір күшік қасқырмен бөліне, оң жақ бүйірге қарай тартты. Әлі де түйе бақырады, Көксерек түйенің артына түсті. Бірақ әлі онша жақындаған жоқ. Түйе енді ақырын жүре бастады. Кейде тоқтап, алды-артына қарайды, әрлі-берлі бұрылып қозғалақтайды. Көксерек ағындай шауып, түйенің жанына жақындай, қиыс өте берді. Сол кезде түйе үстінен бір нәрсе гүрс ете түсті. · Немене ауылы. Тест жұмысы. 1. Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз. А) жолжөнекей. В) ала-жаздай С) тасыр-тұсыр Д) ендігәрі Е) быйыл 2. Үстеу дегеніміз не? А) Іс-әрекет, қимылды білдіреді. В) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді. С) Заттың сапасын, көлемін білдіреді. Д) Қимылдың мезгілін, себебін, мақсатын білдіреді. Е) Сөз бен сөзді байланыстырады. 3. Күрделі үстеуді көрсетіңіз. А) Бүгін келдім. В) Кеше бардам. С) Әрең көтердім. Д) Балаша сайрады. Е) Шикілей әкелді. 4. Туынды үстеуді көрсетіңіз. А) Әдейі бардым. В) Ертең келеді. С) Әрең жүрді. Д) Жылдамырақ жүр. Е) Талай жүрген жерім. 5. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз. А) Бүрсігүні аттанды. В) Ілгері жүрді. С) Қаннен-қаперсіз ұйықтады. Д) Қыруар жұмыс істедік. Е) Өте үлкен екен. 6. Мөлшер үстеудің сұрағын көрсетіңіз. А) қашаннан? В) қаншама? С) қайдан? Д) кімше? Е) қандай? 7. Мекен үстеуді көрсетіңіз. А) Алға қадам басты. В) Әрең-әрең бара жатты. С) Қасақана істеген. Д) Амалсыздан үйіне жүрді. Е) Қолма-қол тапсырды. 8. Мақсат үстеуді табыңыз. А) әлгінде, емін-еркін В) орасан, әжептәуір С) жорта, әдейі Д) тысқары, мұнда Е) амалсыздан, бекерге 9. Үстеу сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр « Үйге қайтатын күнім ертең.» А) пысықтауыш В) баяндауыш С) бастауыш Д) анықтауыш Е) толықтауыш 10. «Тым, ең, кілең» үстеулері мағына жағынан қай үстеу түріне жатады? А) мекен үстеуі В) мезгіл үстеуі С) күшейткіш үстеуі Д) мақсат үстеуі Е) себеп-салдар үстеуі |
Оқушылар жеті атаны атап береді.
Оқушылар мұқият тыңдап, «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар қайтарады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Жұмбақтардың шешімін үш тілде айтады.
Ұяшықты таңдай отырып, тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәтін мұғаліммен бірге жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Сөйлемдер құрайды. Дәптерлеріне жазады. Мәтіннен үстеулерді тауып дәптерлеріне жазады.
Параққа тест жұмысын орындайды.
|
Үй тапсырмасы:
|
Өткенді қайталау |
|
Бағалау:
|
Оқушылардың білім деңгейлеріне қарай бағалары қойылады. |
|
Рефлексия:
|
Бағдаршам тәсілі |
Оқушылар өз деңгейлеріне байланысты түсті көрсетеді. |