"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.05.2018

Пән аты: Қазақ тілі     

Сынып:  4 «Б»

Күні: 6.04.18

Сабақтың тақырыбы: Айлар

Сабақтың мақсаты:  Ай аттарымен және олардың орналасу тәртібімен таныстыру арқылы оқушылардың  сөздік қорын, ауызша, жазбаша сауаттылықтарын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: Жаңа сөздерді меңгерту, жуан, жіңішке  дыбыстарды ажырата білуге,  тіл үйренуге қызығушылығын арттыру.

Тұлғалық:  Айлар  туралы түсініктерін молайту, шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сөздік жұмыс,  сұрақ-жауап, түсіндіру, «Екі дұрыс, бір бұрыс», «Сәлемдеме жіберіңіз».

Сабақтың көрнекілігі: слайд, тақырыптық суреттер.

Сабақтың барысы:            

I. Ұйымдастыру кезеңі:

II.Үй тапсырмасын тексеру: қайталау

ІІІ. Жаңа сабақ:  Айлар

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Бір – бірлерімен амандасып, жақсы қасиеттерін айтады.

- Сәлем, Виктория, сен сүйкімдісің.

- Сәлем, Елизавета, сен қайырымдысың.

- Сәлем, Октябрина, сен ақылдысың.

- Сәлем, Карина, сен мейірімдісің.

Топқа бөлу. Сағат пен күннің суреттері арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар  сағат  және күн  суреттері бойынша отырады. Тақтадағы ай аттарын көрсетеді.

 Сөздік жұмыс

Күз айлары – осенние месяцы

жаз айлары – летние месяцы

қыс айлары – зимние месяцы

көктем айлары – весенние месяцы

1 – тапсырма. «Кім жылдам» ойыны. Бүгін нешесі? деген сұраққа жауап береді. Үлестірмелі парақшалардағы сандар арқылы берілген күндерді  жазбаша жазады.

22, 6, 10                   

наурыз

9, 14, 11

мамыр

27, 8, 5

қараша

17, 4, 18

қыркүйек

25, 3, 15

қазан

31, 24, 13

желтоқсан

12, 2, 20

қаңтар

28, 21, 19

ақпан

13, 23, 1

маусым

19, 9, 16

шілде

26, 24, 7

тамыз

15, 12, 30

сәуір

2 – тапсырма.  Мәтінді  оқып, аударады.  Мәтіндегі айлар   туралы  мәлімет береді.

Жеке жұмыс: әр оқушы мәтінді жеке оқып шығады.

Топтық жұмыс: жоба қорғайды.  І топ. Күз мезгілі туралы   жазады.

ІІ топ. Көктем мезгілі туралы  жазады. 

Критерий: 

1. Аудиторияда  өзін – өзі ұстай  білу.

2. Жұмыстың көркемдігі.

3. Сөз саптауы.

Сергіту сәті

Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

3 - тапсырма.  Жұптық 

жұмыс.  «Екі дұрыс, бір бұрыс»

әдісі. Мәтін бойынша екі дұрыс, бір бұрыс жауабы бар тест беріледі. Оқушылар

шапшаңдықпен, алғырлықпен орындайды.

4 - тапсырма.  «Кім тапқыр?».  Оқушылар  гүлдердегі  берілген сөздерді орындайды. Сөздерді буынға бөліп тақтаға жазады, жіңішке, жуан буындарды

атайды,  қанша буыннан тұратынын айтады.

IV. Жаңа сабақты бекіту.  «Сәлемдеме жіберіңіз»  әдісі.

Оқушылар әуен ойнап жатқан кезде, сандықшаны   сынып ішінде бір – біріне береді. Оқушылар  сұраққа жауап беріп, одан кейін сандықшаны  әрі қарай беріп, жалғастыруы керек.

Рефлексия. «Алма ағашы». Жасыл алма – мен бәрін түсіндім, көңіл – күйім тамаша. Сары алма – мен көп нәрсені түсіндім, көңіл – күйім жақсы. Қызыл алма – мен түсінбедім, көңіл-күйім жоқ. Алма ағашындағы сөздерге стикерлерін  жапсырады.

V. Үйге тапсырма:  135 бет, 4-тапсырма.

VІ. Бағалау: Оқушыларға әр тапсырманы орындау барысында жұлдызшалар беріледі.  Оқушылар  жұлдызшалар  арқылы  бағаланады.

  

Просмотров: 580

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст